Этникааралық және конфессияаралық келісім
Презентация қосу
Этникааралық және конфессияаралық
келісім
Этникааралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең
мағынасында әр түрлі салаларда – саясатта, мәдениет пен тағы
басқа да халықтардың өзара іс-қимылы ретінде түсіндіріледі. Бұл
этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары,
олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі
қатынастар.
Конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар)
арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары
қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы
конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ
діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.
» Қоғамдық келісім кеңесі — билік пен
халық арасындағы алтын көпір!
» Тәуелсіздік алған уақыттан
бері елімізде тату-тәтті, бір
шаңырақ астында, өзара
татулықта өмір сүріп келеді.
Тіпті, атамекендеріне оралуды
да ойламай, балаларын қазақ
мектептеріне беріп, елімізде
құдандалы болып, дәстүрімізді
сақтап, сіңісіп кетуде. Өсіп-
өніп, еліміздің дамуы үшін
қолдарынан келгенше қызмет
етуде. Бұл елімізде жүргізіліп
отырған Ассамблеяға
қатысты дұрыс көзқарас пен
саясаттың арқасы екені
даусыз. Құрамында ғылыми
зерттеу орталығы да, клубы
да, тіл үйрету мектебі мен
театрлары да бар, қызметі
әралуан мұндай басқа
институт елімізде жоқ.
» Елбасымыз да Ассамблеяның қызметіне түрлі міндеттерді арта отырып,
қоғамымыздағы орнын айқындап беріп отыр. Кеше ғана жаңа оқу жылының
басталуымен еліміздің әр өңірінде «Мектепке жол» республикалық
қайырымдылық акциясы өтті. Республика көлемінде барлық өңірдегі Ассамблея
бөлімшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше өкілдері «бір атаның
баласындай» болып, акцияға атсалысты.. Ешқандай қайырымдылық қорына
иек артпайтын, азаматтық қоғамның парызындай, неше жылдан бері дәстүрге
айналған бұл қайырымдылық шарасы бүгінде өз мақсатын толықтай орындап
отыр. Демек, Ассамблеяға артылған қай міндет болмасын, еліміздің
біртұтастығына ықпал етіп отыр деуге болады .
Қазақстанның берік ұстанымы – ұлтаралық
татулық пен конфессияаралық келісім
» Бүгінгі таңда әлем бойынша түрлі қақтығыстар мен
тұрақсыздықтардың барлығы дерлік ұлттар мен діндер өкілдерінің
арасындағы қарама-қайшылықтардан, өзара түсіністіктің
жоқтығынан туындап жатқанын ескерсек, еліміздегі
ауызбіршіліктің маңызы зор екенін түсінеміз. Кезінде талай
сарапшылардың елімізді «көп ұзамай-ақ өзара түсініспей,
мемлекетті құлатып тынады» деп, «ұлттар лабораториясы»
атандырып, ертеңімізге күмәнді болжам айтқанымен, ел бола
алатынымызды дәлелдедік. Тіпті, бүгінгі күні еліміздің өз бірлігін
сақтап қана қоймай, әлем халқына тұрақтылықты, бейбітшілікті
насихаттап, бірнеше жыл қатарынан саяси маңызды халықаралық
жиындар өткізуге мұрындық болып, діндер мен ұлттар арасында
түсіністіктің қалыптасуына ықпал еткен бірегей тәжірибелі, елге
айналуымыз талай елдің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
» Ел ішінде қалыптасқан осындай ахуалдың арқасында
еліміз ұдайы даму үстінде. Жыл сайын ішкі жалпы
өнімнің үлесі артып, зейнетақы мен әлеуметтік
жәрдемақылар еселеніп көбейіп, халықтың өмір сүру
көрсеткіші артып келеді. Бұл, ең алдымен, еліміздегі
тұрақтылықтың арқасы екені даусыз. Алдағы уақытта
одан әрі дамуды мақсат еткен еліміз бәсекеге қабілетті
елдер қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Әрқашан
ел ішінде ғана емес, әлемде бейбітшілікті,
ауызбіршілікті қолдаған елдің ертеңі жарқын болары
сөзсіз. Этносаралық мәселелерді әрқашан әділетті
түрде шешіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың көңілін
табу арқылы, ел егемендігін сақтап, еліміздің дамуына
тиімді жағдай жасай алдық. Бүгінгі күні бұл
ұстанымымыздың дұрыс болғанын көріп отырмыз. Ең
бастысы да — осы!
Қорыта келгенде,
мемлекетіміздің ұлттық
саясаттағы негізгі қағидасы
– барлық ұлттар мен діни
топтардың бірдей құқығын
сақтау, барлық
конфессиялардың бірдей
жағдайда жұмыс істеуіне
жағдай жасау. Осының
арқасында осы кезеңде
Қазақстанда этникалық
немесе діни негізде бірде-бір
саяси ереуілге жол берілген
жоқ. Қазақстанның заң
актілерінде ұлттық немесе
діни сеніміне қарамастан
барлық азаматтардың
құқығы мен бостандығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік
берілген десек артық емес.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz