Құс стоматиті




Презентация қосу
Құстардың ас қорыту жүйесі
ауруларында емдік азықтандыру
Орындаған: Әлімжанқызы Жанира
Тобы: ВМ - 306
Қабылдаған: Умбетжанов Қ

.
Жемсаудың (бөтеке) қабынуы. Жемсаудың қатары, (жұмсақ жемсау)-
Inqluvitis. Тауықтар, күрке тауықтар (цесарка-тауық тектес құс), (кептерлер),
көгершіндер, балапандар ауырады.
Себептері. Бұзылған азық бергеннен (шіріген ет, көгерген дән), минералды
тыңайтқыштар араласқан (аммиак селитрасы, калий тұзы) өндірістің лас суын
ішкеннен және витамин-минералды заттар тапшылығынан болады. Патологиялық-
анатомиялық өзгерістер. Жемсау ішінде сұйық көпіршектенген шірікті иісті,
кілегейлі қабық катаральді қабынған.
Симптомдары. Құс күйзеледі, басын төмен салбыратып отырады, айдары
көгілдірленген, тұмсығынан, танауынан көкшіл-жасыл түсті сұйық ағады. Жемсау
жұмсақ, қарағанда ауыздан жағымсыз иіс шығады немесе сұйық шығады.
Диагнозды клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық өзгерістерге
және азықтарды токсикологиялық зерттеу арқылы қояды.
Дербестеу. Оба, пуллороз, пастереллез және басқада аурулардан ажыратады.
Сақтандыру мен емдеу. Жағымсыз азық бермейді. Диета-тәулік. 1 % натрий
салицилаты мен HCL ішкізеді. Жемсауды жуып шаяды (0,05 % KmnO4). Сақтандыру
үшін фермадағы барлық құстарға 0,2 % HCL, 0,3 % сүт қышқылы, 0,1 % формалин,
0,02 % KmnO4 ішкізеді.
Құс стоматиті («тілі құлап түскен») – бұл ауыз қуысының кілегейлі қабығының
қабынуымен, оның қуысы созылуымен, соңынан тілдің құлап түсуімен, жақ арасы
қуысында дивертикул пайда болуымен сипатталатын ауру. Негізінен қаздар ауырады.
Себептері. Мүмкіндік туғызатын азық құрамында Са, Р және витаминдер
жетіспеушілігі жатады. Бұл аурумен жақ арасында тері қыртысы бар қаз тұқымдары
ауырады (холмогор, қытай, тулуз және оның қоспалары).
Симптомдары. Ауру шыққан фермаларда жылдың барлық мезгілінде ауру пайда бола
береді. Ауру созылмалы түрде өтеді. Бастапқыда ауыз қуысының кілегейлі қабығы
қызарады, ісінеді, ауырсынады, сілекей мен кілегей көп бөлінеді. Тіл жақ қуысы арасында
қабынған кілегейлі қабыққа қысым түсіріп дивертикул – (бұлтық) – қап тәріздес пайда
болады. Тіл астында азықтар тұрып қалады, шіріиді, сол себепті кілегейлі қабық іріңді-
шірікті ыдырай бастайды, азық жей алмайды, азады, жұмыртқаламай қалады.
Сақтандыру мен емдеу. Кілегейлі қабықты 0,1 % калий перманганат ертіндісімен
шайып, йод-глицерин майын жағады. Егерде қаздарға құрғақ шаң азық берсе онда
рационда ылғалды азықтар, минералды заттар, су жеткілікті болуы керек.
Құс стоматиті
Себептері. Аурудың себептері толық зерттелмеген. Солай бола тұрса да аурудың пайда
болуына буаз аналық малдың дұрыстап азықтанбауы, оларды бұрын су басып жататын
ойлы жерге жаю немесе сондай жерлерден дайындалған шөппен, сабанмен бірыңғай
қоректендіру, малдың азығында протеиннің минералды заттардың (селен, кобальд, йод,
марганецтердің), витаминдердің (каротин, ретинол, токоферол) және құрамында
күкірт бар амин қышқылдарының (метионин, цистин) жеткіліксіздігі өз әсерін тигізері
сөзсіз. Аурудан сақтандыру және емдеу үшін қолданғандағы селеннің, метиониннің және
цистиннің жақсы нәтиже беруі олардың аурудың пайда болуына бірден бір қатыстары
бар екенін дәлелдейді. Малдардың зоогигиеналық жағдайларының дұрыс болмауы,
оларды тығыз, ылғалды және дұрыс желдетілмейтін қораларда ұстау өз әсерін тигізеді
Дамуы. Бұл ауру белоктың, көмірсудың, майдың, сондай-ақ минералды тұздар
мен судың организмде алмасуының бұзылуымен сипатталады. Организмде негізгі
зат алмасуына қатысатын белоктар азаяды, қанның сарысуындағы жалпы белок
азайып, азот қалдықтары көбейеді де олардың өзара қатынасы бұзылады.
Құрамында белоксыз азоты бар креатин затының алмасуы бұзылады. Оның
мөлшері бұлшық еттерде 300-500 мг %-дан 50-100 мг %-ға дейін кемиді де, қан мен
несептегі мөлшері көбейеді. Қан сарысуында органикалық емес фосфор көбейеді.
Мұның бәрі ауру малдың бұлшық етінің құрылысында терең өзгерістер бар екенін
дәлелдейді.
Сақтандыру мен емдеу.
1. 20-30 МЛ ӨСІМДІК МАЙЫН БЕРЕДІ.
2. ВАЗЕЛИН МАЙЫН 50-100 МЛ НЕМЕСЕ СУ.
3. УҚАЛАЙДЫ.
4. Аузын ашып тазалайды, болмаса 4-6 см төменгі жерінен тіледі.
Сақтандыру. Азықтандыру технологиясын сақтайды, құрама жем мен дәнді
дақылдарды құстың жасына қарап береді. Құсқа азықты шектен тыс
бермейді. Құстың астына ірі сабақты шөп пен сабан салмайды. Тез ісінген
азықтар бермейді. Құсты сумен қамтамасыз етеді, рационға витаминді-
минералды азықтар береді.
Өңештің бітелуі (Obturatio oesophaqi) - үйректер, қаздар ауырады.
Себептері. Аш құсты шектен тыс азықтандырғаннан (құрама жеммен, шаңды ұнмен,
сұлымен). Азық құрамында витамин-минералды заттар, ылғалды азық пен су жетіспегенде
мүмкіндік туады.
Симптомдары. Азықтанғаннан кейін ауру пайда болады. Мазасызданады, мойнын созады, аузын
ашып тыныстанады, әлсіздік пайда болады, жүрісі шатқаяқтайды, тұншығудан өледі. Өңешті
сипағанда, безді қарынға дейін қатты білеуленіп тұрады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өңештің, қарынның және етті бөліктері толған.
Сақтандыру мен емдеу. Ауруға 50-100 мл ауыздан өсімдік майын береді, уқалайды, азықты
ауыздан шығарады, ашықтырады, безді қарын мен етті қарынға клизма жасайды.
Кутикулит (Cuticulitis) - бұл етті қарынның ойық жаралы, некрозды ыдырауымен сипатталатын ауру.
Құстардың барлық түрінің балапандары ауырады. Инкубациядан кейінгі алғашқы күні және 16 -20 күндік
жұмыртқа эмбрионы кезінде.
Себептері. Аурудың туу себептері бүгінге дейін жете зерттелмеген, көптеген авторлардың
(Г.З.Амквист, А.А.Ушаков) ойына қарағанда рационда витамин тәріздес заттардың (қабынуға қарсы
фактор) тапшылығынан болады. Тарна, жоңышқа, қалақай (крапива), капуста, жабайы жоңышқа,
А.Г.Лихачев-полиэтиологиялық себептен болады дейді.
Дамуы. Инкубациядан кейін 50 % балапандарда етті қарынның безді қабатында (қанқұйылу, қанталау)
пайда болады. Соңынан ойық жараға айналып, жарылады. Бұған витамин А, К, С - витаминдері мүмкіндік
туғызады. Ауру балапанның, қарнының кутикуласы ыдырап, жыртылады, етті қабаттан бөлінеді,
микробтар зақымданған жерге өтіп, безді қарын, ішектер қабынады. Балапандар сепсистен өледі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Асқазанның етті бөлігі азайып, оның еттері
атрофияланған. Кутикула қара-қоңыр түсті, серпінді емес, оңай жыртылады, бетінде
жарық, эрозия бар. Кутикуланың астында ойық жара, қанталау бар. Безді қарын мен
ішектер қабынған.
Симптомдары. әлсіздік пайда болады, азыққа зауқы төмендейді, қауырсыны
ұйпаланады, іш жүреді. Өспей қалады, өнбейді, өліп қалады.
Сақтандыру мен емдеу. Балапандар мен жұмыртқалайтын жас тауықтарды
витаминдер мен минералды азықтармен қамтамасыз етеді.
Көк балауса шөп, шөп ұны, капуста, сәбіз, картоп, тары береді. Емге 7-10 күн
қатарынан 0,01 % KmnO4 немесе 0,1 %-ды фуразалидон ертіндісін
Гастроэнтерит (Gastroentheritis) – асқазан мен ішектің кілегейлі қабығының қабынуы. Жіті катаральды
гастроэнтеритке барлық құс түрі шалдығады, әсіресе үлкен құс және ересек балапандар.
Себептері. Шіріген, көгерген, ашыған, үсіген азықтармен азықтандырғаннан минералды тыңайтқыштарды жегеннен,
тұрып қалған сасық су ішкізгеннен, суда жүзетін құстарды жиі ақпайтын, ластанған су қоймаларында ұстағаннан
әсіресе ыстық кезде болады. Жемсаудың қабынуы, кутикулит індетті және инвазия (оба, холера, пулороз,
эймериоздардан) асқынады.
Симптомдары. Жіті және созылмалы өтеді. Ауру құс күйзеледі, жалпы әлсіздік, азыққа зауқы төмендейді, орайы
көгереді, етті қарынның атониясы төмен түседі, жемсаудың катаральды қабынуы жіті өткенде іші өтеді.
Саңғырығы сары-жасыл түсті, сасық, қышқыл және шірік иісті көпіршікті кейде қорытылмаған азықтар болады,
клоака маңайы былғанған. Созылмалы өткенде анемия дамиды, ішек атониясы, прогрессивті өтеді, іші тоқтайды,
ішектер газға толады.
Сақтандыру және емдеу. Құсты күту мен азықтандырудың ветеринарлық-санитарлық ережелерін сақтайды.
Антибиотик және сульфаниламид препараттарын қолданады. Оларды күніне 2-3 рет, 3-5 күн қатарынан ересек құсқа
төмендегідей мөлшерде: биомицин 0,05-0,2, биовитен 0,2-0,4. Нативті биомицин – 5-10 мл, сульгин, фталазол немесе
норсульфазол-бір басқа 0,1-0,3 мл. Созылмалы өткенде сақтандыру және емдеу үшін барлық құс рационына АБК және
ПАБК 5-10 мл, асқазан сөлін 5-10 мл немесе карловар тұзын бір басқа тәулігіне 3-5 г 7-10 күн қатарынан береді.
Диетикалық азықтар береді: простокваша, ацидофилин, қуырылған дән, гидропонды көк тәулігіне бір басқа 20-30 г.
Емі. Арнайы емдеу әдісі қарастырылмаған. Селені бар дәріні қолданудан жақсы нәтиже алуға
болады. Сондай-ақ токоферолдың майлы ерітіндісін, эревит пен холефтің қанттағы ерітінідісін,
күкірті бар аминқышқылдарын (метионин, цистин), белокты гидролизаттарды, үш витаминді
(ретинол, кальциферол, токоферол) қолдану керек. Мұнымен қатар күтімін жақсартып, азығын
дұрыстау керек.
Натрий селениті дәрілердің А тобына жатады, оны тек белгілі нұсқау бойынша қолдану керек.
Селеннің организмге әсері толық зерттелмеген. Ол өте күшті оксиданттың қарсыласы болғандықтан
организмде пироксидтердің түзілуін азайтып, не тоқтату арқылы зат алмасуын қалпына келтіреді.
Оның әсерінен қан сары суындағы жалпы белок молайып, альфа-глобулиндер азайып, гамма-
глобулиндер, альбуминдер, қызыл қан түйіршіктері көбейеді. Креатиннің алмасуы қалыптасып, қант
пен белоктың несеппен бөлінуі азаяды.
Дербестеу. Пуллороздан, салманеллезден, энтерегепатиттен, кокцидиоз ж.т.б. аурулардан ажыратады.
Сақтандыру және емдеу. Аналық пен балапандарды азықтандыру технологиясын сақтайды. Балапдарды 5-6
рет құрама жеммен оларға тары, сулы, сүзбе, айран, сиыр уызын ацидофильді-ащытқыланған сүт сарысуын
қосып береді. Рационға көп мөлшерде әк қоспайды (бор, жұмыртқа, ұлу қабыршақтарын). 2-3 күн барлық
балапандарды дезинффекциялайды, марганец қышқылды калий ертіндісімен, 0,01 %-ды формалин, 0,02 %-ды
ас содасының 0,2 %-ды темір купоросының ертіндісін ішкізеді. Антибиотиктермен (тетрациклин,
окситетрациклин, биомицин, синтомицин, неомицин т.б. 5-10 мг тәулікте бір басқа сульфаниламидтермен
(анальгин, фталазол, сульфадемизин, норсульфазол, 1000 басқа 10-40 г, тәулігіне фуразалидонды 5 күндік
балапандарға тәулігіне бір басқа 2-5 мг береді.
Сақтандыру үшін бір тәулік жасында АБК және ПАБК, В12 , В1, В2 витаминдерін пантотен және
никотин қышқылдарын тағайындайды 1-2 мл тәулігіне 1 рет 3-5 күн қатарынан. Жылқының табиғы асқазан
сөлін балапандарға азықтанғанға дейін 1 балапанға тәулігіне 5 мл есебінде, 5-10 күн қатарынан ішкізеді.
Рационға құрамында фитонцидтер бар көк пияз бен сарымсақ қосады. Балапандардың 5 күндігінен бастап 1-2
гр тәулігіне беріп, оны 10 г дейін жеткізеді.
Ішектің бітелуі (Obturatio intestini) – барлық құс түрлерінде кездеседі, әсіресе үйрек пен қаз
балапандары жиі ауырады.
Себептері. Көп жағдайда сұлы және ара қауызының қылтығын топанын көп бергеннен, құрғақ
кепкен шөп, кейде бөгде заттармен ластанған (талшықпен, каппен, жіппен) азық бергеннен болады.
Үйрек балапандарында бүйен ішектің тарамданған өсінділерінде ішектер тарылып бітелгендіктен
жын қатаяды, кейде клоака бітеледі. Мүмкіндік туғызатын себептерге витаминдер, шырынды азықтар
және су тапшылығы жатады.
Симптомдары. Күрт күйзеледі, әлсіздік, азықтан бас тартады, нәжіс бөлу қиындайды немесе
болмайды. Анальді саңлау бітелгенде құс саңғырық бөлердей кейіпте болады, күшенеді. 12 елі ішек
бітелгенде құс азықтаудан және уланудан өледі. Құс уланудан өледі. Өтуі көп жағдайда жіті өтеді.Ішек
бітелгенде әсіресе анальді саңлау, онда құс 1-2 тәулікте өлімге ұшырайды. Өлген құсты сойып көргенде
ішектің азықпен немесе бөгде затпен бітелгенін, қуысының тарылғанын әсіресе бүйен ішек пен анальды
саңлаудың, кілегейлі қабықтар фиброзды қабынған, ойық жараланған.
Сақтандыру және емдеу. Рационға қосымша шырышты, азық қиыршық тас қосады, сумен
қамтамасыз етеді. Ауру құсқа 10-20 мл өсімдік майын ішкізеді.
Клоаканың қабынуы (Сloacitis) - жұмыртқалайтын құс ауруы (үйректер, тауықтар).
Себептері. Негізгі себебіне белокты азық басым, болғандықтан ретинол,
кальцийферол, токоферол және минералды заттар тапшылығынан болады. Балапандарда
азықтарда көп қабыршақ және дәнді дақылдардың қылтығынан болады, мүмкіндік
туғызатын себепке (ауа ылғалды және торшаларда антисанитариядан болады).
Симптомдары. Клоаканың кілегейлі қабығы эрозияланған кейіппен фибринозды
мембронозды қабынады, ойық жара пайда болады, анус қысылады, бітелуі мүмкін.
Жұмыртқаламайды.
Сақтандыру. 1,5-2 есе ретинолды, кальциферольды, токоферольды рационда
көбейтеді. Белокты азықты азайтады, кілегейлі қабыққа йодглицерин, фурацилин жақпа
майын жағады.
Жұмыртқа сарысының перитониті (Salpinqoperitonitis vitellia, салпингоперитонит) - бұл ішкі ағзалар
мен құрсақ қуысына, плевра және сірілі қабыққа ыдыраған жұмыртқа сарысы массасы мен аналық без
фолликуларының келіп түсуімен сипатталатын жұмыртқалайтын тауықтар ауруы. Құс фермасында жас
жұмыртқалайтын тауықтар арасында кездеседі, азықтандыру мен ұстаудың технологиялық ережелерін
бұзған кезде, суда жүзетін құстар мен күрке тауықтар сирек ауырады.
Фермада басқа аурулармен қатар жүреді – аналық бездің қабынуы-оварит, яйцевод-сальпингит, аналық
бездің атрофиясы және ұрық түтікшесінде жұмыртқалаудың қиындауында, жұмыртқа пайда болуының
аномалиясында кездеседі.
Себептері. Полиэтиологиялық себептер-рационда А, Д, Е витамин тапшылығы, фосфордың шектен тыс
болуы, белокпен азықтандырғаннан, холин, рибофлавин (В 2), пиридоксин (В6), Са тапшылығынан болады,
жарақаттану, қолмен ұстап көргенде жарақаттану, ерте жұмыртқа салу, антисанитариядан болады
Дамуы. Жұмыртқа сарысында микробтар әсерінен стрептококк, стафиллококк, пастереллалар, кейбір
індетті аурулардан (колибактериоз, пастереллез, салманеллез) простогонимозда болады. Фолликулдар
іріңді-шірікті проицтерге душар болып ыдырай бастайды, ихирозды масса тәріздес, плевроперитониальды
қуысқа құйылып, сепсиске және интоксикацияға душар етеді. Бұл қуыста сұйық пайда болады, сасық, ішек
имектерінде жабысқан фибринді қабыну пайда болады, құрсақ қуысында, плеврит, перикард қабынып,
фибринмен капталады, ұрық түйіншесі ұлғайған, ішінде белокты эксудат пайда болады.
Симптомдары. Жіті және созылмалы өтеді. Алғашқы күні жалпы күйзелу, әлсіздік, азыққа зауқы
төмендейді. Орайы көгереді, дене қызуы көтеріледі. Жұмыртқалау азаяды, мүлдем салмайды,
интоксикациядан өледі. Әлсіздік пайда болады, азыққа зауқы төмендейді, кірпігі жабық, мойнын созады, іш
өтеді, саңғырығы сұйық сарғыш-жасыл, ақ немесе қоңыр түстес, көпіршіктенеді, азықтар, клоака маңайы
былғанышлы. Созылмалы түрінде азады, іші үлкейеді, қимылы азаяды. Пальпацияда сұйықтан флюктуация
пайда болады, іші төмен жерге дейін түсіп кетеді.
Емі. Тауықтарды жарамсыздыққа шығарады, кейде ауруды жеңілдету үшін, АБК, ПАБК, құрғақ
ацидофилин препаратын (АСП) береді.
Сақтандыру жолдары. Рационды құнарлы болуы керек. Са тапшылығында рационға бор қосу арқылы,
ұлу қиыршығын, көмірқышқылды кальций, Са:Р (2,53:1) қосады. Жұмыртқалау кезеңінде рационда Са,
ретинол, кальциферол, токоферолды холин-хлоридті тиаминді, рибофлавинді 40-60 % көбейтеді. Мал
азықтарын аз береді. Рационға шырынды азықтар қосады, жарақатты болдырмайды, құстарға
санитарлық жағдайды жақсартады., Жарық беру тәртібін қалыпта ұстайды.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Стоматиттің қабынуы
Ауыз қуысы аурулары
«Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары туралы
Қазақстан Республикасына құс етін импорттауға қойылатын ветеринариялы - санитариялық талаптар
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Құстардың дорсальды аурулары
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Пәндер