Діни санадан
Презентация қосу
НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО
«КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Қазақстан тарихы және әлеуметтік- гуманитарлық пәнедер кафедрасы 13-сабақ
Философия пәні
Діннің құрылымы, оның
негізгі элементтері. Діни
сана ұғымы және оның
қарама-қайшылығы
Орындаған: Арқабай Ж ,Баратова Ұ,
Тұрсынбеков Н, Түймебек А.
Дін дегеніміз - әлемді танудың ерекше формасы,
жоғарғы күштерге сену арқылы моральдық
нормалар мен әр түрлі культтық дәстүрлерге
бағыну.
Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып
табылады. Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі.
Ол негізінен үш түрлі элементтерден тұрады.
1. Діни санадан;
2.Діни мінәжаттан;
3. Діни ұйымдардан.
Діни сана діннің негізгі элементтерінің бірі. Діни сана қоғамдық
сананың ежелгі формаларының бірі. Діни сана екі деңгейден тұрады.
Бірінші деңгейі-діни идеология. Діни идеология дегеніміз-белгілі бір
тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Діни идеология
діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеясының жүйесі.
Екінші деңгейі-діни психология. Діни психология дегеніміз белгілі бір
дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-
құлықтарының жиынтығы.
◦Діни құрылымның келесі элементі “діни
мінәжат” болып табылады. Діни мінәжат діндер
өмірінде, дінді ұстанушылар өмірінде және
қоғам өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат
дегеніміз-белгілі бір объектіге ықпал етуге
бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері
мен практикалық дене қимылдарының
жиынтығы. Мысалы, әлем діндерінің бірі-ислам
дінінде намаз оқумен қатар, ораза тұту,
құрбандық шалу, дін ғұрыптарын ұстану, діни
салттарды орындау сияқты ғибадат етудің
көптеген түрлері бар.
Дін құрылымының үшінші негізгі
элементі діни ұйымдар. Діни
ұйымдарға ең алдымен шіркеулер,
мешіттер, ғибадатханалар жатады.
Сонымен қатар діни оқу
мекемелері, діни мүліктер, діни
қозғалыстар жатады. Шіркеулер,
мешіттер діндердің біршама
дербестігі бар институттары,
мекемелері. Шіркеу мен мешіттер
белгілі бір дінді ұстанатын
адамдардың мінәжаттарын
ұйымдастыруға көмектеседі
Дiни сананың кiрiктiруші күшi дiни сенiм болып табылады.
Соңғысы адамның психологиясындағы ерекше феноменнiң
арқасында “өмiр сүредi”. Сенiм – мақсатқа жетуге, оқиғаның болатынына,
адамның алдын ала болжанған жүрiс-тұрысына, қойылған мақсат жөнiнде
нақты ақпарат жетiспеген жағдайда идеяның ақиқаттылығына, оқиғаның
соңғы қорытындысына, алдын ала болжанған жүрiс-тұрысқа,
тексерудiң нәтижесiне сенiмдi болу. Онда қалаған нәрсенi iске
асыруға деген үмiт артылады. Бұл психологиялық күй табысты әрекет
жасауға мүмкiндiк болған кезде, оның нәтижелi аяқталатыны туралы және
сол мүмкiндiк туралы бiлген кезде ситуацияның ықтималдығында
пайда болады.
Егер оқиға орындалса немесе оның мүмкiн екендiгi анықталса, егер жүрiс-
тұрыс iске асырылса немесе оның iске асатыны байқалса, егер идеяның
ақиқаттылығы немесе жалғандығы дәлелденсе, онда сенiм өшедi.
Сенiм адамдар үшiн аса маңызды мағынасы бар процесстер, оқиғалар,
идеяларға қатысты пайда болады және өздiгiнен когнитивтi, эмоциялық және
жiгерлiк сәттердiң қоспасын бiлдiредi. Сенiм ықтималдық
жағдаятында пайда болатындықтан, соған сәйкес адамның әрекетi қатермен
байланысты. Бұған қарамастан, ол жеке адамның, топтың,
көпшiлiктiң бiрiгуiне маңызды дерек, адамдардың шешiмдiлiгi
Діни сана – қоғамдық сананың тарихи
формаларының бірі. Философиялық
тұрғыдан зерделесек, мәңгілік ақиқат,
адамзат баласына игілігі ортақ құндылық.
Тарихта адамзаттың екінші ұстазы атанған
әл-Фараби дін дегеніміз жаратылыс иесінің
адамзат баласына салып берген тура жолы
деген. Дінді мәңгілік ақиқат дейтін себебіміз,
адамзат баласы қаншама тарихи дәуірді
басынан өткізді, бірақ, тарихи қиын
уақыттарда діннен қол үзген емес. Қоғам
өркениет жолында болса да, дін адамнан,
адам діннен қол үзбейді. Сондықтан да, дін
дегеніміз адамзат тарихы мен мәдениетінің
ажырамас бөлігі болып саналады. Бұған
біздің тарих та мысал бола алады.
◦Дiни сана сезiмдiк (аңдау, елестету образдары) және
ойлау (ұғым, пайымдау, ой қорытынды) формаларында
көрiнедi. Соңғыларының маңыздылығы концептуалды
деңгейде анағұрлым өсе түседi, жалпы алғанда,
сенсорлық құрылымдар басым болады, елестету ерекше
үлкен рөлдi ойнайды. Образды материалдың дереккөзi
ретiнде табиғат, қоғам, адам қызмет атқарады;
сәйкесiнше, дiни жаратылыстар, қасиеттер,
байланыстар табиғат, қоғам, адамға ұқсас жасалады.
Дiни санада мағына-образдар маңызды, олар
елестетуден ұғымға көшудiң өтпелi
формасы болып табылады. Дiни сананың
мазмұны тәмсiл (притча), әңгiме, миф сияқты әдеби
жанрларда жиi көрiнiс табады, бейнелеу, мүсiндеу
өнерiнде “кескiнделедi”, әр түрлi заттар, графикалық
сызбаларға және т.б. байланады.
Дiни сананың екi деңгейi бар –
•әдеттегі
• концептуалдық.
Әдеттегi дiни сана адам болмысының тiкелей шағылысы болып
табылатын образдар, елестер, таптаурындар, нұсқаулар, мистериялар,
иллюзиялар, көңiл-күйлерi мен сезiмдер, елiгулер, үмiттер, ерiк,
әдеттер мен дәстүрлердiң бағыттылықтары түрiнде көрiнедi. Ол тұтас,
жүйеленген түрде емес, үзiндi - жеке дара түсiнiктер, көзқарастар немесе
мұндай түсiнiктер мен көзқарастардың жеке байламдары формасында
берiледi. Бұл деңгейде рационалдық, эмоциялық және жiгерлiк элементтер
бар, бiрақ эмоциялар – сезiмдер мен көңiл-күйлерi басым рөлдi ойнайды,
сана мазмұны көрнекi образдық формаларға енедi. Әдеттегi
сананың компоненттерiнiң арасында салыстырмалы түрде тұрақты,
консервативтi және қозғалмалы, динамикалық компоненттер анықталады;
бiрiншiлерiнiң қатарына дәстүрлердi, салттарды, таптаурындарды,
екiншiлерiне көңiл-күйлерiн жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл деңгейде
түсiнiктердi, ойлау образдарын, сезiмдердi, иллюзияларды берудiң дәстүрлi
әдiстердi басымдылық танытатынын, дiннiң әрқашан жеке
адаммен тiкелей байланысты екенiн, әрқашан жеке формада көрiнетiнiн
басып айту қажет.
◦ Концептуалды деңгейдегi дiни сана – концептуалданған сана – бұл
ұғымдардың, идеялардың, ұстанымдардың, пайымдаулардың,
дәлелдердiң, тұғырнамалардың арнайы жасалған, жүйеленген
жиынтығы. Оның құрамына:
◦ 1) Құдай (құдайлар), дүние, табиғат, қоғам, адам жөнiнде
мамандардың (дiн оқуы, теология, дiни iлiм, сенiм рәмiздерi және
т.б.) мақсатты түрде жасаған азды-көптi тәртiпке келтiрiлген iлiмi;
◦ 2) экономиканы, саясатты, құқықты, моральды, өнердi дiни
дүниетаным ұстанымдарына сай түсiнiктемелеу, яғни дiни-
құқықтық, дiни-этикалық, дiни-эстетикалық және басқа да
тұғырнамалар (еңбек теологиясы, саяси теология, шiркеулiк құқық,
әдептiк дiни ілiм және т.б.);
◦ 3) дiни iлiм мен философия тоғысында орналасқан дiни
философия (неотомизм, персонализм, христиандық
экзистенциализм, христиандық антропология, жалпы тұтастық
метафизикасы және т.б.) жатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1)Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
2)“Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.
3)Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz