Иудаизмнің қасиетті кітаптары




Презентация қосу
Иудаизм
Орындаған: Романов А.Е.
Тексерген:
• Иудаизм – еврей халқының ұлттық
діні. Иврит тілінде «Иудаизм»
термині XІX ғасырдың соңынан
бастап кең тарала бастаған. Иудаизм
әлемдегі екі ірі діні – христиан мен
исламның дінінің пайда болуына
әсер етті. Иудаизмнің жолымен
жүретіндер өздерін Құдайдың
айрықша назары түскен халық деп
есептейтін болған. Қазір яһудилер
18-20 миллион шамасында. Оның 4,4
миллионы Израильде, 6 миллионы
АҚШ-та және Еуропа мен әлемнің
түкпір-түкпіріне таралған.
Тарихы
• Исраиль ұлдарының арғы аталары Ибраһим
пайғамбар болып табылады. Ибраһимнің
Сара және Сараның мысырлық күңі Хажер
(қазақша Ажар) атты екі әйелі болған.
Ибраһимнің Сарадан Ысқақ (Исхақ),
Хажерден Исмаил атты ұлдары туылды.
Ибраһим пайғамбардың Ысқақ атты
баласынан Яқуб (Жақып) пайғамбар дүниеге
келеді. Ал Яқуптың лақап аты Исраиль
болып, бүгінгі еврейлер сол пайғамбардың
ұрпақтарымыз деп есептеп, өздерін «Исраиль
ұлдары» деп атайды. Бүгінгі Исраиль
(Израиль) республикасының аты да сол Яқуб
пайғамбардың лақап атымен аталады.
Сонымен бірге Еврейлердің «Яһуда» деп
аталуы, Яқуб пайғамбардың ұлының бірінің
аты Яһуда немесе Иуда есімімен байланысты.
Кітаптары
Иудаизмнің қасиетті кітаптары. Олар
үш топқа бөлінеді.
1. Киелі 30 31 кітаптардың бірі – Тора
(иврит тілінде – «Заң») деп аталады.
2. Екінші топқа жататын кітап-том –
Танах.
3. Үшінші топқа бірнеше кітап-том
кірсе, олардың әрқайсысында
бірнеше туынды бар. Бірнеше
томнан тұратын бұл киелі кітап
Талмуд («Зерттеу», «Зерделеу»)
деп атала- ды.
• Тора – Иудаизмдегі ең негізгі, ең көп
оқылатын кітап. Тораның барлық нұсқа-
данасы ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін
теріге қолмен жазылып келген.
• Тора синагогалардағы (яһудилердің
құлшылық үйлері) ерекше орын- дарда
сақталған. Әлемнің барлық елдеріндегі
раввиндер Құдайға құлшылық етер
алдында Тораны сүйіп, оның ережелерін
ізгі тұтатын болған. Дін ілімін танушылар
оның жарыққа шыққаны үшін Құдай және
Мұса пайғамбарға мадақ айтады. Олар
Құдай Тораны Мұса пайғамбар арқылы
жеткізді деп санайды. Кейбір кітаптарда
Тораның авторы Мұса пайғамбар деп
жазылады.
• Танах – бір кітап-том
болғанымен, онда 24 еңбек-
туындыдан тұрады. Танах үш
бөлімнен тұрады: Тора Мұса
(ғ.с.) (бес кітап), Нэ- биим
(Пайғамбарлар) (жеті кітап),
Кэтувиим (Жазба) (он екі
кітап). Танах б.д.д. Х ғасырдан
б.д.д. ІІ ғасыр аралығында
қалыптасқанға ұқсайды.
• Талмуд – бірнеше кітап-томнан
тұрады. Талмудта екі бөлім бар.
Бірінші бөлім – Мишна (қайталау).
Бұл – Тораға түсіндірме. Екінші
бөлімі – Гемара (толық түсіндіру).
Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Тал-
мудта қылмыстық және азаматтық
сипаттағы заңдар, адамгершілік
заңдар, отбасылық және жеке адам
өміріне қатысты кеңестер бар.
Талмудта 365 тыйым және 248
бұйрық әмірлер жинақталған яһудилік
әдет-ғұрыптар жүйесі түзілген.
Бүгінгі яһудиліктегі сенім негіздерін яһуди философы Рабби Моше бен
Маймон (1135-1204) былай құрастырған:

Құдай (Яхве) барлық нәрсенің жаратушысы;
Яхве біреу;
Құдайдың денесі жоқ, оны суреттеу мүмкін емес; Құдайдың әуелгісі мен
соңы шексіз;
Біз тек Яхвеге дұға жасап, оған жалбарынуымызға тиіспіз;
Пайғамбардың барлық сөздері дұрыс;
Хз. Мұса - пайғамбардың ең ұлысы;
Қолымыздағы Тора, Яхве тарапынан Мұса пайғамбарға түсірілген кітап
және қазірге дейін өзгертілмеген;
Дініміз илаһи (Яхве тарапынан жіберілген) бір дін;
Құдай адамдардың барлық әрекеттері мен ойларын біледі;
Құдайдың бұйрықтарын орындағандар сыйлыққа бөленеді, ал
орындамағандар жазаланады;
Құдай құтқарушы мәсіх түсіреді;
Рухымыз өлмейді.
Құдай қалағанын өлтіріп, қалағанын тірілтеді.
• Яһудилер құлшылықтарын синагогта да (Бет ха Кнесет), үйде
де жасай береді. Синагогта оралма қағазға жазылған Тәурат
жазбалары сақталатын «Арон ха-кодеш» деп аталатын Құдыс
(Иерусалим) жақтан орын тепкен бөлме болады. Сондай-ақ,
жеті қолды шырағдан (менора) мен «Давид (Дәуіт) патшаның
мөрі» деп аталатын алты бұрышты жұлдызша (қазір Израиль
республикасының байрағында бейнеленген) белгілер, яһуди
Рош-ха-Шана

Яһуди күнтізбесінде жыл басы
есептелетін бұл мейрам, Тишри
(яһудише ай аты) айының 1-2-інші
күндері тойланады. Яһудилердің
сенімі бойынша Рош ха Шана әлем
мен адам тағдырының қайта
жазылатын күні. Олар осы күні
құлшылық жасаумен, тәубе етумен
айналысады.
Суккат
• Суккат мейрамы яһудилердің Мысырдан шыққаннан кейін 40 жыл
шөл далада өмір сүргенін еске түсіру мақсатында тойланатын
мейрам. Бұл мейрам кезінде яһудилер Иерусалимге зияратқа барады.
Песах
• Яһудилердің Мысырдан шыққанын еске алу мақсатында тойланатын бұл
мейрам, көкек айының 15-інен бастап, 8 күн бойы жалғасады. Бұл
мейрамның бір ерекшелігі яһудилер ашытқы қосылған тағам жемейді.
Назар
Аударғандарыңызға
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Иудаизм діні
Пайғамбарлық кітаптар
Діндер классификациясы: ұлттық және әлемдік
Ислам діні туралы
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Католиктік шіркеу
Дін – рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Индуизм - Үндістанда пайда болған, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
1. Дін Рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. 2.Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде
Пәндер