Пьер Бурдьенің әлеуметтік кеңістігі



Пьер Бурдьенің әлеуметтік кеңістігі.
Жұмағали Дамира
ДЗК-201

Бурдье Пьер (1930) - франция әлеуметтанушысы. Париждегі Жоғары әлеуметтік ғылыми зерттеу мектебінің басшысы. Негізгі еңбектері мәдениет, білім, өнер, социолингвистика және әлеуметтану ғылымның эпистемология- сының жалпы проблемаларына арналған. Бурдьенің әлеуметтік көзқарастарының құрылуына К. Маркс және М. Вебер әсер етті. Бурдьенің әлеуметтік теориясының негізгі түсініктері: алаң, habitus, "жәбір нышаны", "білімсіз". Қоғам Бурдье бойынша әр түрлі алаңдарда құрылған қарым-қатынас жиынтығы. Олардың әр қайсысының өзіндік спицификалық билік түрлері бар. Habitus - бұл құрылымдық әлеуметтік қарым-қатынас, интеграцияның схемалық жиынтығы, әртүрлі алаңдардың интериоризациясы, көп мерзімді топтық және индивидуалдық жүйелерді орнату. "Жәбір нышаны" - маңызды билік функциясы. Шығармашылық жолының бастапқы кезеңінде Марксизмнің ықпалына түскенімен, кейінгі зерттеулерде оны өткір сынға алды. Ол негізінен ғьшымда әлеуметтік кеңістік құрылымы жайлы зерттеген. 1975 ж. ол жан-жақты халықаралық ғылыми байланыстар мен бағдарламалары бар аса ірі Еуропа әлеуметтану орталығын басқарды. Сол жылы Бурдье "Әлеуметтік ғылымдағы ғалымдардың еңбектері" ("Actes de la reherch en sciences") атты журналды үйымдастырып шығарды. Бүл журнал сол уақытта Францияның әлеуметтік журналдарының арасында ең беделдісі саналды. Ол өзінің еңбек жолының әр кезеңінде әлеуметтік қайта құруды, білім жүйесін, мемлекетті, билік пен саясатты, әдебиетті, масс-медианы және әлеуметтік ғылымдарды зерттеді. Оның негізгі еңбектері: "Әлеуметтік саясат", "Университеттік тақта және шығармашылық: схоластикалық бөлінуге қарсы", "Мемелекет рухы: бюрократиялық кеңістіктің құрылымы мен генезисі", "Социология және демократия", "Практикалық ой" және т. б.

П. Бурдье - 60-жылдардағы француз ойшылы. Шығармашылық жолының бастапқы кезеңіндегі марксизмнің ықпалына түскенімен, кейінгі зерттеулерінде оны өткір сынға алды. Бурдье тұжырымдамасына неғұрлым ықпалды әсер құрылымдандыру тарапынан болған байқалады. Бұл философиялық ағым 60-жылғы Францияда аса ықпалды болды, өйткені К. Леви-Стросстың жұмыстарының арқасында антропология нысанындағы құрылымдандыру әлеуметтік ғылымдар арасында белгілі болған бірден-бір пәнге айналды.

Бурдьенің пікірінше, әлеуметтану бір адамның бойында биологиялық жеке тұлға және әлеуметтік агент қасиеттерін сиғызатынын ескере отырып, зерттеуге тиісті. Олар кез-келген де немесе зат сияқты белгілі бір кеңістікте нақты бір орынды иеленеді. Орын немесе foros - агенттің белгілі орнына байланысты айқындалады. Оның алатын орны жазықтық, көлем, кеңістік болуы мүмкін. Алайда физикалық кеңістік оның бөліктерін құрайтын сыртқы жақтары арқылы айқындалса, сол сияқты әлеуметтік кеңістік ұстанымдардың өзара бірін-бірі жоққа шығару шектері арқылы анықталады. Бұл әлеуметтік ұстанымдардың қатар орналасуының құрылымын түзеді. Әлеуметтік агенттер, сондай-ақ агенттер меншіктеген заттар әлеуметтік кеңістіктегі белгілі бір орынға орналасқан, олардың сипатталуы да өзге орындағаны реалитивті қатынасына және бұл орындағаның өзгемен алшақтағына байланысты анықталады.

Әлеуметтік кеңістік құрылымы жайлы зерттеген Пьер Бурдьенің Париждің кеңістігі жайлы ой-пікірі қызықты болып табылады. Бурдьенің айтуынша, Париж кеңістігі орталық, шеткері, қала маңы тұрғындарының кеңістік тұрғын жай бөлінісімен көзге түсетіндігімен қатар, тағы бір айрықша айқын оппозиция ретінде қарама-қарсы ұстанымдар - «оң жағалау» мен «сол жағалаудың» қарама-қайшылығын білеміз.
Әлеуметтік кеңістік - абстрактілі кеңістік. Ол көптеген кеңістік асты немесе экономикалық, интеллектуалдық және басқа өрістердің ұштасуынан құрылған, өз құрылымымен капиталдың жекелеген түрлерінің бөлісіне тәуелді. Нәтижесінде, Пьер Бурдьенің пікірінше, габитус (habitus) өмір сүру ортасын әлеуметтік пайдалану арқылы, өмір сүру кеңістігін қалыптастырады.

П. Бурдье практикалық мән кітабында «теоретикалық ақылға сын» және «құрылым, габитус, практика» мәселелеріне тоқталады. Объективизм әлеуметтік ортаны қимыл әрекетке қатысты бір көзқарасты ұстанған бақылаушыға ұсынылатын спектакль ретінде түсіндіреді. Оған деген өзінің қарым-қатынасының принциптерін тақырыпқа енгізе отырып, бұл бақылаушы өзін-өзі оның бірден-бір тағдыры мағлұмат алу, тану сияқты ұстайды, ал оның барлық әрекеттестігі символдық алмасуға қояды.

Бурдье - Еуропалық әлеуметтанушылар орталығын құрушы. Ол 1981 жылы Француз академиясының мүшесі болып сайланды, кейінгі жылдары құрметті меңгерушісі қызметін атқарды.
Француз зерттеушісі Пьер Ансар П. Бурдье көзқарастарын «генетикалық структурализм» деп атады. Пьер Бурдьенiң әлеуметтанулық iлiмiнiң негiзгi ұғымдары: «кеңістік», «алаң», «символдық зорлық», «бiлiмсiздiк», «габитус». Қоғам - өзiндiк билiкке тән әртүрлi алаңдардан тұратын қарым-қатынастар жиынтығы деп анықтады.
Белгілі структуралист К. Леви-Стросс зерттеулерді «құрылымдық элементтерден олардың арасындағы қарым-қатынастарға қарай» бұрса, Бурдье құрылымдықтағы қарым-қатынастардың жүйе элементтерінен басым болу принципіне назар аударды, оны «габитус» деген ұғыммен белгіледі. Бiр жұмыс аумағының екiншiге сiңiсуi мүмкiн емес. Ал «habitas» деген бөлiмi - ортақ құрылымы бар әлеуметтiк қатынас. Ол қабылдаудың, пайымдаудың және мiнез-құлықтың негiзiнде әлеуметтiк-мәдени ережелердi тудырып, әр түрлi топтардың өмiр сүру әдiстерiн анықтайды.

Пьер Бурдье өзінің ғылыми пайымдауларында белсенді пайдаланған осы «габитус» терминін әлеуметтік ой тарихында Гегель, Дюркгейм, Вебер пайдаланған. Бұл терминді Фома Аквинат еңбектерінде де кездестіруге болады. Ол «габитус» деп христиан дініндегі дүние туралы адамның біртұтас ойын қалыптастыру процесін көрсеткен. «Габитусқа» әртүрлі анықтама беруге болады. Мысалы, габитус -
диспозициялар жиынтығы;
ойды, пайымдауды, іс-әрекетті, қимылды өндірудің анықталмайтын әдісі;
тарих өнімі ретінде жеке және ұжымдық тәжірибелерді тудырушы фактор.
«Габитус» терминін қолданғандар арасында Марсель Мосс бар. Ал «габитустағы» «икемділік», «қабілет» туралы алғаш рет ескерткен Аристотель болатын. Осы сарында П. Бурдье өзінің «Мұрагерлер» деген еңбегінде университеттік білім мен бай әрі жағдайы орнықты топтардың габитусы арасында байланыс туралы жазды.
Пьер Бурдье конструктивизм ретінде социогенезді мойындауды түсінеді. Оған, бір жағынан, қабылдау, ойлау, мінез-құлық, ал екінші жағынан, әлеуметтік құрылымдар соның ішінде, таптар, әлеуметтік топтар қатысады.

П. Бурдье бойынша, кез келген әлеуметтік ғылымда, мысалы -антропология, әлеуметтану, тарихта - екі келіспеуші бағыт бар: объективизм және субъективизм немесе физикализм және психологизм. Біріншісінде -Э. Дюркгеймнің талаптары бойынша, әлеуметтік фактілерді заттар түрінде қарастыру қажет, екіншісі қоғамдық ғылымдар рөлін әлеуметтік субъектілердің «пікір бағалауына» теңестіреді. Бурдье «екі позиция аса айқын және өзара келіспеушілік түрінде тәжірибе жүзінде сирек кездеседі» деген пікірде болды.
Пьер Бурдье қарама-қайшылықты жойып, объективизм мен субъективизм арасындағы диалектикалық байланысты дәлелдеуге талпыныс жасады. Шынында да, оның дәлелі бойынша, объективті құрылымдар субъективті қөзқарастар негізін құрса, субъектілердің өзара әрекеттілігін реттесе, онда субъективті қөзқарастар бірқалыпты жеке және ұжымдық қақтығыстарда белгілі бір рөл атқарады.
Егер субъективизм әлеуметтік құрылымды жеке тұлғалардың өзара әрекеттілігіне теңестірсе, онда объективизм, керісінше, құрылымнан әлеуметтік әрекеттер мен өзара әрекеттерді дедукциялауға тырысады.

Бурдье бойынша, Маркстің негізгі теориялық қателігі - біртекті шарттардың негізінде гипотетикалық топтарды нақты ретінде қабылдап, адамдарды белгілі бір топтар - таптарға біріктіргенінде еді. Маркс іліміне сәйкес таптар саяси жүйе құрады және егер процесті теориямен негіздесе, ол сәтті түрде жүзеге асады. Бурдье «таптар осылайша құрылуы қажет» деп санайды. Демек, әлеуметтік болмысты қабылдау және құрастырудың инвариантты нысандарын іздеу барысында төмендегілер анықталды: 1) құрастыру құрылымдық талаптарға тәуелді әрі бағынышты; 2) когнитивті құрылымдар әлеуметті өзінің әлеуметтік тегіне қатысты құрайды; 3) әлеуметтік болмысты құрастыруға тек жеке тұлғалар емес, субъектілер тобы да қатысады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz