Даосизм: шығу тегі, негізгі ұғымдары және классикалық мәтіндер


Slide 1

Даосизм

Орындаған: Романов А. Е.

Тексерген: Бекмухамбетова Б. Р.

Slide 2

Даосизм (қытайша «дао цзяо” - «жол ілімі”) б. з. б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б. з. б. ІV-ІІІ ғғ. ) «Чжуан-цзыда” баяндалады.

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы” (б. з. б. ІV-ІІІ ғғ. ) және «Хуаинань-цзы” (б. з. б. ІІ ғ. ) еңбектерінде тұжырымдалған.

Slide 3

Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао - бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол - мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол - бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао - беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ - қоректендіруші.

Slide 4

Дао - философтарының мақсаты

Өмірлік құштарлықтан айырылып, Даолық заңдылықтарды ұстану.

Slide 5

Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.

Slide 6

Лао-цзы

«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады.

Slide 7

Чжуан-цзы

«Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.

Slide 8

Лао-цзы (Ли Дань) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин»‘ шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжампікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді

Slide 9

«У-вэй» - «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.

Slide 10

Назар

Аударғандарыңызға

РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуы
Христиан діні: шығу тегі, даму тарихы және негізгі догматтары
Адамның шығу тегі мен эволюциясының антропологиялық негіздері
Сананың шығу тегі мен мәні: дамуы және қасиеттері
Биоматериалдардың шығу тегі, жіктелуі және медициналық қолдану салалары
Химиялық элементтердің шығу тегі мен ашылу тарихы
Мәдениеттің шығу тегі, ішкі мәні және қоғамдағы қызметтері
Тау жыныстары: шығу тегі, метаморфизм және петрография
Ауыл шаруашылығы жануарларының шығу тегі, қолға үйретілуі және эволюциясы
Жылқының шығу тегі, эволюциясы және тұқымдарын шығару әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz