Отбасы тәрбиесінің негіздері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері
Орындаған: Білісбек Д.
Қабылдаған: Икрамова А.
Жоспар:
1. Отбасы туралы түсінік.
2. Отбасы құрылымы.
3. Отбасының тәрбиелік қызметі
4. Отбасында басты мәселелердің бірі...
5. Философтардың еңбектері мен пікірлері.
6. Қорытынды.
Отбасы
Отбасы — бірлесіп күн
көретін туыстық қатынаста
тұратын адамдар тобы. Балалар
тәрбиесін жүзеге асырып, басқа
да қоғамдық тұрғыдан мәнді
қажеттіліқтерді
қанағаттандыратын некелік
немесе туыстық қатынастармен
байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды
сипаты - оның қызметі,
құрылымы және динамикасы
болып табылады.
Отбасы құрылымы
Отбасы құрылымы отбасының
құрамы мен санынан, сонымен
қатар оның мүшелері арасындағы
өзара қарым-қатынастарының
жиынтығынан тұрады. Отбасы
құрылымын талдау отбасы
қызметінің қандай жағдайда
жүзеге асуы жөніндегі
сұрақтарына жауап беруге
мүмкіндік туғызады: отбасында кім
басшылық етеді және кім –
орындаушы, отбасы мүшелерінің
арасындағы құқықтары мен міндет
тері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның
қызметінің отбасымен орындалуына қиындық
тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының
ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен
зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық
міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас
құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни
маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-
зайыптылардың қажеттілік қатарының
қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті
бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен
қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-
қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі
қызметінің отбасымен орындалуына кедергі
келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау
керек.
Отбасының тәрбиелік қызметі
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен
қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі
кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы
қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың
әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз
етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі Отбасының
шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды
қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының
сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының
осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке
күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық
қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық,
мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық
қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам
мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық
денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Отбасы құндылықтары
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың
отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір
отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан
немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар
отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі,
отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден
құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық
құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл
таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға
берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы
өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық
құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда
бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-
келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу
деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді
ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр
отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның
өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі.
Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір
өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды
сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе
көйлек сыйлайды.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат,
сенім, түсіністік және т.б жатады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу.
Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан
өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады.
Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық
құндылықтардың бірі болып табылады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер
жатады.
Отбасы мүшелері
Әке — белгілі бір баланың еркек
жынысындағы ата-анасы. Әке отбасыда
маңызды рөл ойнайды. Себебі әке —
отбасының тіреуі болып табылады. Кейбір
елдерде әке «әке» деген атқа ие болу үшін
үйленуі тиіс. Бірақ басқа елдерде мұндай заң
жоқ. Мысалы, АҚШтың 16 % жалғыз-әкелер
екен.
Ана — отбасыдағы ең басты адам. Ана
— отбасы бағушысы деген атқа ие болған.
Ананы көптеген әдебиеттерде қолданады.
«Жұмақтың кілті ана табанының астында»
деп бекер айтпаған.
Отбасында басты мәселелердің бірі…
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері қойылатын талаптар,
оның үй еңбегіне қатысуы, оқу – әрекеті бос уақытын ұйымдастыру
жатады.
Бала өмірін және іс – әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың
бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен
демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау,
жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Күн ырғағын жасауда ата – ана баланың жасын, үй жағдайын,
денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен
мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасыда күн ырғағының
негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу,
тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау
негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер
жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады. Мысалы, бала белгілі бір
уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабында тежелу процесі басым
болады да тез ұйқыға кіріседі. Сондықтан, ата – аналар белгілі бір уақытта
сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни, ырғақ
элементтері берік орындалуы тиіс.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі,
адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы,
отбасы мүшелерінің өзара және туған – туысқандарымен қатынас жасау
функциясы.
Үйелмендік тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды.
Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының
басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының
қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен
айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне
сенімсіз және ішкі жай – күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата – аналардың
бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне
жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан
бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата – аналарды немесе
ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі
жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден, ата – аналар балаларды еркімен қарым – қатынас жасаудан,
өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына,
дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс – әрекетіне немқұрайды,
жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен
танысуға мүмкіндік алады.
Философтардың еңбектері
Отбасындағы адамгершілік, өзара түсіністік пен
сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары Әл–Фараби,
Қ.А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни еңбектерінен кең
көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен
ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып
келеді. Әл–Фараби, Ж.Баласағұн және т. б. ұсынған отбасы
тәрбиесі идеяларын ғылымға алып келіп ұштастырған
чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский болды. Отбасы
тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А. С. Макаренко,
А. В. Сухомлинский, Н. К. Крупская және т. б. педагогтар
еңбектерінен кеңінен орын алған. Қазақ отбасылық
тәрбиесінің теориялық, педагогикалық және психологиялық
негіздерін жасауға Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов т. б. үлкен үлес қосты. Қазақ қауымы, ондағы
отбасының тарихы, оның ерекшеліктері, ондағы бала
тәрбиесі туралы Х.Арғынбаевтың, С.Мұқановтың,
Д.Кішібековтың, С.Кенжеахметұлының, А.Жүнісовтың,
Қ.Толыбаевтың, С. Қалиевтың, М.Оразаевтың,
М.Смайлованың т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Философтардың пікірлері
Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму
кезеңдері туралы ғылым тарихында әр түрлі қағидалар мен
пікірлер, белгілі ағымдар болды. ХІХ ғасырдың ортасына
дейінгі Ж.Руссо, Х.Гердер, Г.Гегель, т.б. ойшылдар отбасын
табиғаты жағынан қоғамның алғашқы некелік негізі деп
түсіндіріп, әлеуметтік қатынастардан жоғары қойғаны тарихтан
белгілі. Мысалы Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ең көнесі
және жалғызы – ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек
болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды,
ал халық – балаларға ұқсайды», – деп айтқан сөзі отбасы мен
қоғамның әлеуметтік қызметінің егіз екендігін дәлелдейді.
Ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби «Отбасы» ұғымына
мынадай анықтама береді: «Үй белгілі бір бөлшектерден
құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан
төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі
мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер
мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және
әкімі болады. Оны «қожайын» деп атайды», – деп, отбасын
оның құрылымдық бөліктері тұрғысынан сипаттайды. Осы
пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай
отбасының өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан
қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай.
Қорыта келе…
Қазір ата – аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және
педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту
мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің
еңбектерінде ата – аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың
қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ата – аналардың тәрбие жұмысы
процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және
педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық –
психологиялық білім негіздерімен ата – аналарды қаруландыру мектеп алдында
тұрған міндеттердің бірі. Мектептің ата – аналар комитеті мұғалімдерге, ата
– аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке
алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады.
Ата – аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарды,
балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты-
қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу,
оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге
халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.
Назар аударғаныңызға
рақмет Анар ханым!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz