Рефлекстік доға
Презентация қосу
Жүйке жүйесі. Жалпы
сипаттамасы. Жүйке
жүйесінің құрылысы, маңызы
Орындаған: Әбен Нурзия
Тобы: К102-16
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар
организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін
реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін
морфологияның бөлімін гр.
neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке
жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке
жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс
жүзіне асады.
Жалпы сипаттамасы
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі
органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және
организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз
қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен
глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы
тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды,
өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның
негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін
өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі
филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Жүйке жүйесінің құрылысы,
маңызы
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі.
Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке
жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден
тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде
цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның
дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді.
Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар
шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның
тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ
қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр
зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана
тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар,
сигнал) дендриттер арқылы келеді
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға
өткізеді;
қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі
мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке
жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам
денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен
байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен
(аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа
өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл
жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен
дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке
жүйесіне және одан мүшелерге беріледі
Жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен
бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын
сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің
қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді
жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы
күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы
жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы
ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің
әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус
және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану;
денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-
құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
Рефлекс
Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және
ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның
жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін
жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:
жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын,
қабылдаушы);
сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
қозғалтқыш нейрондар;
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).
Рефлекстік доға
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар
(жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық,
қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш
нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу
орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш
нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі.
Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса
ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі
зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz