Микроорганиздердің басқа организмдермен қарым - қатынасы


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Микроорганиздердің басқа организмдермен қарым-қатынасы

Орындағандар:

Тексерген:

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Микроорганизмдер және басқа тірі организмдердің арасындағы өзара қатынастардың жіктелуі

Симбиоз

Метабиоз

Мутуализм

Саттелизм

Синергизм

Жыртқыштық

Нейтрализм

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым - қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-катынастар да негізгі рөл атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар мен жануарлар арасында болды. Табиғатта ешқандай шекара жоқ, онда бәрі де бір - бірімен байланысты және өзара тәуелді болып келеді. Тіршілік иелері тұрақты экологиялық жүйеге - биоценоздарға біріктірілген. Олардың әрқайсысы үшін популяцияның түрлік және сандық қатынасы, құрылым, өзара қатынас және басқа да белгілер тән. Әртүрлі ценоздардың ішінде табиғатта микробиоценоздар - микроорганизмдердің қауымдастығы үлкен орын алады. Олардың және басқа тірі организмдердің арасында алуан түрлі өзара қатынастар бар.

Slide 4 Slide 5

Микроорганизмдер және басқа тірі организмдердің арасында алуан түрлі өзара қатынастар бар. Бұл қатынастар:

симбиоз;

метабиоз;

сателлизм,

синергизм,

антогонизм,

вирогения,

мутуализм,

паразитизм,

комменсализм және басқа түрлерде байқалынады.

Slide 6

Симбиоз

Симбиоз дегеніміз - әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал - шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола алады, олардың ас қорыту жолдарында талшықтылар мекендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректенуге қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар жүзеге асырады. Ал нәтижесінде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал - қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әрқайсысы бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы.

Slide 7

Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831-1888) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым - қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады.

Slide 8

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларындағы түйнек бактериялары

Балдырлар-дың клеткалары

Саңырауқұ-лақ жіпшелері

Қына денесі балдырлардағы саңырауқұлақ гифалары арқылы түзіледі.

Slide 9

Метабиоз

Метабиоз - біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы. Метабиоз - микроағза түрлері арасындағы, олардың бір түрінің тіршілік өнімдері, екіншісінің қорек көзіне айналуымен сипатталатын, олардың өзара қатынастық қалыптары. Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады. Метабиоз - микробтың бір түрі екіншісінің өмір сүруі барысында түзілетін өнімдерді пайдаланып, олардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Мутуализм

Мутуализм - екі түрлі микроорганизмдердің екі жақты пайда әкеле отырып әсер ету, яғни басқа микроорганизм түрлерінің болуына қарағанда, екі популяцияда да бактериялар өсіп, тірі қалып, қарқынды көбейеді. Мұндай тіршілік ету екі жаққа да оң әсер етеді (өзара тиімді симбиоз - мутуализм) .

Мутуализмнің артықшылығы түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кем дегенде, екі серіктестің бірі екіншісін қоректену көзі ретінде қолданса, екінші антогонист - бактериялардан қорғаныс немесе өсу мен көбеюге қолайлы орта бола алады.

Slide 13

Саттелизм

Бір микроорганизмнің екінші бір микроорганизмді күшейтетін ассоциациялық қарым-қатынас түрі. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары мен сарциналар әр түрлі аминқышқылдары мен витаминдерді түзе отырып, сүт қышқыл және сірке қышқыл бактериялардың өсуі мен дамуына өте қажетті жағдай жасайды.

Slide 14

Синергизм

Физиологиялық үрдістері бірдей микроб бірлестіктері олардан алынатын соңғы өнімнің шығымын арттырады. Мысалы, азотобактер мен Bac. mycoides бірге өсірген жағдайда гетероауксин көп мөлшерде түзіледі.

Slide 15

Жыртқыштық

1947 жылы Б. В. Перфильев Cyclobacter, Desmobacter, Trigonobacter, Teratobacter туысына жататын жыртқыш-бактерияларды сипаттаған. Бұл бактериялардың жемтік-клеткаларды «жұтуға», «орап алуға», шабуыл жасауға «ұстауға» қабілеттіліктері бар.

Жыртқыш бактериялар - бделловибриондардың өмір циклі

Slide 16

Bdellovibrio bacteriovorus сальмонеллаға сіңеді

Slide 17

Нейтрализм - бір-біріне ешбір әсер тигізбейді;

Микроорганизмдер арасында кеңінен таралған бәсекелестік қатынастарға паразитизм жатады. Паразиттік қатынаста бір микроорганизм екінші бір микроорганизмді субстрат ретінде қолдана отырып, көбінесе оның тіршілігін тежейді.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдердің өсімдіктермен қарым - қатынасы
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Ауыз қуысының микрофлорасы, түрлері
Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм
Микроорганизмдердін өзара карым-катынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм және комменсализм
Эволюциялық ілім
Ауыз қуысының микрофлорасы
Микробты паразитизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
Тірі заттың биологиялық функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz