ҚОЙМАҒА ЕНУ ЖОЛДАРЫ ЖОСПАР
Презентация қосу
ҚОЙМА ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ ТҮР
ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚОЙМАҒА ЕНУ ЖОЛДАРЫ
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
ҚОЙМА ЗИЯНКЕСТЕРІ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОЙМА ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ ТҮР ҚҰРАМЫ
ҚОЙМАҒА ЕНУ ЖОЛДАРЫ
ҚОЙМА ЗИЯНКЕСТЕРІНЕН ҚОРҒАНУ
ЖОЛДАРЫ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Қамба бізтұмсығы - Sitophilus granaries L.
Қаттықанаттылар отрядының Бізтұмсұқтылар
тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-шығыс облыстарында көп, ал солтүстік
облыстарында диірмен, наубайхана, сыра заводы сияқты
жылыжайларда көбірек зиян келтіреді.
Қамба бізтұмсығының
дернәсілі
Қамба бізтұмсығының
қуыршағы
Қоңыздың денесі сопақтау, ұзындығы 3,5 мм, түсі қара-
қоңыр немесе қара, аяқтары және мұршалары қызыл-қоңыр.
Үстіңгі қанаттары бір түсті, дақсыз, артқы қанаттары
жетілмеген. Қоңыз ұша алмайды. Жұмырқасы сопақша, түсі
сарғылт болады. Дернәсілдерінің басы қара, денесінің қалған
бөліктерінің түсі ақ, аяқтары болмайды, ұзындығы 4 мм
жетеді. Қуыршағы ақшыл-сары, ұзындығы 2,7 мм
шамасындай.
Жұмыртқадан басқа фазаларының барлығында қыстап шыға
алады.
Солтүстік Қазақстанда жылына 2, оңтүстікте 4 ұрпақ береді.
Күріш бізтұмсұғы - Sitophilus oryzae L.
Қазақстанның барлық облыстарында таралған. Солтүстік
және орталық Қазақстанда жылыжайларды, сонымен қатар
қоймаларда ылғал шамадан жоғары болған жағдайда дән
үймелерінің өздігінен қызған жерлерін мекендейді.
имаго
қуыршақ
жұмыртқа
дернәсіл
Күріш бізтұмсұғының даму циклы
Қоңыздың ұзындығы 2-2,5 мм, түсі күңгірт қоңыр, немесе аздап
жылтыр, арқа сақинасында тығыз орналасқан көптеген ірі
шұңқырлар бар. Үстіңгі қанаттарының әр қайсысында қызғылт
түсті 2 дақ пайда болады. Артқы қанаттары жақсы дамыған.
Дернәсілдерінің сыртқы пішіні жағынан қамба бізтұмсұғының
дернәсілдеріне ұқсас. Қоңыздар 3 айдан 8 айға дейін өмір сүреді. Осы
уақыт ішінде ұрғашыларының әр қайсысы 500-ге дейін жұмыртқа
салады. Жұмыртқаларын біреуден дәннің ішіне орналастырады.
Қолайлы жағдайлар болса, Солтүстік облыстарды жылыны 7-8
ұрпаққа дейін беріп өсіп-өнеді.
Ұн қоңызы - Tenebrio molitor L.
Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының қара денелілер
(Tenebrionidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең
таралған, әсіресе Солтүстік және Батыс Қазақстанда жиі
кездеседі.
10-28 мм
3-4 ай
10-12 күн
дернәсіл
жұмыртқа
қуыршақ
1-3 ай
12-20 күн
қоңыз
Ұн қоңызының даму циклы
Қоңыздың ұзындығы 12-16 мм, түсі майлы жылтыры бар қара
қоңыр, үстіңгі қанаттарында көптеген нүктелерден тұратын
бойлық айғыздар орналасқан. Мұртшалары қысқа, олардың ұш
жағы аздап жуандау, алдыңғы арқа сақинасы едәуір жалпақ.
Жұмыртқасы сопақша келген, ұзындығы 1,6-1,8 мм, түсі сүттей ақ,
жылтыр. Дернәсілдерін «ұн құрты» деп атайды, ұзындығы 25-30
мм дейін жетеді.
Суық жайларда жылына 1, жылыжайларда 2 ұрпақ беріп дамиды.
Дернәсілдері қыстайды.
Астық тескіш - Stegobium
paniceum L.
Қатты қанаттылар отрядының тескіш қоңыздар
(Anabidae) тұқымдасына жатады. Қиыр солтүстіктен
басқа жерлердің бәрінде тегіс таралған.
Қоңыздың түсі ақшыл қоңыр немесе қызғылт-қоңыр. Денесі цилиндр
пішінді, алдыңғы арқа бунағы капюшон тәрізді, басын жауып тұрады.
Ұзындығы 1,8-4 мм. Зиянкестің дернәсілі ерекше көп қоректі, алуан
дақылдардың дәндері және олардын жасалған тағамдарды, сонымен қатар
ет пен сүттен жасалған тағамдарды, кептірілген жемістер мен
көкөністерді, тамыр және түйнек жемістерді, кептірілген қызыл
бұрышты, темекіні, дәрілік шикізаттарды және азық-түлікті
зақымдайды. Дернәсілдер қағаздан, картоннан және целлофаннан жасалған
орауыштарды, кітаптардың былғарыдан жасалған мұқабаларын,
гербарийлерді кеміріп бүлдіреді.
Дернәсіл күйінде қыстайды. Жылына 2 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Ұн кенесі - Acarus siro L.
Денесі мөлдір, ұзындығы 4-0,7 мм. Аяқтары
мен ауыз аппараттары қызғылт-қоңыр. Еркек
кененің алдыңғы аяқтары басқа аяқтарына
қарағанда жуан.
Денесі мөлдір, ұзындығы 4-0,7 мм. Аяқтары мен ауыз аппараттары қызғылт-
қоңыр. Еркек кененің алдыңғы аяқтары басқа аяқтарына қарағанда жуан.
суыққа төзімді, бірақ 4-5˚С температурада өніп-өсуі баяулайды. Ол жақсы
дамуы үшін температураның 20-25˚С, ал дәннің дымқылдығының 16-17
пайыздан болуын қалайды. Осы жағдайларда кененің бір ұрпағының дамуы 14-
16 күнге созылады.
Көп қоректі кене, күнбағыс, зығыр, мақта, қыша тәрізді техникалық дақылдар
мен көкөністердің тұқымдарын, кептірілген етті және басқа азық-түлікті
зақымдайды.
Бір аналық кене 200-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын азық-
түліктерге, қойманың қабырғалары мен еденіне, ыдыстарға және басқа
орындарға орналастырады. Қолайсыз жағдайларда нимфа қозғалатын немесе
қозғалмайтын гипопусқа айналады.
Қойма зиянкестерінен қорғану жолдары
Алдын алу шаралары: қамбалардың айналасын
шөп-қоқыстардан тазалау, қойма ішін, дән тазартқыш
машиналарды және қоймадағы саймандар-
ды астық қалдықтарынан тазарту, қойма ішін әктеу,
астықты кептіру.
Күресу шаралары: Астық пен басқа өнімдердің
сақталуын қамтамасыз ету, шараларды жоспарлау үшін
зақымдануды анықтау, яғни тірі буынаяқтыларды
анықтаудың маңызы зор. Дақылдардың үлгілерін
сұрыптау қажет. Сақталатын астықты жіне дәнді
өнімдерді тексеру мерзімдерін мемлекеттік стандарт
бойынша жүргізеді.
Пайдаланылған әдебиттер:
1. Тілменбаев Ә.Т, Жармұхамедова Г.Э. Энтомология.
Алматы. Кайнар. 1994 ж.
2. Н.Ашықбаев, Б.Дүйсембеков, А.Ағыбаев, Р.Карбозова.
«Өсімдік қорғау». Астана. 2011ж.
3. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш.
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен
аурулардан қорғау. Алматы, 2014.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz