Қазақ халық әдебиеті
Презентация қосу
Халық ауыз әдебиеті
Орындаған; Әбен Нүрзия
Қабыдаған;Байымбетова Ж
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері
2.2 Мақал-мәтел түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әр тәрбиешінің алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақты ұлттық рухани біліммен қаруландыру. Халық
педагогикасының бір бөлігі - халық ауыз әдебиеті.
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі.
Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың
өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын- бәрі де балаларды Отанын
сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін
байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы-
мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақтар,
жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланатын дүниелер.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер,
жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.
Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке,
еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілікке сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар-жаңылтпаштар
Ертегілер
Аңыз-әңгімелер
Тыйым сөздер
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі:
Баланың қиялын, фантазиясын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Әдеби образды тану, қабылдау әдісі қалыптасады.
Ойын, ойнау, сөздік қорын, тілін дамыту.
Баланы жеке тұлға ретінде дамытып, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйретуде, интеллектуалдық
дамуында, оның шығармашылық
мүмкіндіктерін байыта түсуіне көп
септігін тигізеді. Сол себептен, халық
ауыз әдебиетімен таныстыруда әдіс-
тәсілді қолданудың маңызы зор. Осы
әдістерді қолдануда тірек-сызбаның
алатын орны бөлек, себебі сөздік
қорының аздығынан және халық ауыз
әдебиетінің мазмұны терең, күрделі
болғандықтан тірек-сызба мен әдіс-
тәсілдер жұмысты жеңілдетеді. Тірек-
сызбаны қолдануды бастамас бұрын,
алдын-ала жұмыс жүргізу қажет.
Мектепалды балаларының сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда,
көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз
әдебиетінің бір түрі - мақал-мәтелдердің алатын орны
ерекше. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем-
образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.
Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын
мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-
мәтелдерді тақырыптық жүйемен топтап ұсынған. Мысалы:
«Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б.
балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра
отырып, олардың тілін ширатуды көздейді.
Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал - мәтелдерде толық
қамтылады. Мысалы: Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар», т.б Мақал-
мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да
тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі
зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі - еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету
десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.
Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық баланың сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы
қолдануға болады.
1) Балаларға түсінікті болуы үшін мақал-мәтелдердің қысқа түрін алу қажет.
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарар», «Жылқы – малдың патшасы», «Отан оттан да ыстық» және т.б.
2) Мақал-мәтелдерді лексикалық тақырып бойынша қарастыру орынды.
3) Мектепке дейінгі балалардың мақал-мәтелдерді меңгеру деңгейі жоғарылаған сайын күрделендіріп беру
керек, яғни алғашқыда қысқа түрдегілерін берсек, одан кейін кем дегенде екі жолдан тұратындарын беру керек.
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін мақал - мәтелдерді төмендегідей түрлерде қолдануға
болады:
Осындай тіректерді қолдану балаларды
жалықтырмайды, керісінше олардың
қызығушылығын арттырады. Сонымен
қатар, тек қана сөйлеуін дамытып
қоймай, олардың таным үрдістерінің
дамуына да ықпалын тигізед
Қорытынды
Әдістемелік құрал мына міндеттерді шешеді:
тірек кестелер мен белгілерді тез ұғынып, есте сақтап баланың өзіндік жұмыс
жасауына жағдай жасау;
байланыстыра сөйлеу дағдыларын, суреттер, сызбалар арқылы дамыту;
балалардың көру, есту, ойлау қабілеттерін танымдық іс-әрекеттері арқылы
жетілдіру;
қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп дұрыс, анық айтуға машықтандыру.
Жалпы әдістемелік құрал мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне
әдістемелік құрал ретінде қолдану үшін ұсыныла алады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп..
2. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы
«Мектеп» 1969ж. 77-796.
3. Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж.
143-2016.
4. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның ауыз
әдебиеті 2003ж. 34-536.
5. 10. Қазақ халық әдебиеті: І-ші том Ертегілер Алматы «Жазушы» 1988ж. 47-546.
6. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары» Алматы «Ғылым»
1981ж. 157-2026.
7. Қалқабаева М. «Балалар әдебиеті-тәрбие құралы» Алматы «Мектеп» 1976 ж. 68-
1016.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz