Айқап журналы мен Қазақ газеті арасындағы тартыс


Slide 1

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс.

Орындаған:Укасов Ахат

Тексерген: Тарих ғылымдарының магистрі

Гарифуллина Амина Байгалиевна

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университеті

Slide 2

Мұхамеджан Сералин - қазақ журналистикасының атасы

XX ғасырдың басында қазақ даласында журналистиканың негізі қаланған. Бұл заманда өмір сүрген қазақ халқының көрнекті өкілдерінің арқасында ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары пайда болған. Осындай тұлғалардың бірі - Мұхамеджан Сералин.

Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен. «Айқап» журналы - бұл кездегі адамдар үшін ерекше құбылыс. Әлеуметтік теңсіздік халыққа ауыр әсер еткен еді. Бұл көп адамдардың көкейінде жүрсе де, ештеңе өзгерте алмайтынын білген.

Slide 3

«Айқап» журналы

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.

1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М. Сералин.

"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә . Ғалимов, С. Торайғыров қатысқан. Журналда А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Майлин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев, Н. Құлжанов, т. б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған

Slide 4

«Қазақ» газеті - Алаштың ұлттық мінбері

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағыдай қолға қару алып көтеріліс жасаудың халық үшін тек зиян әкелетіні көзі қарақты әр азамат үшін анық еді. Ұлт тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшімен емес, ақыл-ойдың қарымымен есе қайтарудың жолын таңдады. Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді.

1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартқан «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгеріпті. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Қазақ» газетіне биыл 107 толды.

1913 жылы 2 ақпаннан бастап «Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан» шығып тұрған басылымның неліктен «Қазақ» аталғанына тоқталайық. Бұл туралы алаштанушы-ғалым М. Қойгелдиев: «Қазақ» газеті, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді» [1, 187-б. ] деп объективті бағасын берді.

Slide 5

«Айқап» пен «Қазақ» не үшін айтысқан?

Бір анығы, қос басылым арасында келіспеушілік болған. Оны Бейімбет Майлиннің мына сөздері қуаттай түседі: «Енді келейік, «Айқап» пен «Қазақ» арасына. Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі». Бұл келіспеушіліктердің неден туындағанын бірден жайып салудың өзі оқырман келіспеушілігін тудыруы ықтимал.

М. Сералин «Басқармадан» (1915) атты мақаласында бұл журналды ашудағы басты мақсатын: « . . . Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді . . . Журнал шығарғандағы мақсатымыз - халыққа жол көрсетпек еді», деп білдіреді. Қайраткер «Аштық хаһқында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл», «Жер әңгімесі» т. б. мақалаларында қазақ қауымының жоғын жоқтап, жер, оқу-ағарту секілді басты мәселелердегі келелі ой-толғамдарын талқыға салады. «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл» мақаласында Алаштың арда азаматы М. Сералин: « . . . Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол - оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жұртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық қылып, оқушы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды», деп жазды. «Айқап» «Алты Алаштың баласына егін шаруасына қолайлы жерлерге қала салуды қуаттап, халыққа шамасы келгенше түсіндіру» мақсатын ұстанған басылым еді. Сондықтан да онда осы мазмұндас мақалалар көптеп жарық көрді. Соның бірі - «Қазақ халқының мұқтаждығы» мақаласында М. Сералин: «Ау, жұрт! Ойланайық. Келешек заманымыз қалай болады? Заманға муафық іс істейік. Заманның соңынан біз қумасақ, заман бізді күтпейді» деп, алмағайып заманда қазақтың өз жеріне ие болып қалуы үшін отырықшы болу керектігін әлеуметтік ой-санаға сіңіруге тырысты.

Slide 6

Тағы бір тұста «Айқап»: «Көшпеліліктен бас тартып, отырықшы боламыз. Отырықшы болған ел оқуға мүмкіндік алады, егін егіп, басқа да шаруа түрлерін дамытады» деп ашық пікір білдіреді. Міне, осы ұстанымдары «Қазақ» газеті мен екеуінің арасында келіспеушілік отын тұтатты. «Қазақ» газеті қазаққа 15 десятинадан жер беріп, отырықшы қылудың артында патшалық Ресейдің құйтырқы саясаты жатқандығын айтады. Олар қазаққа осынша жер беру арқылы өздеріне көбірек қалдыру жағын ойлап отырғандығын алға тартады. Оның дәлелі ретінде переселен мекемесінің бастығы Глинконың Ресейдің Мемлекеттік Думасындағы ашық мәлімдемесін мысал ретінде келтіреді. Екіншіден, қазақ жерінің көп бөлігі егін егуге қолайлы емес, ертең халықтың аштыққа ұшырауы мүмкін екендігін ескертеді.

Slide 7

Міне, осылайша «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы алғашқы көзқарас, ұстаным қайшылығы орын алған. Бірақ бұл қос басылым ұстанымдарындағы жалғыз қайшылық емес. Бұнымен қоса олардың басқосу (съезд) өткізуге және әліпби таңдауға келгенде де пікірлері екіге жарылған. Соның кесірінен екі басылым авторлары бір-біріне қарата көптеген мақалалар жариялаған. Алайда қазақтың сол тұстағы зиялылары жазармандарды мәмілеге келуге үгіттеген. Бір-бірін бекер кекетіп-мұқатудың еш қажеті жоқтығын, қайта өз пікірлерін мәдениетті түрде білдірулері керектігін түсіндіріп баққан, екіге жарылған қазақ зиялыларын парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге, саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат-мақсаттағы елдік жолындағы кемел істерде береке-бірлікке шақырды.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Айқап журналының қазақ тарихындағы орны
Әдеби сын
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
Алғашқы қазақ басылымдар
Қазақ қоғамынд жәдидшілдік қозғалыстың үлесі
Қостанайдағы орыс - татар мектебі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
Сарыарқа - газет
Сыни тұрғыдан ойлау
Әдеби бағыттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz