Ғылымдар тізбегі немесе Ғылымдар классификациясы, Алмагеске қосымша кітабы




Презентация қосу
Әл-Фараби және
математиканың
философиялық негіздеу
мәселелер
• Әбу Насыр әл-Фарабидей ұлы
данышпанның бай мұрасын
жан-жақты талдап, сарқа тану
қиын. Өйткені оның
творчествосы сан-салалы.
Өзін атақты философ,
дарынды математик, кемеңгер
ойшыл ретінде таныта білген
ғұлама ғылымға шын беріліп,
асқан жігері мен күш-
қайратын жұмсап,
еңбектенгендігі белгілі.
Әрине әл-Фараби сынды ғұлама туралы философтар, филологтар, тарихшылар мен педагогтер
екшеп айтып жатыр. Әлі талай сараптамалар, мақалалар шығады. Оған кәміл сенемін.
Әл-Фараби бабамыз:
Жататын дəйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мəңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.
Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне,
Қайыспай тұрса нар тұлғаң.
Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында.
Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында,

– деп арманын жырға жазып кеткенін білеміз. Сол ұлы мұраттарының бір ірі саласы –
математика. Сондықтан да әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың математикалық мұрасына
назар аударт­қым келеді.
Әл-Фарабидің математикалық
еңбектері:
«Ғылымдар тізбегі» немесе «Ғылымдар классификациясы»,

«Алмагеске қосымша кітабы»

«Евклидтің «Бастауының» бірінші және бесінші кітаптарының қиын
жерлеріне түсініктеме»,
«Табиғат сырын геометриялық фигуралар арқылы танытарлық
рухани әдістер»
Геометрия бойынша оқулықтар баян­дау әдісіне қарай ғылыми
трактаттардан ерекшеленуі тиіс және мектеп пен медресеге арналған
геометрия бойынша оқу құралдарын құрастырушылар басшылыққа
алуы тиіс қағидат еді. Бұл туралы ІХ-Х ғ. «Екінші Шығыстық ұстаз»
Әбу Насыр әл-Фарабидің Евклидтің «Бастауының» бірінші және
бесінші кітаптарына түсініктемесінде айтылған. Әбу Насыр әл-
Фарабидің оқулық жайлы сөзіне жүгінелік: «...санаға сай тәртіп
бойынша, алдымен нүкте, кейін сызық, одан кейін сыртқы беті, кейін
барып дене. Алайда оқушы жайлы айтқанда, оқы­тудың басында
оқушы сезілетін нәр­сеге мықты болғандықтан, біз алдымен сезімге
сәйкес тәртіпті қолданамыз, ал ғылыми шығармада ақылға сай тәр­тіп
қолданылады. Сондықтан оқыту сезі­летін денеден басталуы тиіс..».
Басқа шығар­маларында әл-Фараби Евклидтің «Бастауларында»
педагогикалық тәсіл­дің жоқтығын сынға алып, математикадан оқу
құралдарын жазу барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
қажеттігін атап өтті.
Әл-Фарабидің пікірлерінен мектеп, медресе мұғалімдері мен осындай
мектептерге арналған оқулықтардың авторлары басшылыққа алуы тиіс
жалпы дидактикалық нұсқаулар анық көрінеді.
Орта ғасырлық Шығыстың «екінші ұстазының» осындай айқын
пікірінен кейін оның оқушылары мен ізбасарлары геометрия бойынша
оқытудың барлық талаптарына сәйкес оқу құралдарын жазды. Соның
бірін Саад-диномат ат-Тафтазани құрастырды. «Үшбұрыштың
бұрыштары туралы трактат» осыдан алынды.
Әл-Фараби оқыту мен тәрбиелеудің диалектикалық байланысын
терең әрі дұрыс түсінді. Ол «тәрбие ғылымдарына» арифметика,
геометрия, астрономия және музыканы жатқызды. «Бұл төрт ғылымның,
деп жазады әл-Фараби, тәр­биелеуші деп аталу себебі, білім алушыны
тәрбиелейді, оны неғұрлым нәзік етіп, оған одан кейінгі ғылымды тану
үшін тікелей жол көрсетеді».
Бүгінде әл-Фарабидің өмірі мен еңбектерін, мұрасын іздеп тауып, оны зерттеу
тұрғысынан қыруар жұмыс атқарылды. Білім және ғылым министрлігінің Философия,
саясаттану және дінтану институтының Шығыс философиясы және фарабитану
бөлімінде әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы
мәселелері бойынша зерттеулер циклі жүргізіліп келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінде құрылған Фара­би­тану орталығында әл-Фараби мұраларын
аудару, зерттеу, насихаттау бойынша үлкен жұмыстары орындалып жатыр.
Жақында жазушы Роллан Сейсенбаевтың бастамашылығымен ғұлама ғалым,
ойшыл тұлға – Әл-Фарабидің он бес томдық жинағы жарық көрді. Бұл ұлы ғұлама
туралы көп томдықтың алғысөзін Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К.Тоқаев жазғанын ескерсек, көп томдықтың мәні мен маңызы жоғары екенін
түсінеміз.
Бұл көптомдық Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының атсалысуымен
шыққанын атап өткен жөн.
• Қазақ даласынан әлемдік математикалық ілімнің биігіне көтерілген ұлы бабамыздың
ұрпақтары да жаһанға танылып жүр. Бүгінде Қазақстан математиктерінің есімі дүние жүзіне
мәлім. Олар халықаралық конференцияларда математика ғылымының әр саласы бойынша
баяндамалар жасап, оның теориясы мен практикасы туралы тұжырымды ойлар айтып жүр.
Демек, әл-Фарабиден тараған ілім ұрпағымен жалғасын тауып жатыр.
• Математика – бар ғылымның бастауы. Орта ғасырдың ұлы шайыры Омар Хайямның
мына бір әфсанасы бар: «Ақымақ махабатты қоялықты, математикамен
айналысайық».
• Иә, қазір Қазақстан математиктерін дайындайтын екі ұлы шаңырақ бар. Олар Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­ситеті мен Абай атындағы ұлттық педа­гогикалық
университеті. Аты әлемге танымал екі университетте де механика-математика факультеттері
бар. Екеуі де – әл-Фараби ұрпақтарын тәрбиелеп жүрген математиктердің құтты шаңырағы.
Ұлтымыздың ұлы перзенті,
Қазақстанның Тұңғыш Президенті,
Елбасы елдің ұраны білім мен ғылым
екендігіне ерекше назар аударды.
Талантты қыз-жігіттерді оқытудың
реформасын жасады және жүзеге асырды.
Соның ішінде математикаға ерекше назар
аударды. Өйткені Елбасы математиканы
бар ғылымның бастауы, өрлеу ренессансы
деп бағалады. Міне, Әл-Фараби идеясы
жаңа заман мінберінен айтылып жатыр.
Демек, ұлы баба ілімі өміршең деген сөз!
Назарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Логика ғылымы
Фарабидің энциклопедиясы
Ибн Халдунның әлеуметтік- этикалық философиясы
АГРАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Фарабидің толық аты - жөні
Ғылымның тарихы
Тектік елестер
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер