Қазақ халқының рухани адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектісі



Қазақ халқының рухани адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектісі
Орындаған:Қожабергенова Н. А,
Балгалиева А. К, Таймасова З. М
Тексерген: Баярыстанова Э. Т

Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр.
Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары
Қонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу.
Ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл және байсалды болу.
Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды сақтау және қастерлеу
Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі
Денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері.
Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу
Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. Ұлттық қазыналарды қастерлеу. Өсиеттер мен аманаттарға назар аудару.
Парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттерді бойына сіңірген тұлға болу

Жеке адам болу дегеніміз - азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати .
Мұхаммед Хайдар Дулати
1499-1551.

Еңбек тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі
Эстетикалық
тәрбие
Экологиялық тәрбие
Дене тәрбиесі
Табиғатты қорғау дәстүрлері. Аңшылық және саятшылық салты. Экологиялық тақырыптарға арналған тыйым сөздер. Мал өрісі және оны түрлері. Жануарлар дүниесін және өсімдік-топырақ жамылғысын қорғау.
Этномузыкалық аспаптарда ойнау. Халық әндері мен билерінің тарихы. Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер жасау. Айтыс дєстүрі. Ою-өрнектердің тарихы. Сурет салу. Таңбалы тастар. Ұлттық қолөнер туындылары. Тән мен жан сұлулығы
Әскери-жауынгерлік өнер. Ұлттық-спорттық ойындар. Ат құлағында ойнау. Төзімділік, қаһармандық һәм батырлық дәстүрлері. Соғыс өнері. Әскери-көшпенділік тұрмыс салты. Дене болмысы.
Күрделі ұғымдарды қабылдау. Ой-пікірлерді жетілдіру. Қоршаған орта мен тұрмыс қайшылықтары туралы көзқарас қалыптастыру. Ойлау және талдау. Жаттау. Есте сақтау. Қайталау
Малды күтіп-баптау. Егін егу және диханшылық. Кесте тігу. Жіп иіру. Киіз үй тігу жєне жинау. Көші-қон салты. Балық аулау. Мал жаю. Бұйымдар жасау. Үй салу (асар) . Мал етін мүшелеу. Малды күтіп-баптау дәстүрлері.
Ұлттық салт-дәстүрлер мен мейрам жораларды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Жақсы қасиетерді және әдеттерді үйрену.
Әлеуметтік орта және ұлттық
тәлім-тәрбие үрдісі
Ұлттық тәрбие үрдісінің халық тұрмысында кешенді жүргізілу жүйесі

Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрып, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттермен анықталады және ол адам тұлғасының даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері
Ұлттық
тәлім-тәрбиенің
әдіс-тәсілдері
Дидактикалық талап
Әлеуметтік-этикалық талап
Ырымдар мен тыйым сөздер
Тұрмыс-салттық талаптар
Жаттау, санау. Айтқызу, үйрету, үйрену. Ақыл кењес беру және баулу. Бақылау, қайталау Және салыстыру. Ойындар мен жұмбақтар. Жазу-сызу және оқыту.
Тәртіпті, ұқыпты болу. Кемшілігін айту. Талап қою және сендіру. Мақтау, мадақтау және сендіру. Талпындыру және жігерлендіру. Мінез -құлық пен жас ерекшеліктерге мән беру
Керегеге керілме. Жағыңды таянба. Шашыңды жайма. Саусақты шошайтпа. Табалдырықты баспа. Таңдайыңды қақпа. Бүйіріңді таянба. Көлді баспа.
Үлгі-өнеге. Қызығушылығын арттыру. Жазалау және зеку. ұлттық дәстүрлерді пайдалана отырып шара қолдану. Түсіндіру. Көз жеткізу. Ар-намысын ояту. Ойландыру. Тапсырма беру. Еңбегін және білімін бағалау.

Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттерімен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «Бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуіде ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастарға түсінікті болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді.

Ғылыми-практикалық конференциялар материалдары. Интернет желісіндегі электронды-педагогикалық ақпараттар мен газет-журналдар және басқа басылымдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz