Оптикалық әдіс


Slide 1

Гистологиядағы заманауи зерттеу әдістері

Орындаған:Полат Аружан

Тексерген:оқытушы Бекбосынова Л

Топ:133

Астана медицина университеті КеАҚ

Гистология және цитология кафедрасы

Slide 2

1) Тақырыптың мақсаты

2) Гистология дегеміз не?

3) Гистологияның заманауи зерттеу әдістері

4) Гистологияның зерттеу әдістері

5) Микроскопия

6) Қорытынды

7) Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар

Slide 3

Адам Гистологиясы-адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскоптық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік қалыптасуының тіндік теңгейін зерттейтін фундаментальді медицина-биологиялық ғылым.

Жалпы Гистология-негізгі тіндер топтарының

(нерв, бұлшық ет, эпителий, дәнекер тіндерінің ) фундаментальді қасиеттерін зерттейтін ғылым; яғни бұл-өзіндік тіндер туралы ғылым.

Slide 4

Адамның жеке гистологиясы- нақтылы ағза құрамындағы әртүрлі тіндердің құрылым-функциялық қалыптасу және өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттитін ғылым .

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Гистологияның зерттеу әдістері

Микроскопиялық

Цито- және гистохимиялық

Иммуноцито- және иммуногистологиялық

Авторадиографиялық

In situ (орналасқан жерінде, өз орнында) гибридтеу әдісі

Іn vitro (жасушаларды, тіндерді және мүшелерді организмнен тыс) зерттеу әдісі

Slide 8

Цито- және гистохимиялық зерттеу әдістері

Цито- және гистоҳимиялық әдістер арқылы жасушалар мен тіндердің кұрылымдарындағы әртүрлі нақтылы химиялық қосылыстардың (мысалы, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, кальций, темір, т. б. ) мөлшері және орналасуы айқындалады, Бұл әдістер қолданылатын бояулармен жасушаның химиялык компоненттері (қосылыс құрамдастары, мысалы РНҚ және ДНҚ) арасындағы өтетін спецификалық (телімділік, өзіне тән, арнаулы) химиялық реақцияларға негізделген. Гистохимиялық реакция нәтижесінде айқындалушы зат боялынған немесе оптикалық тығыздығы жоғарылаған өнімге айналады. Мысалы, метилді жасыл және пиронин бояуларын колланатын гистохимиялық Браше әдісімен бір мезетте ДНҚ мен РНҚ-ны айқындауға болады. Бұл жағдайда, метилді жасыл хромосомдардың ДНҚ-сын - жасыл түске, ал, пиронин ядрошық цитолазманың РНҚ-сын кызыл түске бояйды.

Slide 9

Иммуноцито- және иммуногистологиялық зерттеу әдістері

Бұл әдістер жасуша мен тіндер құрамындағы антигендік қасиеті бар заттарды айрықша дәлдікпен айқындауды камтамасыз етеді. Антиген деп организмге түскен жағдайда, ойда иммундық (төтемелілік) жауап туғызатын, яғни ол организмде антиденелердің түзілуіне түрткі салатын, бөгде заттарды атайды. Антиденелер, өте ұқсас болып табылатын антигендерді, мысалы тек бір аминқышқылдан айырмашылығы бар екі ақуыздарлы (белоктарды) айқындай алады

Slide 10

Сонымен, егерде микроскопияға дайындалған препаратты (тіннің жағындысын немесе кесіндісін) алдын ала флуоресцентті бояумен байланыстырылған (маркерленген, белгі салынған) антиденемен өңдесек, онда ол жасуша құрамындағы өзіне сәйкес антигенмен молекулалық деңгейде өте жоғарғы дәлдіклен байланысады. Флуоресненциялық микроскоп арқылы мұндай антигеннің жасуша ішінде орналасуын көруге болады) . Иммуноцито- және иммуногистохимиялық әдістер арқылы морфологиясы (пішіні) ұқсас, бірақ, әр типтерге жататын жасушаларды олардың антигендік белгілеріне нетізлеліп айырып тануға, синтездік және секреторлық (өнімдерді бөліп шығару) процестерді зерттеуге, гормондар мен рецепторларды айқындауға болады.

Slide 11

Авторадиографиялық зерттеу әдісі

Бұл әдіс радиоактивті изотоптармен таңбаланған заттардың тіндерде орналасуын, зат алмасуға қатысуын айқындауға негізделген. Изотоптар ретінде ( Н, С, Р, S, J ) қолданылады. Таңбаланған зат (аминқышқыл, азот негізі, т. б. ) экспериментте (тәжірибеде) жануар организміне (in vivo) немесе зерттелінуші жасушалар мен тіпнің бөлшектері өсіп жатқан жасанды ортаға - дақылға (in vitro) егілeдi. Ол алғашқы шикі зат ретінде жасушаларда өтіп жатқан зат алмасу процестеріне қатысып үзіліп жатқан макромолекулалар құрамына енеді. Зерттелінуші материалдан жасалынған кесінділердің бетін қараңғыда фогоэмульсиямен қаптау қажет. Белгілі мезгілді экспозициядан (радиоактивті изотоптың сәуле-сезімтал әсерінің ұзақтығы) кейін фогоэмульсияны шығарсақ (проявление), мұнда таңбалы заттың орналасуына сәйкес қара түйіршіктер (тректер; ағылш track - із) көрінеді.

Slide 12

In situ (орналасқан жерінде, өз орнында) гибридтеу әдісі

Бұл әдіс ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтерінің бір ізділігін өз орнында, яғни гистологиялық препаратта, айқындауға мүмкіндік туғызады. Соның арқасында нақтылы гендердің хромосома бойында орналасуын және олардан транскрипцияланған (көшірілген) өнімдердің (мРНҚ) жасуша ішінде таралымын зерттеуге болады

Slide 13

Микроскопиялық зерттеу әдістері

Оптикалық

микроскопия

Ультракүлгіндік

микроскопия

Флуоресценттік

(люминесценттік) микроскопия

Авторадиография

Фазалық контрасттық

микроскопия

Электронды

микроскопия

Slide 14

Іn vitro (жасушаларды, тіндерді және мүшелерді организмнен тыс) зерттеу әдісі


Ұқсас жұмыстар
Сыну көрсеткіші
Коллоидты жүйелердің молекулакинетикалық және оптикалық қасиеттері
БИОЛОГИЯЛЫҚ ОБЬЕКТІЛЕРДІ МИКРОСКОПТАУДЫҢ АРНАЙЫ АМАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ
ЛИНЗАЛАР ЛИНЗАДА КЕСКІН АЛУ
Органикалық қосылыстардың кеңістіктегі құрылысы
Оптикалық анализ әдістері
Нанофотоника және күн энергиясының түрленуі
Оптикалық сәуле
Қараңғы өріс микроскопиясы
Дисперсті жүйелердің оптикалық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz