Германия мемлекетінің саяси жүйесі



Германия мемлекетінің саяси жүйесі

«Спартак одағы» Кеңестің I съезінде жеңіліс тапқаннан кейін, революцияның сабақтарын ескере отырып, маркстік партия құру керек екенін түсіне бастады. 1918 жылдың соңында желтоқсан айының 30-ы күні партия конференциясында Германия коммунистік партиясының құрылғандығы жарияланды. Конференция жұмысында РЛюксембург партияның бағдарламасы туралы соз сөйлеп, ГКП-ның негізгі мақсаты - социалистік революция арқылы пролетариат диктатурасын орнату екендігін айтты. Конференцияда сөз сөйлеген К. Либкнехт партияның Ұлттық жиналысқа көзқарасы туралы айтып, Ұлттық жиналыс сайлауына бойкот (бас тарту) жариялады.

Коммунистік партия конференциясында қабылданған шешімдер сол кездегі тактикалық қателіктерге апарды. Бұқара халық үшін күресте өздерінен өздері оқшауланды. Кейіннен В. И. Ленин бұл қателіктерді «солшылдардың балалық ауруы» деп бағалады. Германия коммунистік партиясы Еуропа елдерімдері тұңғыш маркстік партия болды. Ол таптық мүддеге бағытталып құрылып, марксизм-ленинизм ілімін жақтап неміс пролетариаты арасында кең түрде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

1919 жылдың басында Германияда революциялық толқулар күшейе бастады. ГКП халықты қарулы көтеріліске шақырып, үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізді. Буржуазия революциялық қозғалыстан сескеніп, жұмысшы табына қарсы күреске шығуға дайындалды. Кеңес съезінде жеңіліс тапқан революциялық топтар билікті қарудың күшімен алуға шықты. Халық көтерілісінің басталуына Берлин қаласының полиция бастығы Э. Эйхгорнның жұмыстан босатылуы себеп болды. Берлин жұмысшы табы және солшыл саяси күштер ТСДП және ГКП үкіметке қарсы саяси талаптар қойып, ереуілге шақырды. Эйхгорнның қайта жұмысқа алынуын талап етті, контрреволюцияға Қарсы қайтадан қарулы көтеріліске шақырды. Қаңтар айының 5-і күні Берлин қаласында 100 мың адам демонстрацияға шықты. Олар Эбердің үкіметтен кетуі, Халық уәкілдер кеңесін тарату туралы саяси талаптар қойды. Революцияны басқару үшін ТСДП басшылығымен қимыл комитеті кұрылды. Тәуелсіз социал-демократ партия басшысы үкіметпен келісімге келіп, халық қозғалысын басуға шақырып отырды. ГКП-ның мүшелері де бұл көзқарасты қолдады. Сөйтіп, каңтар айындағы ереуіл біртіндеп жеңіліс таба бастады. Революциялық өрлеуді Германияның Брауншвейг, Гамбург, Галле, Бремен қалаларындағы жұмысшы тобы да қолдады. Берлин қаласындағы ереуілді басу үшін қаңтардың 12-і күні Германия әскер басшысы Носкенің басқаруымен еріктілер әскерлері келіп, ереуілге қатысушылар мен үкімет әскерлерінің арасындағы соғыс қимылдары бірнеше күнге созылды. 1919 жылы қаңтардың 15-і күні қолынан Роза Люксембург пен Карл Либкнехт қаза тапты. Революция жеңіліс тауып, караша революциясы барысында құрылған кеңес атқару комитеттер таратылды. 1919 жылы революция жалғасын тауып, сәуір айында Бавария Кеңес Республикасы құрылды. Бірақ та қолдарында күштері бар контрреволюция, оны қолдаған ТСДП-ның басшылары мамыр айында жеңіске жетіп, Германиядағы тұңғыш Бавария кеңес өкіметі құлады. Қараша революциясының үшінші кезеңі 1919 жылғы 19 қаңтардағы Ұлттық жиналыс сайлауының өтуімен, революциялық күштердің жеңіліс табуымен аяқталды.

Германиядағы қараша революциясының мәні туралы Кеңес тарихнамасында социалистік революция болды деген көзқарас болып келді. Оның себебі - 1918 жылы қаңтардың 9-ы күні К. Либкнехт Берлин жұмысшы табының алдында сөз сөйлеп, «Социалистік революция жасасын» деп ұран тастаған болатын. Екінші себебі - революция барысында құрылған кеңес өкіметі болды. Бірақ социалистік революцияның негізгі мақсатының шешілуіне елде жағдай жоқ болатын. Революцияға жұмысшы тобының одақтасы - шаруалар қатысқан жоқ, жер мәселесі буржуазия мүддесіне сәйкес шешілді. Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық республика құрылды. 1918-1919 жылдардағы қараша революциясы мәні жағынан буржуазиялық-демократиялық революция болды. Қараша революциясын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі - қараша айының 10 күні Халықтық кеңес үкіметінің құрылуы; екінші кезеңі -қарашаның 10-нан желтоқсан айының 16-ы аралығындағы Кеңестің 1 съезінің шақырылған күніне дейін; үшінші кезеңі -желтоқсанның 16-нан 1919 жылдың қаңтар айының 19-ы аралығындағы Ұлттық жиналыстың сайлауына дейін; төртінші кезеңі 1919 жылдың ақпан айында Веймар буржуазиялық Республикасының құрылуымен аяқталды. Германия тарихында буржуазиялық республиканың құрылуының маңызы зор болды. Германияның қоғамдық-саяси дамуы демократиялық даму жолына түсті.

Веймар Республикасының құрылуы және оның Конституциясы.
1919 жылы қаңтар айының 19-ы күні Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті. Сайлауда 54, 5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңіске жетіп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейін ақпан айының 6-ы күні Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдің Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегі саяси тұрақсыздықпен сәйкес келді. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкіметті өз қолына алғанымен, Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкіметін құруға, алдағы үкіметтің міндеттерін анықтауға кірісті. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф. Шейдеман бастаған үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партияларынан өкілдер кірді. Веймар Республикасының президенті болып Ф. Эберт сайланды.
Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесі өте тартысты жүрді. Үкіметтің әлеуметтік бағдарламасы да қызу тартыста өтті. Елдегі саяси күштердін ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шілде айының 31-ы күні Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекітті. 1919 жылы тамыз айының 4-і күні Конституция өз күшіне енді.

Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық - өкіметтік биліктің негізгі тірегі болды. Сонымен қатар еңбек етуге, адам құқықтарын қорғауға, білім алуға Констигуция кепілдік берді. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бірдей сайлау құқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау) өткізуге рұқсат етілді. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламенті - Рейхстаг. Жергілікті неміс жерінде заң шығарушы парламент - ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парламентінің жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламенті Конституция бойынша екі палатадан тұрды. Рейхстаг - жалпыға бірдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат - жергілікті неміс жерінің парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекітуге құқылы. Рейхсрат-бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды.

Конституция бойынша атқарушы билік президенттің колында болды. Президент өкімет басшысын (канцлер) және министрлерді тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбасшысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламентті (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерістер енгізуте құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билік жүргізуге мүмкіндік жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz