Жаһандану тарихы
Презентация қосу
жаһандану жағдайындағы
әлеуметтік проблемалар
Орындаған:
Тобы:
Тексерген
ЖОСПАР
1 Жаһандану
2 Жаһандану тарихы
3 Жаһандану бөліктері.
4ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері
5Жаһандану үлгілері
МАҚСАТЫ
• Жаһандану жайлы қысқаша мағлұмат беру;
• Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік проблемалар
КІРІСПЕ
Жаһандану бүгінгі таңда жиі қолданылатын ұғым. Ол дүниежүзілік экономиканың
дамуына, жетілген компьютерлік технологияға, біріккен ақпараттық кеңістік құруға
негізделген. Бүгінде жаңа әлемнің қоғамдық - саяси өмірінің саяси, әскери,
экономикалық, мәдени және экологиялық салаларында өзіндік ерекше жағдай
қалыптасты. Жаңа кезеңі ретінде - жаһандану үрдісі болып есептелді. Жаһандану
ағылшын тілінің Globalizaton ұғымының аудармасы болып табылады. Қоғамдағы
әлеуметтік топтадың арасындағы айырмашылықты айқындап, адам, мәдениет, тіл,
білім, рухани - адамгершілік даму, халықаралық қатынастарға әсерін тигізіп отыр.
Сонымен қатар бұл мәселе БҰҰ, Бас Ассамблеясының сессияларында, «Үлкен сегіздік»
елдері мен ЕуроОдақтың саммиттерінде, Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, ғылыми
конференцияларында жиі айтылады. Жаһандануды әкелуші АҚШ және Еуропа елдері
екендігі белгілі. Сол себепті олар өмір сүру жағдайын қолайлы етуге көңіл бөлген
мемлекеттер болып есептеледі және жаһандану алғашында тек материалдық
құндылықтарға ие болуды көздеген. Ал қазір рухани - адамгершілік бағытынан
айырылып, қатыгездік, өзге адам құқығын аяққа басу сияқты келеңсіз заңдылықтарға
бағытталып отыр.
1.Жаһандану
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік»,
«дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси,
экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының
үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген
америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа
сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт
Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт,
Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық
индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық
революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген
ұғымдарды енгізді.
2.Жаһандану тарихы
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін
жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40
— 50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық
қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында,
Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО),
Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ)
тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік
өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге
ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар
(энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі
тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген
елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл
проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.
3.Жаһандану бөліктері
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
“менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің,
діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының”
кешендік үрдісі.
экономикалық жаһандану
аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею
үрдісі
ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы
интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы
этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета
халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара
ассимиляциясы.
ЖаҺандану артықшылықтары мен
кемшіліктері
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен
қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және
экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға
алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа
мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен
қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен
салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап
арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы
елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі
өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық
нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған
постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады
Жаһандану үлгілері
Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі
әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде
жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше
назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың
жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің
мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы
алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы
жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы
айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы
жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі
өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың
гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану
артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін
ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру
керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің
технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.[1]
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz