Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Тақырыбы:
Өсімдіктердің биологиясы және
биотехнологиясы институты
Биология мамандығы
Орындаған: Тукубаева А.Т.
Тексерген: Куанышбаева М.Г.
2020 оқу жылы
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
(ӨББИ) - өсімдіктер биотехнологиясы аясында іргелі және
қолданбалы зерттеулер орындайтын ғылыми-зерттеу институты. Толық
атауы — Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Өсімдіктер
биологиясы және биотехнологиясы институты». Институт Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитетінің
құрамына кіреді.
Тарихы
Институт «Республикада ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру және ғылыми-техникалық
әлеуетті дамыту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
21.01.1993 ж. № 1090 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Ұлттық
биотехнология орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 16.11.1993 ж. № 1140 Қаулысына сәйкес құрылған.
Институт ҚР ҰҒА Ботаника институтының физиология және генетика зертханалары
негізінде, өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы саласында іргелі
және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін, «Өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және
биоинженериясы институты» деген атаумен, 1993 жылы құрылды. 2006 жылы мекеменің
атауы Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты болып өзгерді.
Институттың даму кезеңінде биотехнологиялық бағыттағы 5 жаңа зертхана
ұйымдастырылды.
Институт құрылған күннен 2006 жылға дейін ұжымға ҚР ҰҒА академигі, биология
ғылымдарының докторы, профессор И.Р. Рахимбаев жетекшілік етті. 2006 жылдан бүгінгі
күнге дейін Институтқа ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор
К.Ж. Жамбакин басшылық етеді.
Қызметтің мәні және мақсаты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 қарашада №1427
бұйрығымен бекітілген кәсiпорынның жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметінің
негізгі мәні ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік
басты бағыттары негізінде биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді
дамыту, мемлекеттік, аумақтық және салалық ғылыми, ғылыми-техникалық
бағдарламалар әзірлеу мен оларға қатысу және мемлекет үшін әлеуметтік-
экономикалық маңызы бар биотехнология саласындағы отандық және әлемдік
жаңа тиімді әзірлемелер енгізу болып саналады.
Қызметтің түрлері
Кәсіпорын алға қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге
асырады:
— өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы саласында ғылыми зерттеулер, жобалау, сынақ-
конструкторлық жұмыстар жүргізу;
— өсімдіктердің биотехнологиясы, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарының тұқым шаруашылығы
салаларында ғылымды көп қажет ететін өндірістер ұйымдастыру және құру;
— өсімдіктердің биотехнологиясы саласында, заңнамада белгіленген тәртіппен халықаралық ғылыми
және ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
— Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша республикалық және халықаралық конференциялар,
сессиялар, семинарлар, мәслихаттар, көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
— өсімдіктердің биотехнологиясы саласында зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету,
ғылыми журналдар, ғылыми еңбектер жинағы, әдістемелік ұсыныстар, монографиялар және
мамандандырылған оқулық әдебиеттер басып шығару;
— биотехнология саласында нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және ғылыми-
зерттеу сараптамаларын өткізуге қатысу;
— Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша магистратура, докторантура РhD бағдарламалары бойынша
ғылыми кадрлар дайындау, ғылыми қызметкерлердің тағылымдама арқылы біліктілігін арттыру;
— Қазақстан Республикасында биология мен биотехнологияны дамытудың стратегиялық маңызды
мемлекеттік міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми-техникалық әзірлеу, оларды іске асыру, игеру
және техниканың, жаңа технологиялар мен материалдардың тиімділігі жоғбағдарламалардыары
түрлерін Кәсіпорында пайдалану.
Зертханалар
Институттың штатында 103 адам қызмет етеді, олардың 65 ғылыми қызметкерлер,
оның ішінде – 7 ғылым докторлары (ҚР ҰҒА академигі — 2 адам, ҚР ҰҒА
корреспондент-мүшесі — 1 адам), 9 ғылым кандидаттары, 8 PhD.
Институтта 7 зертхана жұмыс
істейді:
генетика және молекулалы биология
селекция зертханасы зертханасы
селекция және
клеткалық инженерия
биотехнологиялар
зертханасы зертханасы
гермоплазманы молекулалы генетика
криосақтау зертханасы зертханасы
физиология және
биохимия зертханасы
Негізгі жетістіктер
Саладағы әзірленген тиімді биотехнологиялар:
Ауылшаруашылығы биотехнологиясы – ауылшаруашылығы дақылдарының жақсартылған сорттарын
шығару үшін селекциялық процессті жылдамдатуға және жеңілдетуге арналған (клондық
микрокөбейту; гаплоидты биотехнология; клеткалық селекция; белокты, энзиматикалық және ДНҚ
маркерлері технологиясы; оқшауланған будан ұрықтарды өсіру; маркер-ілеспе селекция; генетикалық
инженерия);
Криоконсервация әдістері негізінде аса төмен температурада (-196°С) өсімдіктердің генетикалық
ресурстарын сақтау;
Ауыр металдар мен пестицидтермен залалданған топырақты фиторемедациялау;
Медициналық биотехнологиялар (антидибетикалық әсер етуші жаңа арнайы өнімдер рецептурасы);
Биологиялық қауіпсіздік (өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностика жасауға, ГМО анықтауға
арналған тест-жүйелер).
А/ш дақылдарының 50 астам сорты шығарылды (АШМ мекемелерімен бірге және жеке):
бидай(42), күріш(4), арпа(4), соя(1). 14 сорт аудандастырылды.
90 астам инновациялық патенттер, патенттер мен авторлық куәліктер алынды.
23 халықаралық гранттар бойынша зерттеулер орындалды.
Диссертация қорғау: 16 докторлық, 30 кандидаттық, 7 PhD.
• Озық инновациялық жобалар мен әзірлемелер
Гранттар алған және технологияларды коммерциализациялауға ҚР БҒМ мен Әлемдік Банк,
«Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ конкурстарына қатысқан жобалар:
• «Сәндік-гүл өсімдіктерінің коммерциялық сорттарын клондық көбейту бойынша
технологиялар мен қызметтер».
• «Алманың коммерциялық сорттарының суперэлиталы вируссыз улау материалдарын өндіру».
• «Биологиялық белсенді өсімдік қосымшалары негізінде антидиабетикалық әсер етуші емдік
сусындар».
• «Алма мен жүзімнің вирустық инфекцияларын диагностика жасау технологиясы және
қызметі».
• «Инновациялық әзірлемелер және клеткалық биология саласындағы жетістіктер негізінде
биотехнология мен ауылшаруашылығына арналған наномолярлы белсенді тиімділігі жоғары
биостимуляторлар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын алу».
• «Каучуктің отандық продуценті Taraxacumkok-saghyz Rodin өнімділігі жоғары формасын алу».
• «Қазақстандағы жаңа дәстүрлі емес ауылшаруашылығы дақылы – вируссыз батат өндірудің
биотехнологиясын енгізу».
• «Тамақ өндірісінде пайдалану үшін қант құмайынан шәрбет алу биотехнологиясы».
• «Балалар және емдәмдік тағам үшін глютинозды күріштің коммерциялық сортының бастапқы
тұқым шаруашылығын ұйымдастыру».
Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық
қаржыландыру конкурстардың (2017ж., 2018 ж.) жеңімпазы атанды және 3 жобаның негізгі
орындаушысы мен бірлесіп орындаушысы болып табылады:
1) Биотехнология әдістерін пайдаланып жеміс және жаңғақ дақылдарының
суперэлитті көшеттерін өндіру (Гермоплазманы криосақтау зертханасы);
2) Тораңғы терегі және Қазақстан селекциясының терек будандарының өндірісін
ұйымдастыру және клондап көбейту әдісін қолдану негізінде
агротехникалық интегральды жүйемен зиянкестерден, аурулардан қорғау (бірлесіп
орындаушы, Гермоплазманы криосақтау зертханасы);
3) Алма және жүзім патогендерін диагностикалау, генетикалық модифицирленген
ауылшаруашылық дақылдарын анықтауға арналған қызметтер мен өнімдер, және жеміс-
жидек дақылдарының өсімдік патогендерінен зарасыздандырылған таза материалдарды
(Молекулалық биология зертханасы).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz