БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Slide 1

Бетон және темірбетон бұйымдарының түрлері

Орындаған: Куанаев Е. А. ПГС-41 топ студенті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Slide 2

Темірбетон негізі. Бетон және темiрбетон конструкциялық материалдар.

Темірбетон дегеніміз-бетон мен арматураны біртұтас етіп біріктіруді айтады. Темірбетонның негізгі артықшылығы оның беріктігі, тозбайтындығы, қалаған формада құюға болатындығы. Бетон сығу күшіне қарсыласады, ал бетон созу күшіне бетоннан әлдеқайда артық кедергі көрсетеді. Бетон болатпен жақсы ұстасады және оны коррозиядан сақтайды.

Қолданылуы: көпір салуда, гидротехникалық құрылыста, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарды салуда т. б. құрылыстарда кеңінен қолданылады.

Қатқан, күштi көтере алатын бетон өзiнiң құрылымы бойынша негiзгi бөлiгi-ұсақ шағыл тастан, қиыршық тастан және цемент ерiтiндiсiнен (цемент, құм және судан) тұратын бiркелкi емес материал.

Цемент тасында (судың цементпен қосындысы) химиялық процестер ұзақ уақыт жүредi. Сондықтан бетон қатқан сайын берiктiгi артады, көлемi кiшiрейедi (ауада кiшiрейедi, шөгедi), ал ылғал ауада iсiнедi. Мұның бәрi бетонның құрамына (ондағы цемент құрамына) байланысты. Сөйтiп, бетонның құрылымы оның берiктiк және деформативтiк қасиеттерiне өте үлкен әсер етедi. Мұны түсiну үшiн, бетонның физикалық-химиялық түзiлу процесiн қарастырайық.

Slide 3

Цемент пен толтырғыш тастардың қоспасына су қосқанда, химиялық реакция (гидротация) басталады, соның нәтижесiнде сiлiкпе зат - гель пайда болады, қосылымның кей бөлiгi химиялық реакцияға түспейдi, кристалл ретiнде бөлiнедi. Араласу процесiнде гель толтырғыш тастардың түйiрлерiн бiрiктiрiп, уақыт өткен сайын iрi кристалл бөлшектерге айналдырады. Гель қатайып, цемент тасына айналады да, бiртұтас қатты бетон пайда болады.

Slide 4

Сөйтiп, бетон құрылымы бiркелкi емес, цемент тастарынан тұратын кеңiстiк тор, ол құм мен iрiлiгi әртүрлi ұсақ шағыл тастан құралады, бұл толтырғыш түйiрлердің арасында қуыстар (микропоры, капилляры) болады. Ол қуыстар химиялық жолмен байланыспаған судан, су буынан және ауадан тұрады.

Физикалық жағынан қарағанда бетон дегенiмiз құрылымы бiркелкi емес, үш түрлi күйде - қатты, сұйық және газ түрiнде болатын капиллярлы-саңылаулы (қуысты) материал.

Slide 5

Бетонның сығылуға берiктiгi, созылуға қарағанда, 15-20 есе үлкен. Осыған байланысты иiлуге немесе созылуға жұмыс iстейтiн бетон конструкциялар өте үлкен көлемдi және ауыр салмақты болып, практикалық жағынан қолдануға тиiмсiз болар едi. Керiсiнше, болат созылуға да, сығылуға да жақсы жұмыс жасайды. Осындай қасиеттерiн пайдалана отырып, бетон iшiне болат арматура орналастыру арқылы жаңа темiрбетон конструкциясын жасауға мүмкiндiк туды.

Slide 6

Темiрбетон - бетон және арматурадан тұратын, бетонның сығылған және созылған бөлiгiне арматура тиiмдi орналасқан, өзара ілінісуіне байланысты сыртқы күш әсерiне бірігіп жұмыс iстейтiн, кешенді құрылыстық материал. Бұл материал қасиеті бойынша өзінің құрамдас бөліктерінен ерекшеленеді.

Темiрбетон конструкцияларды жасаудағы негiзгi мақсат бетонды сығылуға, арматураны созылуға жұмыс iстеуге пайдалану. Бетон және темiрбетон конструкциялар жұмысындағы айырмашылықтарды олардың жүктеме астындағы жұмысын салыстыруға болатын төмендегі суреттен байқауға болады

Slide 7

Бетон мен болат арматураның бірігіп жұмыс істеуінің негізі - табиғи қасиеттерінің тиімді үйлесуі.

Темірбетонның негізгі жетістіктеріне оның отқа қарсы тұрғыштығы, мәңгілігі, жоғары механикалық беріктігі, әртүрлі әсерлерге үлкен кедергісі, түрліше тиімді конструкциялар жасау мүмкіндігі, тұтыну шығынының аздығы, жергілікті материалдарды қолдану мүмкіндігі.

Темірбетонның негізгі кемшіліктері: үлкен тығыздығы, жоғары жылу және дыбыс өткізгіштігі, жөндеу қиындығы, керекті беріктігіне жеткенше уақыттың керектігі, қата бастағанда және күш әсер еткенде жарықтың пайда болуы.

Арматуралық болат шығынын азайту және жарыққа төзімділікті арттыру мақсатымен қазіргі уақытта құрылыста алдын-ала кернеуленген темірбетон қолданылады.

Slide 8

Темiрбетон конструкцияларына арналған бетонның қажеттi берiктiгi болуы, арматурамен жақсы жалғасуы, арматураны коррозиядан сақтау үшiн жеткiлiктi тығыздығы болуы керек. Құрылыс талаптарына байланысты бетон арнайы қасиеттермен қамтамасыз етiлуi керек: аязға төзiмдiлiк, жоғарғы температура ұзақ әсер еткенде ыстыққа төзiмдiлiк, агрессивтi ортада коррозияға шыдамдылық, су өткiзбеушiлiк және тағы да басқалары.

Slide 9

Бетондар келесi белгiлерi арқылы топталады:

Қуысты толтырғыш ретiнде табиғи (перлит, пемза, ракушечник), жасанды (керамзит, шлак және т. б. ) толтырғыштар қолданылады.

Slide 10

Соңғы жылдары полимербетон және фибробетон сияқты арнаулы бетондар қолданыла бастады. Полимербетон кәдiмгi бетонға полимер немесе мономер сiңiру арқылы алынады, шашыраған талшық арматура қосылған бетон фибробетон деп аталады.

Полимербетон - берiк, әсiресе созылуға және соққыға, химиялық әсерлерге, ал фибробетон соққыға жақсы қарсы тұрады. Фибробетон - жол және аэродром жабындары, өндiрiс үйлерінің едендерi үшiн қолданылады.

Slide 11

Темiрбетон конструкцияларда арматураны көбiнесе созылу күштерiн қабылдауға және бетонның сығылу бөлiгiн күшейтуге қолданады. Конструкция элементтерiн күштер әсерiне есептеу арқылы арматура мөлшерiн қабылдайды.

Есептеу арқылы алынатын арматура-жұмыстық, технологиялық пiкiр бойынша алынатын - монтаждық, есепсiз қойылатын - конструктивтiк деп аталады. Монтаждық арматура жұмыстық арматурадағы және жеке сырықтардағы (стерженьдердегі) күштi бiр қалыпты тарату үшiн қойылады.

Slide 12

Арматура төрт белгiсi бойынша топтастырылады:

Жасау технологиясына байланысты сырықты және сымды арматура болып бөлiнедi (олардың ), шыбық (, ұзындығы -ге дейiн), оралған сым /байлам/ ( массасы -ға дейiн) .

Нығайту тәсiлiне байланысты ыстыққа қақталған, термиялық өңделген (нығайтылған) немесе созу арқылы суық түрде нығайтылған арматура болып бөлiнедi.

Бетiнiң пiшiнi бойынша периодты кескiндi және тегiс болады.

Қолданылу тәсiлi бойынша кернеуленген арматура, яғни, алдын ала созудан өткiзiлген және кернеуленбеген болып бөлiнедi.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Бетон және бетонтану
Темірбетон бұйымдарын өндіру технологиясы
Құрылыс алаңы
Бетондаудың жаңа технологиялары
Каналдың ішкі бетін қаптау тәсілдері
ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН
Бетон қоспасын төселген бетон
Кремний қышқылы және силикаттар
Темірбетон арматурасы
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz