Физикалық құбылыс Химиялық құбылыс



Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресустары
Тобы:К102-16 Әбен Нурзия
Қабылдаған:Исалиева Нұрбағила

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Заттар ұғымын түсіну
2. 2 Заттар және олардың қасиетін ұғыну
2. 3 Физикалық және химиялық қасиеттерін айырмашылықтары
3 Табиғат ресустары
3. 1 Табиғат ресустарының жіктелуі
3. 2Табиғат ресурстары және олардың түрлері
3. 3Табиғат ресурстарының экологиялық жіктемесі
4Қорытынды

Кіріспе
Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензин құйғанда) . Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер - бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады.
Ағаштан орындық үстел, төсек, т. б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электрөткізгіштктері, ерігіштіктері жатады. Мысалы, шыныдан, пластмассадан жасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз. Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады. Ал енді осы шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай езгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық құбылысқа жатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі.

Физикалық құбылыс
Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды.
Химиялық құбылыс
Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады


Табиғат ресустары дегеніміз
Адамзат өмірінде шаруашылық маңызы үшін қолданылатын табиғаттың бір бөлшегі; топырық, жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар, қолайлы климат жағдайлары, жел күші, т/б


Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары және олардың түрлері
/География /Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары - табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері - Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар - еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер - тұтыну заттары болып табылады. Ресурстардың табиғи шығу тегін, сонымен қатар олардың зор экономикалық мәнін ескере отырып, табиғат ресурстарының келесі жіктеулері зерттеліп әзірленген


Табиғат ресурстарының түрлері - табиғат ресурстарын табиғаттық топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі, ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, жел қуаты және т. б. ) . Өсімдіктер және жануарлар әлемі ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.

Табиғат ресурстарының экологиялық жіктемесі
Табиғат ресурстарының экологиялық жіктемесі ресурстар қорларының сарқылу және жандану белгілеріне негізделген. Сарқылу түсінігі табиғат ресурстары қорларын және олардың шаруашылық қажетіне алынуы мүмкін көлемдерін есептеу кезінде пайдаланылады. Осы белгі бойынша келесі ресурстар бөлек көрсетіледі: сарқылмайтын - қазір немесе болашақта адамның пайдалануы барысында олардың қорларының көзге көрінетіндей жұтаңдауына алып келмейтін ресурстар (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, су, ауа энергиясы) ; сарқылатын жанданбайтын - үздіксіз пайдаланылуы себепті оларды ары қарай пайдалану экономикалық тиімсіз болатын деңгейге дейін жетеді. Оның үстіне, тұтыну мерзіміне сай келмейтін мерзімде олар өздігінен қалыпқа келуге қабілетсіз (мысалы, минералдық ресурстар) ; сарқылатын жанданатын - өздігінен қалыпқа келуге қабілеті бар ресурстар (көбею немесе басқа табиғи кезеңдер арқылы), мысалы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, су; ресурстары. Бұл қосалқы топта өте баяу қарқынмен жанданатын ресурстар (құнарлы жерлер, ағашының сапасы жоғары орман ресурстары) бөлек көрсетіледі.


Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz