Тіс жегі қуыстарын реставрациялау ерекшеліктері


Slide 1

Тіс жегі қуыстарын реставрациялау ерекшеліктері. Жанасу нүктесі, мəні мен қалпына келтіру əдістері

Қарағанды медицина университеті

Стоматология мектебі

Орындаған: 2-004 топ студенті Қален Тайжан

Мамандығы: стоматология

Тексерген: Курдабаева А. С.

1

Notes: Оригинальные шаблоны для презентаций: https://presentation-creation. ru/powerpoint-templates. html

Бесплатно и без регистрации.

Slide 2

Мазмұны

2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Тіс жегі туралы сипаттама

Емдеу тәсілдері

Тісжегі қуысын егеп-тазалау

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Тісжегі - тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын, қатты тіндердің минералды заттарының еруі, органикалық құрамының ыдырауы нәтижесінде тістің бүтіндігінің бұзылып, ақаулардың немесе қуыстардың пайда болуымен сиппаталатын патологиялық үрдіс.

3

Slide 4

Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады: - Бастапқы тісжегі немесе тісжегі дағы - Жоғарғы тісжегі немесе кіреуке тісжегісі - Орта тісжегі - Терең тісжегі

4

Slide 5

Тісжегісін емдеу

Тісжегісін емдеу шараларын екі топқа бөлуге болады: жалпылай және жергілікті емдеу.

Жалпылай емдеу организмнің қорғаныш қасиеті мен тістің қатты тіндерінің төзімділігің жоғарылатуға бағытталған. Осы мақсатта витаминдер жиынтығын, микро- және макроэлементтер қоспаларын тағайындау қажет.

Жергілікті емдеу әдістері тіс тіндеріндегі өзгерістерге байланысты жүргізіледі. Тісжегінің дақты кезеңінде немесе кіреукенің ошақты минералсыздану сатысында дәрі-дәрмектер қолданып емдейді, ал қуыс құрылу сатысында бұзылған қатты тіндерді егеп-тазалап алып, ақауды пломбылық материалдармен бітеу немесе пломбылау әдісі қолданылады.

5

Slide 6

Тісжегі қуысын егеп-тазалау

Тісжегі қуысын егеп-тазалау - тісжегіні жергілікті емдеу шараларының біпден-бір жауапты кезеңі болып табылады. Себебі, оның дұрыс орындалуы - тістің қатты тіндерінің әрі қарай бұзылмауының және қойылған пломбының ұзақ тұруының кепілі. Егеп-тазалау кезіндегі негізгі міндет - тістердің өзгеріске ұшырап бұзылған қатты тіндерін толық алып тастап, тазаланған қуыса пломбы ұзақ бекіп тұратныдай тиімді пішін бері. Стоматологияның даму барысында Г. В. Блэк тісжегі қуысын егеп-тазалаудың қағидасын ұсынды

6

Slide 7

Блэктің негізгі қағидалары

Сынып кету қаупінің алдын алу үшін тірегі жоқ кіреукенің салбырап тұрған шеттерін алу;

Тісжегілі дентинді толығымен, мұқият тазалау;

Алдын алу үшін кеңейту - тісжегінің рецидивін болдырмау мақсатымен тістің иммундық аймағына дейін қуысты профилактикалық кеңейту;

Қорап тәрізді пішінді қуысты жасау, ол шайнау кезінде түсетін жүктемеге тіс пен пломбаның төзімділігін қамтамасыз етеді.

Осыған сәйкес тістердің қатты тіндерін егеп-тазалау төрт кезеңнен тұрады.

7

Slide 8

Бірінші кезең - тісжегі қуысын ашу. Бұл кезеңді орындау мақсаты - тісегі қуысы аузындағы астындағы тірек дентин бұзылысқа ұшыраған жабынды кіреукені егеп немесе бұрғылап алып тастау. Астында қалыпты дентин қабаты сақталмаған кіреукені тісжегі қуысы жиегінде қалдырмау керек. Себебі, дентин арқылы жүретін зат алмасу үрдісінен айрылған кіреуке механикалық әсерлерге төзімсіз және тез сынғыш болғандықтан, қойылғанпломбаның жиегінде ақаулар пайда болып, тісжегі үрдісінің әры қарай дамуына мүмкіндің туындайды.

8

Slide 9

Тісжегі қуысын ашу көбінесе шарға немесе цилиндрге ұқсас беттері алмас үгінділерімен жабылған борлар көмегімен орындалады. Борлардың көлемі ауыз қуысының көлемінен кішірек және қуысқа еркін енулері керек. Шарға ұқсас борды тісжегі қуысына енгізгеннен кейін оны іштен сыртқа қарай айналдыра отырып, жабынды кіреукені егеп алып тастайды. Цилиндрге ұқсас немесе фиссурлы жүлгелі борлармен жұмыс істегенде олардың бүйір беттерін кіреукеге жанастыра отырып айналдырады және жабынды кіреуке толық алынғанға дейін егеп-тазалауды жалғастырады.

9

Slide 10

Екінші кезең - ыдыраған және жұмсарған дентинді алып тастау. Алдымен тісжегі қуысындағы ас қалдықтары мен ыдыраған және жұмсарған дентинді аршығыштың көмегімен алады, ал жұмсарған бірақ қаттылау және пигменттелген дентинді шарға ұқсас бормен бұрғылап алады.

10

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мектебі
Тісжегі қуысын егеп - тазалау
Пневмо - кинетикалық әдіс
Ерте жастағы балаларға тіс жегі профилактика бағдарламасы
Сілекей құрамы
Тістің флюорозы
Тіс - денсаулық кепілі
Тіс бетін кептіру
Тіс жегісінің таралуы мен қарқындылығын бағалау
Тіс эмальының химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz