Отбасы ынтымағы


Slide 1

Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті Отбасы ынтымағы

Дайындаған: Қыдырбаева Г. М 6В0510 География 1 курс Тексерген: Байсултанова С . Ч

Алматы қаласы 2020-2021

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Отбасы

Негізгі бөлім

Жар таңдаудың сырлары.

Отбасын құру

Жақсы жар болу құпиясы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Құдіреті шексіз Алла Тағала әу бастан-ақ адамды ер мен әйел етіп жаратып, оларға айрықша ерекшеліктер сыйлаған. Рас, әйел - нәзік, әйел - әлсіз, әйел - сезімге жақын жаратылыс. Дегенмен, әйелге басқа ешбір тіршілік иесіне бұйырмаған аса құрметті, аса маңызды лауазым берілген. Ол - күйеуінің ризашылығын алып, оның көңіліне тыныштық сыйлайтын салиқалы жар болу, балаларының панасы, қорғаны болатын ана болу бақыты. Әйел адам үшін бұдан артық ардақты қызмет, бұдан асқан бақыт жоқ.

Slide 4

Жар таңдаудың сырлары

Алла Тағала бұл дүниеде әрбір тіршілік иесін жұп-жұбымен жаратқаны белгілі. Соның ішінде ақыл-ес, сана-сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі ерсі секілді. Сондықтан да етек-жеңін жиып, әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі құптарлық нәрсе.

«Таңдаған тазға жолығады» деген қағиданы да естен шығармай өзіңізге лайықты жарды жақсылап таңдағаныңыз абзал. Себебі, бұл өмірдің мәнісі де, нығметі мен берекесі де сүйікті жарыңыз.

Slide 5

«Қызға қандай ер азамат абзалырақ?» деген сұрақтың жауабы белгілі. Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза ұстанатын, сенімі берік және оны іс жүзінде амалға асыратын, жомарт, асырауға шамасы келетін, күшті, көрікті, жас, тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қарым-қатынаста бола алатын, сыйлайтын, қорламайтын және зұлымдық жасамайтын жан ғана күйеу болуға лайық. Оған мына хадисті келтіруге болады:

Әбу Һурайрадан (р. а. ) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (с. а. у. ) : «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңе ұнайтын бір кісі келсе, онда үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер) . Олай істемесеңдер жер бетінде бүлік және ірі арсыздық болады», - дейді.

Slide 6

Ал, енді жігіттің жар таңдауына келер болсақ, ол дегеніміз - өз күйеуіне тақуалық, мінез-құлық, әдеп, ізгілік және сұлулық тұрғысынан абзал болған әйел. Абдуллаһ ибн Әмір (р. а. ) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Расында дүниенің баршасы нығмет, оның ең қайырлысы - әйел», - дейді.

Сондай-ақ, Әбу Һурайрадан (р. а. ) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымызға (с. а. у. ) : «Қайсы әйел жақсырақ?» - деген сұрақ қойылған. Сонда Аллаһ Елшісі (с. а. у. ) : «Егер қарасаң - қуандыратын, бір нәрсе бұйырсаң - бағынатын және өзі мен малына қатысты мәселелерде өзіңе қарсы шықпайтын әйел» - деп жауап береді.

Қандай әйел алу керектігі туралы Шал ақын «Әйел туралы» өлеңінде былай дейді:

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқадан да жақын кісің.

Ағайынға, туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Еріне аю, баласына қасқыр болса,

Ондай әйел алғанның күні құрсын.

Slide 7

Отбасын құру

Қай халықтың болса да, соның ішінде біздің халқымыздың да сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыстар бар. Соның бірі - отбасын құру. Үйлену жаңа отау құру үміт пен тілекті келешекпен жалғастыратын мәнді нәрсе. Сонымен қатар «Үйлену оңай, үй болу қиын» дегендей, отбасылық өмірдің өзіндік жауапкершілігі мен ауыртпалығы да бар.

Slide 8

Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстүрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.

Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жүргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сүйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiң бұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.

Slide 9

Бүгінде көптеген отбасылар жанұялық сынақтарды көтере алмай, келеңсіздіктерге бой алдырып жүргендер бар. Бізді жаратқан Алла бізге қажеттінің бәрін шариғатымызда көрсетіп берген. Отбасындағы түйткілді мәселелер көбіне ер мен әйелдің өзара міндеттеріне салғырт қарауынан туындайды. Ең бастысы ақ некелі отбасында әділдік пен адалдық салтанат құруы тиіс. Жанұяда ер мен әйел өз махаббаттарына адал бола отырып, қиянатқа бармай, өмірдегі кездескен қиыншылықтарды ақыл парасатпен, төзімділікпен жеңе біліп, өз міндеттерін адалдықпен атқаруы керек.

Slide 10

Алла елшісі: «Әйелдің сіздерге қатысты міндеттері бар. Сондай-ақ сіздердің де әйелдерге қатысты міндеттеріңіз бар» дей отырып, өзара міндеттерімізге адалдық танытуды меңзейді. Сондықтан ерлі-зайыптылар өзара қарым қатынаста әдептен аттамай, бір-біріне қамқорлықпен қарап, ұсақ-түйек кемшіліктеріне кешіріммен қарау арқылы бақытты отбасын қалыптастырады. Әсіресе ер азамат отбасының берік діңгегі болуға лайықты. Хадисте: «Ер адам жанұяның тәрбиешісі. . Сол үшін сұралады» дейді. Шаңырақ басшысы болғандықтан үй ішін қажетті нәрселермен қамтамасыз етумен қатар, аманат иесі екендігін ұмытпағаны жөн. Әйел - ер адамның жақыны, өмірлік серігі.

Slide 11

Жақсы жар болу құпиясы

Еріңізді және оның құқын сыйлаңыз, өз құқыңыз бен орныңызды біліңіз.

Ер мен әйелдің арасында физикалық, психологиялық айырмашылықтар бар және бұл айырмашылықтар олардың рөлі мен міндеттеріне тікелей әсер етеді. Отбасындағы ер мен әйелдің құқықтарына қатысты Пайғамбар сүнетті мен Құранды зерделеңіз. Өз құқыңыз бен еріңіздің құқын толық біліңіз. Мұсылман ерлі-зайыптылар өздеріне Алла берген құқықтарын сақтауы тиіс. Тақуа әйел - бұл біріншіден Алланың бұйырғанына бойұсынатын және өзінің еріне адал болып, оның құқықтарын өзінікінен жоғары қоятын әйел. Еріңізді және оның құқын сыйлаңыз, өз құқыңыз бен орныңызды біліңіз.

Үй шаруасына ұқыпты болыңыз

Жиналған үй, таза пәтер, дәмді ас - сіздің еріңіздің сөзсіз көңілін қуантады. Өзі жоқта үйге ие бола алатыныңызға толық сенімді болып, жұмысымен алаңсыз шұғылдана алады. Әйел - ошақ қорғаны. Ал үй - бұл ер адам үнемі асығып тұратын мекен болуы тиіс.

Slide 12

Ашуға бой алдырмаңыз

Ұрыс-керіс пен ашу отбасының шаңырағын шайқалтып, ерлі-зайыптылардың арасын алшақтатады. Шайтанның ықпалына түсіп кетпеңіз. Оның еркіне көніп, отбасыңыздың берекесін алмаңыз. Түсінбестік туындағанда сабыр сақтап тынышталуға, содан кейін барып сөйлесуге тырысыңыз.

Еріңізге ренжімеңіз


Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Тәуелсіз мемлекет
Цицеронның саяси ойлары
Тауке ханның басқару кезінде
«Азаматтық, қазақстандық
1 мамыр – Қазақстан халық тарының бірлігі күні
Бір-халық, Бір-ел, Бір-тағдыр
Тіл көрнектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz