Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлерінің салыстырмалы талдауы


Slide 1

Сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері.

Сабақтың мақсаты: оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін оқу мазмұнына орай таңдап, тәжірибеде сынап қарау.

Міндеттері:

- Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлерімен таныстыру.

- Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларына түсінік беру.

- Дәстүрлі оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

- Дәстүрлі және инновациялық технологияларды салыстыру.

Әдісі: “Dictogloss” әдісі.

Көрнекі құралдар: Мәтін, ақ қағаз, интерактивті тақта, кері байланыс парағы

Slide 2

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру: (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақтың тақырыбын айту) )

II. Негізгі бөлім: Жаңа сабақты түсіндіру

III. Қорытынды: (сабақты бекіту, кері байланыс орнату, үйге тапсырма беру, бағалау)

Slide 3

Сабақ - оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Оқыту түрі әдістерге, амал-тәсілдерге, құралдарға және оқушылардың іс-әрекеттеріне тәуелді. Оқытуды ұйымдастыру оқушылардың саны, құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы болып жіктеледі. Ал, оқыту түрі: жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық, өзара бірлесіп оқу, саралап оқыту, кіші топтық және т. б. түрде бөлінеді. Оқыту түрінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда батыс, шығыс елдерінде дамып, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетуде. Бұл жүйені теориялық тұрғыдан негіздеген Я. А. Коменский. Дәстүрлі сынып - сабақ жүйесінің негізгі белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ -оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі алмасуы, кесте, мұғалімнің басқарушылық рөлі және т. б.

Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері.

Slide 4

Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялар

Дәстүрлі технология білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі, ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте) . Оның мәні: жаңаны игерту - бекіту - қадағалау - бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады. Осыған орай оқу-оқтудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әректтері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері - түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау, реттеу және түзету.

Оқу технологиясы бірқатар маңызды да да ұнамды тараптармен еленген. Олар - үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс-тәсідерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.

Slide 5

Отандық ДӘСТҮРЛІ педагогика тәжірибесінде оқыту ӘДІСТЕРІ үш топқа бөлінеді:

Slide 6

Өз кезегінде, оларды мынадай белгілері бойынша жинақтап қорытуға болады:

3

Slide 7

Дәстүрлі оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Оң жақтары

Теріс жақтары

Оқытудың жүйелі сипаты

- Үлгі бойынша құру, бірыңғай

- Мазмұнның технократизмі

Оқу материалын ретпен, логикалық дұрыс беру

- Сабақ уақытын оңтайлы емес бөлу

- Оқушыларды мақсат қою, жоспарлау, бағалау функциясынан айыру

- Сабақта тек материалға алғашқы бағдар жасау ғана жүзеге асырылады, ал жоғары нәтижелерге жету үй тапсырмаларына қалдырылады

Ұйымдастырудың нақтылығы

- Оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасаудан оқшауланады

- Оқушылар өз бетінше болып, таңдау жасай алмайды

Мұғалім тұлғасының үнемі эмоционалды ықпалы

- Оқушылардың пассивтілігі немесе белсенділіктің нашар байқалуы

- Сөйлеу іс-әрекеті нашар (оқушының орташа сөйлеу уақыты бір күнде екі минут)

- Кері байланыс нашар. Орташа тәсіл

Жаппай оқыту кезіндегі оңтайлы шығындар

- Орташаландырылған тәсіл, ол бәріне жарамайды

- Жекелендірілген оқыту жоқ

- Жасына қарай бөлектеу (сегрегация)

- Дәстүрлі оқытуда тәрбиеге мүлде орын жоқ

- Бағалау әдістерінің негативизмі

Slide 8

Дәстүрлі және инновациялық технологияларды салыстыру

Негізгі сиппатамалары

Білім берудің дәстүрлі үлгісі

Білім берудің инновациялық үлгісі

Білімдерді қолдану


Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі инновациялық технологиялар мен дәстүрлі әдістердің салыстырмалы талдауы
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері және сыныптық-сабақ жүйесінің принциптері
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы: талаптары, типтері және құрылымы
Қазақ ұлттық ойындары мен дәстүрлі спорт түрлерінің тарихы мен сипаттамасы
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы мен технопарктері: индустриялық-инновациялық даму, АЭА талдауы және ұсыныстар
Білім берудегі оқыту технологиялары мен әдістерінің салыстырмалы талдауы
Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістері
Саяси ойлар тарихы: Аристотельдің басқарудың дұрыс және бұрыс түрлерінің талдауы
Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясаты және инновациялық жобаларды бағалау әдістері
Математиканы оқыту: әдістері, формалары, қағидалары және инновациялық тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz