БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ


Slide 1

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру»

«Бәсекеге қабілеттілік»

509 Б

Маратов Еркебұлан

Каримолла Айдана

Таңатар Айдана

Тұрғанбаева Жарқынай

Slide 2

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Slide 3

Жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:

Бәсекеге қабілеттілік;

Прагматизм

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Білімнің салтанат құруы

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Сананың ашықтығы

Slide 4

ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауының негізінде айтылған бірінші бағыт - бәсекелік қабілет.

Өз сөзінде: «Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. » дейді. Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.

Slide 5

БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес,

адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан,

әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.

Slide 6

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасын қолдау және игеру арқылы, біз жетістіктерге жете аламыз.

«Цифрлы Қазақстан»

«Үш тілде білім беру»

«Мәдени және конфессияаралық келісім»

Аталған үш бағдарламаның ішінде «Үш тілде білім беру» жүйесі іске асу үстінде. Мектеп, жоғары оқу орындарында үш тілде білім беру, көп тілді меңгеру жан-жақты талқылануда. «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыған технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.

Slide 7

Жоғалып кеткен ата дәстүрлеріміз бен салт - санамызды жаңғырту арқылы жас ұрпақты патриотизмге баули аламыз. Сондай-ақ, Елбасы ұсынып отырған үш тілді саясаттың да бізге берері мол. Көп тілді меңгерген азамат қай қоғамда да сұранысқа ие. Әрине, Қадыр Мырза Әлидің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қасиетті сөзін естен әсте шығармауға тиіспіз. Өз тілін, туған жерін, тарихын сүйетін, ұлтын қадірлейтін, дәстүрін құрметтейтін халық қана «Мәңгілік ел» бола алады. Міне, біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып, жаңалық атаулысына да бой үйретуіміз керек. Осылайша, еліміз рухани тұрғыдан жаңғыра алады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама - ел еңсесін тіктейтін құрал болып отыр.

ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ДА ЖАҢҒЫРТА БІЛУІМІЗ КЕРЕК

Slide 8

Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас

халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ел Президентінің ерекше назар аударып отырғаны

бекер емес. Өйткені, әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың экономикада ғана емес, рухани әлемде де озық болуын қажет етері сөзсіз.

Бәсекеге қабілетті ұлт болуымыз үшін, оған сай білім мен біліктілік қажет

Slide 9

«Біріншіден, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншіден, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».

Бүгінгі таңда әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен оларды он орап алатын өткен тарихыңмен бәсекеге түсіп, басып оза алмайсың. Сондықтан да, ҚР Тұңғыш Президенті өз мақаласында өткен мен бүгіннің

жаңашылдық көзқарасын қабыстыру мәселесіне ғылыми тұрғыда

келу қажеттігін астарлайды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:

Slide 10

Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның

ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне

айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін əкелері анық.

Біз саяси жаңғыру мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қолға алып, бүгінгі күнге нақты нəтижелермен жетіп отырмыз.


Ұқсас жұмыстар
РУХАНИ - ЖАҢҒЫРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САНА
Рухани жаңғыру міндеті
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасы
Философия және Рухани жаңғыру
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Қазақстаның қасиетті рухани
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту
Сананың ашықтығы
Бәсекелік күрес деңгейін талдау
Білімнің салтанат құруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz