Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы


Slide 1

Қоршаған орта үшін мүмкін болатын қолайсыз эффектілерінің қауіптілігін бағалау. Қоршаған ортаны қорғау - пән ретінде қалыптасу тарихы және мәселері. Адамның ауылшаруашылық әрекетінің табиғаттағы экологиялық тепе- теңдікке әсері

Slide 2

КІРІСПЕ

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Slide 3

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т. б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

Slide 4

Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т. с. с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.

Slide 5

«Қоршаған ортаны қорғау»

«Қоршаған ортаны қорғау» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл мәселелермен экология, медициналық география, химия (аналитика, қалдықтарды тазалау), экономика (ортаның ластануынан келетін шығынды бағалау), санитарлық техника сияқты биологиялық ғылымдар шұғылданады. Сондықтан табиғат пен қоғамның өзара қатынасының жаңа түрін анықтау қажеттігі пайда болды. Бұл жаһандық мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін БҰҰ шеңберінде қоршаған ортаны қорғау мен дамыту бойынша бірнеше рет конфренциялар жүргізілді. Қазіргі жағдайда қоршаған ортаның нысандарының сапасын жақсартуда мемлекеттің экономикалық өсуімен қатар, қоршаған ортаға экологиялық жүктеміні төмендету де маңызды.

Slide 6

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары:

Slide 7

Қазіргі кезде халықтың 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысының салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердің бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд тоннадан азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың - мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, жер шарының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді. Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді.

Slide 8

Ауылшаруашылық дақылдарының таралуы жер экожүйесіне өте қатты әсер етті. Ауқымды территорияларда ормандарды жою, қалыпты және тропикалық аймақтардағы жерлерді ұтымсыз пайдалану тарихи қалыптасқан экожүйені бұзды. Табиғи биоценоздар, экожүйелер, ландшафтар орнына агросфералар, агроэкожүйелер, агроценоздар, аграрлы ландшафтар пайда болды.

Slide 9

ХIХ ғасырға дейін аграрлық өркениет процесінде алғашқы консументтердің бір вегетациялық кезеңі барысында жиналған, сонымен қатар көптеген жылдар барысында ағаштармен жиналған энергиялар қолданылды. Сонымен аграрлық өркениеттің қалыптасуында адам экожүйесінің гомеостазы жоғары денгейде болды. Антропогенді өзгерістердің немесе экожүйенің ауысуына қарамастан адам іс-әрекеті биогеохимиялық айналымға енсе де, биосферадағы энергия ағымын өзгерткен жоқ.

Ауылшаруашылық өндірісі әсерінен Жердегі биосфераның қайтымсыз, жаһандық өзгерістері ХХ ғасырда күрт жоғарлады. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары қарқынды технологияны енгізу (монодақылдар, жоғары өнімді, бірақ қорғалмаған сорттар, агрохимикаттар) су және жел эрозиясына, екінші реттік тұздануға, топырақтың тозуы мен деградацияға ұшырауына, ормандардың азаюына, жыртылған жерлердің көбеюіне әкелді.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Жалпы гигиена және экология
Адамның экологиялық түрі ретінде эволюциялық ерекшеліктері
Табиғи ортаның сапасы мен халық денсаулығы
Адам ауруының туындауы мен дамуында қоршаған ортаның әсері
Қоршаған орта түсінігі және сипаттамасы
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы
Химиялық ластанудың адам денсеулығына әсері
Тіршілік қауіпсіздігі ғылымы
Денсаулыққа әсер ететін қауіпті факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz