ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ


Slide 1

Дайындаған: Жомуд Мария Қонайбекқызы

Мамандығы: Педагогика және психология

Тексерген:Ертарғынқызы Динара

«Әл-Фараби» атындағы қазақ ұлттық университеті

ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ

Slide 2

Тәрбие процесі -бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие процесі-бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында (тәрбие ісі) есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс- әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.

Тәрбие процесі-де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекетінің барлығы тәрбие процесі болып табылады. Олардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау керек. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі- тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан ауытқу қаупі туады.

Тәрбие процесі ұғымы

Slide 3

Ең алдымен бұл процесс мақсатты-бағдарлы болып табылады. Оны ұйымдастыруда мейлінше пәрменділікке жеткізетіні - тәрбие мақсатының тәрбиелеушіге жақын әрі түсінікті мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы қазіргі тәрбие процесі сипатталады.

“Оқыту” - педагогикалық процестің бір бөлігі, онда өсіп келе жатқан ұрпақтың тұлғасын қалыптастыру міндеттері оқушылардың білімдер негізін меңгерудегі танымдық әрекеттерін мұғалімдердің ұйымдастыруы арқылы шешіледі; “оқыту формалары” мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзара әрекеттерін қамтамасыз ету арқылы шешіледі. Педагогикалық процесс - оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да, іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді. Педагогикалық процесс бір ғана сәттік емес, уақыты жағынан ұзақ процесс. Оның заңдылықтарының ерекшеліктерін оқу барысында олардың бірқатары педпгогикалық процестің әлеуметтілік сипаттағы ерекшелігін көрсетеді және біртұтас педагогикалық процесте қалыптасушы тұлғаға қойылатын талапқа және осы талаптарға тәуелді мақсат, міндеттер және мазмұнға әсерін тигізеді.

Ең алдымен бұл процесс мақсатты-бағдарлы болып табылады. Оны ұйымдастыруда мейлінше пәрменділікке жеткізетіні - тәрбие мақсатының тәрбиелеушіге жақын әрі түсінікті мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы қазіргі тәрбие процесі сипатталады.

Slide 4

1. Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың сипатына байланыстылығы.

2. Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәулді болу заңдылығы. Қарым-қатынас жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі де төмен болады.

3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы.

Тәрбие процесінің заңдылықтары :

Slide 5

Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісінің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл-кеңесін, өз тәжірибесінен тексереді.

Тәрбие мазмұны, тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады. Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.

Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас, жыныс, және дара ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.

Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуелді. Бір біріне деген сенімділігі, тәрбиенің нәтижелілігін арттырады.

Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.

Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сынып жетекшісі, жоғарғы оқу орнында куратор, психолог, ата-ана, оқытушылар) іс-әрекеттерін келісіп іске асыруларына да тәуелді.

Өзіміз көріп отырғандай, тәрбие заңдылықтары тәрбие процесінің нәтижесін суреттейді. Тәрбие заңдылықтарымен қатар, принциптерін де тәрбие процесінде ұстану қажет.

Педагогикалық процесс- біріншіден мазмұны жағынан өзінде оқу және сонымен бірге оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттерін де қамтиды; екіншіден, процестің өзінің екі жақтылық қасиетін көрсетеді, үшіншіден мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынастарының күрделілік қасиетін дәлелдейді, яғни, оқушылар да және ұстаздар да педагогикалық процесте бірдей нысаналар ретінде және ықпалдың субъектісі -объектісі ретінде және іс-әрекеттің субъектісі ретінде де көрінеді.

Slide 6

Жағымды қасиетке сүйену принципі. Тәрбиеленушінің жағымды қасиетін тауып, соған сүйене отырып тәрбиелеу.

Барлық принциптердің тепе-теңдігі. Принциптердің маңыздысы, маңызды емесі болмайды. Барлығын тең тұрғыда ұстанады.

Кешенділік принципі. Тәрбие принциптері тұтастықта жүзеге асырылады.

Тәрбиенің міндеттілігі. Тәжірибеде іске асырылуы тиіс.

Тәрбие процесі принциптері:

Тұлға дамуына бағытталу принципі. Барлық тәрбиеленушілердің өзіндік ерекшеліктері бар: жынысы, жас, темпераменті, жинақтаған тәжірибесі, мінез-құлқы, даралығы.

Тәрбиенің гумандық принципі. Адамдарды құрметтеу, сыйлау, бір-біріне мейірімді бола отырып, талап қоя білу. Өзін басқаның орнына қоя білу.

Slide 7

Тәрбие әдістері

жазалау

Сендіру

Жаттықтыру

мадақтау

Үлгі көрсету

Slide 8

Сендіру әдісінің негізгі қаруы - сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.

Жаттықтыру әдісі- іс-әрекеттің көп рет қайталану арқылы, қалыпты әдеп қалыптастыру.

Мадақтау әдісі- жағымды іс-әрекетін бағалау арқылы, жеке адамды белсендендіру. Ол, мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс білдіру сипатта іске асырылады.


Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу
Тәрбие мақсатты процесс
Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
Ана тәрбиесі
Педагогикалық процесс
:Психологтың бала-бақшада жұмысын жоспарлауы
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Маринадталған жемістер
Мұздатылған балмұздақты өндірудің технологиялық процессі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz