Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары




Презентация қосу
№5 тәжірибе тақырыбы: Математиканы оқыту барысында қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды қолдану.

Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің міндеттері.
3. «Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік.
4. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлері.
5. Білім жүйесінің түсініктері.
6. Педагогикалық технологияның даму генезисі.
7. Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары.
8. Педагогикалық технологиялардың негізгі элементтері.
9. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
10. Түйіндеме.

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру
жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы
идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық
тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу
бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман – бүгінгі
студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларды бастауыш
мектептің оқутəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға
тырысуы тиіс. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп
тəжірибесінде тиімді қолдану, ең алдымен, оларды терең, жан-
жақты оқып-үйренуді талап етеді. Сондықтан да аталмыш курс
кредиттік жүйе бойынша білім беретін мамандықтардың оқу
жоспарына енгізілген.

Қазіргі заманғы педагогикалық технология
пəнінің міндеттері
Курстың міндеттері:
• «педагогикалық технология», «оқу пəндерін оқыту 8 9
технологиялары» ұғымдарына берілген анықтамаларға
талдаужасау;
• Бастауыш мектептегі пəндерді оқыту барысында қолдануға
болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау
жасау; Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сəйкес студенттердің білім, білік жəне дағдыларына
қойылатын талаптар:
– курстың объектісі, пəні, міндеттері мен зерттеу əдістері жайлы
түсініктері болуы тиіс;
– математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі
заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға
сипаттама жасап, талдай алулары тиіс;
– қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар
жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс;
– белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық
үдерісті таңдай жəне құра алулары тиіс.

«Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер
табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның
дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология – кешенді
үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-
жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау
жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың
шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп
түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы
бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В.
Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы
жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне
т.б.).

Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлері
Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде
оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай
ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы
қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала – субъект»,
«бала – объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми
білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің
əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады;
- - ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын
пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- - қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- - иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат»
үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет
қалыптасады;
- - саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны
мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде
адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- - оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге
келген жаңа қабілет;
- - дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның
негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық
жауапкершілігін арттырады.

Білім жүйесінің түсініктері
Рет тəртібі Оқушы іс-əрекеті
Білу Тыңдайды, қабылдайды, есте
сақтайды, түсінеді, ойлайды.
Түсіну Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
Қолдану Ойланады, салыстырады, табады,
талқылайды, ашады, іздейді.
Талдау Бұрынғы білім негізін пайдалана
отырып, жаңа мəселені шешеді.
Топтау Ойлап табады, құрастырады,
шығарады, байланыстырады.
Бағалау Бағалайды, талқылайды, өз талабын
айтады.

Педагогикалық технологияның даму генезисі
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, əдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің
бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тəрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып
табылады.

Технологиялардың пайда болуы ең алдымен əртүрлі теориялық жəне тəжірибелік іс-əрекет аймақтарына техникалық
прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл əлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің
педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, əрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша
құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық үдеріс,
операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару», –
деген.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы
меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология жəне шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын
педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен
анықталатыны байқалады. Бір ғана технология əр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру
ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі жəне кəсіби іскерлігі көрінеді.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру əдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-əрекетін
ұйымдастыру тəсілдері жəне мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын жəне оқыту
үдерісінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары

Педагогикалық технология аттары, Мақсаттары
авторы
Ынтымақтастық педагогикасы - талап ету педагогикасынан қарым-
қатынас педагогикасына өту;
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау,
оқыту мен тəрбиенің бірлігі.

Білім берудегі ізгілендіру - баланың жеке қасиеттерін ашу
технологиясы. арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
- баланың жаны мен жүрегіне
Амонашвили Ш. А жылылық ұялату;
- баланың танымдық күшін
қалыптастыру жəне дамыту.

Ойын арқылы оқыту технологиясы - дидактикалық;
- тəрбиелік;
- дамытушылық;
- Əлеуметтендірушілік.

Педагогикалық технологиялардың негізгі
элементтері
Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін міндетті түрде
төмендегі 5 элемент болуы қажет.
1. Мақсат қою. Мұғалім курстық тараудың көлемінде оқу үдерісінің
шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нəтижесі
оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.
2. Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға
бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа сəйкес
болжау жұмысы болады жəне ол шағын мақсаттың орындалуын
анықтайды.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
Деңгейлік мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы.
4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны
оқушылардың даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың
ұзақтығын орындаумен аяқталады.
5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек:
• қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;
• оқушылардың көп жіберетін қателіктері;
• оқушының оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің
педагогикаға тəн шараларының жүйесі.

Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Педагогикалық технология Классификациясы
1.1. Пайдалану деңгейі бойынша Жалпы педагогикалық жеке пəндік
жəне əдістемелік, жергілікті, модульді
жəне тар əдістемелік
1.2. Философиялық негізі бойынша Материализм жəне идеализм; ғылым,
дінжəне табиғижинақылық, гуманизм
жəне антигуманизм, антрософия жəне
теософия, прагматизм жəне
экзастенциализм, еркін тəрбие жəне
еркіндік.

1.3. Психологиялық дамудың жетекші Биогендік, социогендік, психогендік,
факторлары бойынша идеалистік.
1.4. Тəжірибені меңгерудегі ғылыми Құрамды-рефлекторлы. Гештальд
тұжырымдама бойынша технологиялары интериогаторлық,
сугистивтік, нейтролингвистік
бағдарламалары.

Түйіндеме
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мəселесі теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт
тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.

Практикалық сабақтарда білімгерлердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау
түрінде, іскерлік ойындарда əртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау жəне
педагогикалық ситуациялардымодельдеу түріндежүзеге асырылады.

Сұрақнама
1. Педагогикалық технология ұғымын анықтаңыз.
2. Педагогикалық технолгияның негізгі элементтерін анықтаңыз.
3. Білім берудің инновациялық түрлері?

Тапсырма
1. Слайдтан негізгі ақпаратты конспектілеңіз.
2. Тақырып бойынша қосымша мәлімет тауып жазыңыз

Пайдалынған әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Ə. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. /Л.
Гумилев атындағы Еуразия университетінде оқыған лекция. – Егемен Қазақстан, 2006, 27
мамыр
2. Назарбаев Н. Ə. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! / Қазақстан халқына Жолдау. – Егемен
Қазақстан, 29 қаңтар 2011 жыл.
3. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». – Астана, 2007
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана,
2006.
6. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауы. – Астана, 14 желтоқсан 2012 ж.
7. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование,
1998.
8. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995.

Назарлыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Білім беруде әдіскерлік жұмыстың формасы
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМБЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫНА ТАЛДАУ
Сандық сауаттылық
Қазіргі оқушы
Ақпараттық технологиялардың пайдасы
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық- компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі туралы
Көп қабатты тұрғын үйлерді тұрғызу технологиясының параметрлерін жүйелі бағалау туралы
Ақпараттық және сандық білім беру ресурстары туралы ақпарат
Ақпараттық жүйелер
Пәндер