Н.Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында, Әлем эпицентрі және Сындарлы он жыл еңбектерінің қазақ тарихнамасына және ұлттық санаға ықпалы


Slide 1

“М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ”

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ; . Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Әлем эпицентрі», «Сындарлы он жыл» «еңбектері

Орындаған; Пернеш. Э

Тобы; ЕП20-18К

Қабылдаған; Пазилов Е

ШЫМКЕНТ2020

Slide 2

Бұл Кітаптың негізгі мақсаты Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. 1999 жылы Н. Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Маңызы - Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады

Slide 3

Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.

Slide 4

Жалпы кітап 7 мазмұннан тұрады

Ұлттық келбетті ұлықтайық

Мәдениет келешегі

Алаш мұрасы және осы заман

Ұлттық бірегейлік туралы

Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар

Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары

Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде

Slide 5

Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған

Slide 6

Кітапта Қазақстан үшін жаһанданудың әлемдік саяси жүйесі мен әлемдік трансұлттық экономика процесіне тартылу қаншалықты маңызды деген сұраққа жауап ізделінеді, яғни ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Мұнда автор деректі материалдар негізінде ХХІ ғасырдың басындағы ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікке төнетін барлық қауіп-қатерлерге жан-жақты баға береді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.

Slide 7

<СЫНДАРЛЫ ОН ЖЫЛ>

Н. Ә. Назарбаевтың келесі 2003 жылы Алматы қаласындағы “Атамұра” баспасынан шыққан “Сындарлы он жыл” атты кітабы да, сол қауіпсіздік мәселесіне арналған. Бірақ, онда ядролық қауіпсіздік емес, соңғы онжылдықтарда кең етек жайған халықаралық терроризм, сепаратизм, экстремизм сияқты әлемдік дерттер және оларға қарсы күрес жолдары туралы айтылған. Мысалы, кітаптың кіріспе бөлімінде автор: “Терроризм, сепаратизм, экстремизм дегеніміз соғыс. Демек кез келген соғыстағы сияқты, біз, антитеррорлық коалиция мен ерікті елдер ынтымақтастығының мүшесі ретінде қару қолданбай отыра алмаймыз. Алайда халықтар мен мемлекеттердің мүддесіне қайшы келетін байлар мен кедейлер әлемінің арасындағы түпсіз шыңырауды, бейбітшілік декларациясына қатыса отырып, қару-жарақ сатушылықты, планетадағы миллиондаған адамдардың есірткіге кіріптарлығын пайдаланып, қыруар қаржы жасаушылықты, геосаяси өркөкректік пен өзімшіл өлермендікті жоймай тұрып, терроризмді жою да мүмкін емес”- дейді

Slide 8

Әлемнің эпицентрі»

Президенттің мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың одақтық бағынудың Қазақ ССР билігіне енгізілуі, республиканың сыртқы экономикадағы дербестікті қамтамасыз ету, республиканың алтын қорын және Қазақстанда Алмаз фондын құру туралы жарлықтар шықты. 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыдағы оқиғаны бағалау бойынша арнайы комиссия құрылды. Республика Президентінің Семей полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойды. Қазақстан үшін өте ауыр мәселе шешілді, ол ядросыз зонаға айналды. Бұл туралы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Әлемнің эпицентрі» деген еңбегінде толығымен жазды


Ұқсас жұмыстар
Н.Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі мен Халық тарих толқынында бағдарламасының қазақ ұлтының тарихи санасы мен ұлттық тарихын қалыптастырудағы рөлі
Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі: ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың мәселелері
Тарих пен уақыт: уақыт өлшеу және жыл санау жүйелері
Әлем бейнесі: тілдік және ұлттық концептуалдық талдау
Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі: модернизация және стратегиялық бағдарламалар
Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері: тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы дерек көзі және рөлі
Шетелдік телесериалдардың халықтың әлеуметтік өмірі мен ұлттық санаға зиянды әсері
Абай Құнанбайұлы - 175 жыл: өмірі, шығармашылығы және ұлттық-рухани мұрасы
Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар: жіктелуі және н мен ң әріптерінің қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz