Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Презентация қосу
Дәрумендер
Жоспар:
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Дәрумендердің жіктелуі
Жіктелуі бойынша қарастыру
Дәрумендердің жетіспеушілігі
Қажеттілігі
Дәрумендер– ерекше органикалық заттар.
Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады.
Бірақ дәрумендерсіз біздің орга-низміміздегі
мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес.
Дәрумендер организмнің тіршілік қабілеті үшін
қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін
арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы
тұруын қамтамасыз етеді.
Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топқа бөледі:
Суда еритін
дәрумендер: оларға – В Майда еритін
тобының дәрумендері дәрумендерге А, D,
мен С (аскорбин К, Е, тағы басқалар
қышқылы) жатады
Дәрумендердің адам организмі үшін
биологиялық мәні өте зор. Олар организмдегі зат
алмасу процестерін жақсартады, организмнің әр
түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабі-летін
күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін
жақсартады. Сонымен қатар әрбір дәрумендердің
организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.
А дәрумені организмнің өсуіне және
дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. Ол
организмнің қорғаныш қасиетін
арттырады, көздің көргіштігін
жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге
қатысады. А витамині – нәлім (треска)
балығының бауырында, теңіз
алабұғасында, сары майда, сәбізде,
қызанда, т.б. болады.
В дәруменінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12, В15.
Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар: нанда,
жемістерде, әсіресе ашытқыларда болады. В дәрумендер тобы
бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл
дәрумендер жеткіліксіз бол-ғанда, адам тез шаршап-шалдығады,
жүйкесі қозады және ашуланшақ болады. В12 дәрумені жілік
майында қызыл қан түйіршіктерінің (клеткаларының) жетіліп,
қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл дәрумен
жеткілікіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 дәрумені –
жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.
С дәрумені организмнің түрлі жұқпалы
ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен
тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге
қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл
дәрумен организмде жеткілікті болу үшін –
көкөніс пен жеміс-жидектерді, ашыған
қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған
жөн.
Д дәрумені организмде күн сәулесінің әсерінен түзілді.
Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел
(рахит) ауруымен ауырады. Мешел аурумен ауырғанда-
баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс
қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші
үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада,
күншуақта көбірек серуендеуі қажет. Сонымен қатар
ішетін тамақ құрамында қажетті дәрумендері жеткілікті
мөлшерде болуы керек.
Дәрумендер жетіспеген жағдайда организм ауруға
шалдығады. Кейбір витаминдер организмде де синтезделеді.
Олар тамақтық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға,
организмнің өніп-өсуіне әсерін тигізеді.
Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың,
майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың
алмасуын тездететін және реттейтін дәрумендер.
Дәрумендерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды
түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын
заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп
қарауымыз тиіс, өйткені дәрумендер тағамның құрамына
кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Дәрумендердің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат
белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды.
Гиповитаминоз құбылысы организмге қажет дәрумендер
мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен
болады. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына
таман, азық-түлікте дәрумендер мөлшері өте азайған кезде
байқалады.
Гиповитаминоз бен авитаминоздың көктем айларында көптеп
кездесуінің басты себебі адамдардың қыс мезгілінде
көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерінен аз пайдалануынан орын
алады. Авитаминоз дәрумендердің жетіспеушілігінен ғана
емес, кейде ағзаның дәрумендерді табиғи, физиологиялық,
психологиялық және тағы басқа да факторларға байланысты
көп қажет етуінің салдарынан да туындайды. Мысалы, ауа
температурасының жоғары немесе төмен болуы, ауыр, қауіпті
жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы, күйзеліске ұшырау.
Витаминдер қажет:
өйткені олар метаболизм процестеріне қатысады,
жүйке жұмысын реттейді, сүйек пен бұлшықет
тінінің түзілуінде маңызды рөл атқарады,
жұқпалы және жұқпалы аурулардан қорғау,
өйткені олар денені бос радикалдардың зиянды
әсерінен қорғайды, сондықтан көптеген
дәрумендерді антиоксиданттар деп атайды.
Витаминдер өте аз мөлшерде қажет, микрограммнан
миллиграммаға дейін, бірақ оларды үнемі тұтыну
керек, өйткені организм олардың ұзақ мерзімді
қорын құрмайды.
Назарларынызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz