СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ
Презентация қосу
СӨЗЖАСАМДЫ
ОҚЫТУ
Орындаған: Жораева Н
Қабылдаған: Темірбекова Г
Тобы: 117-81
ЖОСПАРЫ
1. Мектепте сөз жасалымын оқытудың маңызы,
мазмұны, міндеттері мен принциптері.
2. Сөз жасалымын сөз таптарымен,
орфографиямен, тіл мәдениетімен және
стилистикамен байланыста оқыту.
3. Сөзжасамды оқытуда қолданылатын әдіс-
тәсілдер және оларды қолдану жолдары.
Сөз құрамы тақырыбын өткенде, алдымен
морфемалардың өзіндік белгісі тәжірибелік жұмыс
жүргізу арқылы аңғартылады, содан соң
грамматикалық белгісі ұғымының анықтамасы
түсіндіріледі, ақырында, жаттығулар арқылы
танытылған ұғымдар, ережелер бекітіледі.
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру
әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мән-
мағынасына айрықша назар аударылады.
Сөз құрамын айтудан бұрын кейде қысқа-қысқа
сөйлемдерді оқытып, әр сөйлемде неше сөз бар
екенін, әр сөзде неше буын, әр буында неше дыбыс
бар екенін таныту да өз нәтижесін береді. Осылай
бүтіннен бөлшекке қарай талдау жасағанда, бала әр
бөлшектен, керісінше, бүтін сөз, ал бүтін сөзден
сөйлем құралатынын білгені жөн. Сөйлем – ойды
айтудың негізгі формасы. Сондықтан сөзді
сөйлемнен шығарып, сөйлемнің сөзден
құралатынын оқушыларға жеңіл түрде түсіндіре
алған мұғалім сөздің басты грамматикалық
қызметін балаларға дұрыс танытуға жол ашады.
Оқушылар түбір, туынды сөздерді салыстыра
оқып, мағыналық айырмашылығын, соған лайық
тұлғалық айырмашылықтарын айтуға тиіс. Бірақ
оқушылар бірден сөздерді жүгіртіп оқып,
тапсырманы тез орындай салмауы керек.
Тақтадағы көрнекілік сызықшаның екі жағындағы
сөздерді сыныптағы барлық бала бір-бір рет өздері
оқып алғаннан кейін, бірнеше бала оларды дауыстап
қайта оқып, әр сөздің мағынасын айтып беруі керек.
Одан әрі сөздің буын, дыбыс құрамының әр түрлі
болатынын білдіру керек те, енді сөздің түбірі,
қосымшасы болатынын білдірген дұрыс.
Түбірдің негізгі мағына білдіретін сөз бөлшегі, қосымшаның
түбірге жалғанып, оған мағына үстейтіні, түбірдің
мағынасын өзгертетіні, сөз бен сөзді байланыстыратыны
біртіндеп түсіндіріледі. Гүлдер далаға көрік берді сияқты
сөйлемдерді көшіргеннен кейін, ондағы сөздерді оқушыға
қосымшасыз айттырып көру керек. Сондай салыстырулар
нәтижесінде оқушылар қосымшалардың не керегі барын,
сөзге қосымшалардың керектігін, жалғауға тиісті екенін
аңғарады. Немесе домбырашы – домбыра, балықшы – балық,
қой – қойшы, ән - әнші сияқты сөздерді салыстырып,
әрқайсысының түбірі бір, мағыналары әр басқа екенін, олай
болу себебін оқушылардың өздері айтатындай етіп
түсіндіру керек. Содан кейін түбір сөздің, қосымшалы сөздің,
қосымшаның анықтамасын, ережесін оқытып, дәптерлеріне
көшіртуге болады.
Оқушыларға тақырыпты әбден меңгертіп алып, артынан
дағдыландыру үшін оқулықта берілген жаттығуларды, әр
түрлі деңгейлік тапсырмаларды, кеспе қағаздар /карточка/
тарату арқылы жаттығу жұмыстарын орындатқан жөн.
Негізгі түбір сөздің және оған жалғанатын бөлшегінің бар
екенін, қосымша жалғанған сөздің қосымшалы сөз екенін
түсіндіріп,оқушылар түбірден қосымшаны айыра
алатындай болған кезде, жуан, жіңішке қосымшаларды
сөздерге жалғатып машықтандыру керек.Ол үшін
сөйлемдерді оқытып, олардан түбір сөздерді таптырамыз.
Осы арада түбірге қосымша жалғатып айттыру керек. Енді
оқушылар қосымшаның сөзге жалғанғандағы қызметін
аңғаратын болады. Жуан дауысты түбірге жуан, жіңішке
дауысты түбірге жіңішке қосымша жалғанғанын сынып
оқушылары мүдірмей айта алатындай болуы керек.
Сөзге жалғанатынның бәрін қосымша деп
танытқаннан кейін қосымшаның жұрнақ пен жалғау
болып екіге бөлінетінін меңгерту керек. Міне, осы
арада қиындық туатыны сөзсіз. Оқушыларға жұрнақ
пен жалғауды айыра алатындай бастапқы білім
берудің дұрыс жолдарын қарастырған мұғалім ол
қиындықты да жеңе алады. Сөзге жұрнақ
жалғанғанда, оның бұрынғы мағынасы өзгеріп, басқа
затты білдіретіні, жалғау жалғанғанда, сөздер
ондай өзгеріске ұшырамайтынын нақты мысалдар
келтіре отырып, салыстыра түсіндірген жөн.
1992 жылы қазақ тілі
бағдарламасында «Сөздердің
жасалуы» атты жаңа бөлім
енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып
бағдарламасында: «Сөз тұлғасы
туралы түсінік, түбір сөз,
қосымшалы сөз, қосымшалы
жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік,
септік, жіктік жалғаулары, туынды
түбір, түбірлес сөз» деген
тақырыптар қамтылса, 5 сынып
Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер
және оның түрлері. Қысқарған сөздер және
оның емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды.
Бұл аталған тақырыптар бұрынғы
бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз
құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы
тақырыппен морфология бөлімінде
қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде
сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп
дербес қарастырылуда, яғни оның
лингвистикалық негізі – сөздердің жасалу
процесі – тек грамматикалық
(морфологиялық) құбылыс қана емес,
сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын
молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде
сөздердің жасалуы – сөздің құрылымын,
морфемалық құрамын, сөз жасаудың
тәсілдерін және сөздердің жасалуының
әртүрлі жолдарын зерттейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың
танымдық әрі практикалық зор маңызы бар.
Сөздердің жасалуымен танысу, біріншіден,
сөз құрылымының дамуы мен сөздердің
жасалуы белгілі бір заңдылыққа
бағынатынын көрсету болса, екіншіден,
тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің
арасындағы өзара байланыстылықты
көрсету, бір жағынан сөз жасау деңгейі,
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар
жүргізу орфографияны білуге,
орфографиялық дағдыларды
қалыптастыруға негіз болады. Өйткені
орфографиялық принциптердің ішінде
негізгісі морфологиялық принцип болса, түбір
сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы
қалпын сақтайды.
Сөздердің жасалу жолдарын үйрету –
грамматиканың морфологиялық
құбылыстары туралы білім берудің, сөз
таптарының ерекшеліктерін білдірудің
негізі. Қазақ сөздерінің аналитикалық және
Қазақ тілінің жалғамалық сипаты оның
адам ойын жеткізудің пәрменді құралы
болуының бір себебі екеніне мән
берілгені жөн. Мысалы, жаңа
сөздердің бәрі тек жалаң түбірлерден
ғана емес, туынды түбірлерден де
өрбитініне көз жеткізу арқылы
жалғамалы тілдің артықшылығын
аңғаруға болады: тең-гер-ме-ші-лік,
оқы-мыс-ты-лық т.б. Осы секілді
сөздердің әрбір жұрнақ жалғанған
қалпындағы мағыналарына талдау
жасату тек сөз мағынасы мен
сөз мағынасы мен қосымшаның өзара
байланыстылығын танытып қана
қоймайды, сонымен қатар сөз
түрлендірудегі белгілі бір жүйелі
заңдылықтың болатынын
ұғындырады. Бұл білім бұдан кейінгі
оқылатын «Сөз таптары» тақырыбын
дұрыс түсініп, олардың әрқайсысының
өзіне тән белгілерін тез аңғаруға тірек
болады. Сөздердің жұрнақтары
арқылы бірінен екіншсіне «көшіп
отыруының» да түпкі себебін, яғни
жұрнақтың сөз мағынасын өзгертудегі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.
1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004
4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ
тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.
М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и
образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz