Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті

Қабылдаған:Досмаханбет Асан
Орындаған: Исаханов Бексұлтан
Тобы:ЭСТ-912
ЖОСПАР:

Х.Колумбтың саяхатын сипаттаңыз және нәтижесін

тұжырымдаңыз

Дүниежүзілік туристік ұйымның қалыптасу тарихы

Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы
Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан,
португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында
Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа
жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп
алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл
мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның
Лиссабон қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп
ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда
тұрғанда Феници Мони де Палестерелло деген теңізшінің қызымен
танысып соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген,
кейін Порто-Санто қаласының губернаторы болған. Осы қалада тұрғанда
Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз
жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалды толық зерттейді.
Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу
мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы
Португалия королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын
жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның
жоспарын тек қиял деп санайды.
Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы Испанияғя
қаржысы болмағандықтан, жаяу келеді. Мұнда ол өзіне жолдастар тауып, патша
сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып достасады. Содан біраз
уақыт өткен соң , достарының көмегімен Колумб жоспарын Испания короліне
ұсынады. Король Фердинанд оның ұсынысын тыңдап болған соң Саломондағы Степан
монастырына діншіл ғалымдарды жинап Колумб жоспарын ұзақ талқылап оны дінге
қарсы қабылдауға болмайды деген қорытындыға келді. Жоспары Испанияда
қабылданбаған соң ол Португалиғя қайтпақшы болды. Бірақ король айтқанынын
айнып, егер Колумтың жоспары жүзеге асса біз португалия корольі алдында күлкіге
қаламыз деп ойлады. Король мынандай шешімге келді:
Колумб өмірінше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан жерлерінің
адмиралы болды; Ол өзі ашқан жерлерінің вице королі және губернаторы болады; Ол
жерлерден табылған асыл бұйымдар – інжу-маржан, алтын, күміс, асыл тастардың
оннан бірін өз пайдасына алып отырады.
Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды. Үшіншісін
Колумб өз қаржысымен жабдықтайды. 1492 жылы, 3 тамызда Колумб үш кемеге
отырған 90 адаммен бірге Батыс жолмен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз
Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға
аттанады.
Дүниежүзілік туристік ұйымның қалыптасу тарихы

Дүниежүзілік туризм ұйымы (ДТҰ, World Tourism Organization)) — халықаралық ұйым.
1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік
туризм ұйымы мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туризм
ұйымының мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке,
гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға
жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Хатшылықтың тұрған жері — Мадрид
қаласы (Испания).
Дүниежүзілік туризм ұйымы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризм
сферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің
жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN)
Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтері Мадрид (Испания)
қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға
колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).
1925 ж. Гаагада Ресми Туристік Ассоциациялардың Халықаралық
конгресі ретінде құрылған болатын. Екінші Дүниежүзілік соғыстан
кейін Ресми Туризм Ұйымдарының Халықаралық кеңесі деген атауға
өзгертіледі ( штаб-пәтері - Женева қаласында), оған - 109 ұлттық
туризмдік ұйымдар мен 88 ассоциациялық мүшелер кіреді. 1967 ж.
Үкіметаралық ұйымға айналып, ЮНЕСКО, ВОЗ және т.б. көптеген
халықаралық деңгейдегі ұйымдармен қызмет істейді. 1969 ж. БҰҰ-ның
Бас Ассамблеясы Ресми Туризмдік Ұйымдардың Халықаралық
кеңесінің туризмдегі ролінің маңыздылығын атап өтеді. 1974 ж.
Халықаралық кеңес Дүниежүзілік туризм ұйымына өзгертіледі. Ең
бірінші Бас Aссамблея 1975 ж. Мадрид қаласында өтеді. Хатшылығы
Мадрид қаласында жергілікті Испанияның үкіметінің шақылуымен осы
жерде орналасады. 2003 ж. БҰ ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының
мамандандырылған мекемесі мәртебесін алады. 2006 ж. Дүниежүзілік
туризм ұйымы құрамына 150 мемлекет, 7 аумақ және 300-ге жуық
жеке сектор, оқу орындары, туристік ассоциациялар және жергілікті
туристік әкімшіліктерді көрсететін ассоциация мүшелері кірген. 2011
ж. Дүниежүзілік туризм ұйымының құрамына 154 мемлекет кіреді. Бас
Ассамблеяның 19-ші сессиясы - Kореяның Кенджу қаласында өткен.
2010 ж. ДТҰ өте маңызды деген жобаны бастайды. Бұл жобаны
қарастыру 2010 ж. қазан айында Ұлы Жібек жолын дамытумен
байланысты болады. Қабылданған шаралар 2010-2011 жж. аралығында
жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жоба маңыздылығы оның тарихының
тереңнен бастау алуында болып келеді. Ол көптеген ғасырлар бойы
елдер мен континеттерді байланыстырған магистраль болды [
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген
жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу
Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық
ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман
(А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат
өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің
дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа
мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған
көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI
ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань
жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан
басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан
Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне
өткен.
Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы
кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан
Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық
Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң
Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге
барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері
арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де
«Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта
Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған ; ал, елге қайтарында
барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан
түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың
батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян
барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне
қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп,
көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып,
өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту
мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл
қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ
тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген : жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан)
басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп
өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шыңжаңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-
Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін
басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара
теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан)
шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары
жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін
созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын
бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын
жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан
асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды : Юймынның батыс солтүстігінен
басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып,
бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп
аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап,
батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол
айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды.
«Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.

Ұқсас жұмыстар
Қысқаша теориялық мәліметтер
Ішкі жыныс ағзалары
Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
Түркістан қаласы
Тамақтану теориялары
Диуани хихмет
Квадрат Тендеу туралы
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛТЕТІ ЯСАУИ ІЛІМІНІҢ МӘНІ
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Пәндер