Гипотензивті дәрілер


Slide 1

Тақырыбы:

Гипотензивті дәрілер

Диуретикалық дәрілер

Slide 2

Жоспар:

1. Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілердің жіктелуі, фармакологиялық топтарына сипаттама

2. Атеросклерозға қарсы дәрілер

( гиполиподемиялық дәрілер)

3. Диуретикалық дәрілерге фармакологиялық сипаттама

Slide 3

Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді. Олар көбінесе артериялық гипертензияда қолданылады.

Артериялық қысымның деңгейі көптеген факторларға: жүрек жұмысына, шеткерлік қан тамырлардың тонусы мен оның түтқырлығына, қан айналымының көлеміне, электролиттің құрамы және тұтқырлығына байланысты. Мүның барлығы нейрогуморальды бақылаумен реттелініп отырады.

Slide 4

Әсер ету механизіме қарай гипотензивті дәрілерді келесі топтарға жіктейміз:

I. Жүрек-қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның күшін төмендететін дәрілер (антиадренергиялық, нейротропты дәрілер) :

а) транквилизаторлар және тыныштандыратын дәрілер;

Slide 5

б) орталыққа әсерлі нейротропты дәрілер:

клофелин (катапресан, гемитон, клонидин), метилдофа (допегит, альдомет), гуанфацин (эстулик) - тамыр қозғалтқыш орталығының а2-адренорецепторын қоздырып, ОЖЖ-нен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді.

Одан вазомоторлы орталығының тежелуінен, артериялық қысымының төмендеуіне алып келеді.

Slide 6

Ciophelinum - клофелин (Б) :

0, 75 және 0, 00015 таб. түрінде шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-4 рет; 0, 01% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, 10-20 мл 0, 9% NaCI еріт. (стационарда ) к/т; 0, 125%; 0, 25% және 0, 5% 1, 5 мл еріт. тюбик-тамызғыш - глаукомада көз тамшылары түрінде белгіленеді.

Slide 7

Клофелиннің күшті гипотензивті әсері бар, мөлшерін жеке таңдайды.

ОЖЖ-нің тежегіш әсеріне байланысты, тыныштандыратын, үйықтататын әсері бар және дене қызуының төмендеуі байқалады. АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Әсері 2-4 сағ. басталып, 4-6 сағ. созылады, бүйрекпен шығарылады.

Гипертониялық аурулар мен гипертензивті кризде қолданылады. Ішке және парентеральды енгізіледі.

Клофелинді үйқтататын, психотропты дәрілермен және этил спиртімен бірге абайлап қолдану қажет.

Slide 8

Жанама әсері:

ауыз қуысының құрғауы (сілекей безінің секрециясы төмендеуінен), әлсіздік (ОЖЖ-нің тежегіш әсерінен) және іш қатуы байқалады. Клофелин ағзада Na+ иондарын және суды үстап қалады, сондықтан диуретиктермен бірге қабылдау қажет. Айқын жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бас миындағы қан тамырларының айқын атеросклерозында, артериялық гипотонияда, маскүнемдікте, депрессияда және көлік жүргізушілерге қолдануға болмайды.

Препаратты қабылдауды біртіндеп азайту қажет, себебі «догару белгісі» (синдром отмены) (препаратты бірден доғарғанда АК, едәуір көтеріліп, гипертензивті криз тудыруы мүмкін) пайда болады.

Slide 9

Methyldopha - метилдофа (Б) :

0, 25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет мөлшерін біртіндеп жоғарылатады, тәулігіне 1, 0 белгіленеді, тыныштандыратын әсері бар. Ішке енгізгенде әсері 4-5 сағ. сон басталып, 1 тәулікке дейін созылады. Ауыр жағдайларда к/т енгізіледі.

Жанама әсері: ұйқының келуі, депрессия, ортостатикалық гипотензия, лейкопения және бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жіті бауыр ауруларында, феохромоцитомада және жүктілікте қолдануға болмайды.

Slide 10

в) әсері шеткерлік нейротропты дәрілер:

1) ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин)

2) симпатолитиктер (резерпин, раунатин) ;

3) a-адреноблокаторлар (празозин, доксазозин, теразозин) ;

4) β- адреноблокаторлар (атенолол, ацебутолол, метопролол) .

Slide 11

II. Әсері миотропты гипотензивті дәрілер () .

Бұл препараттар бұлшық ет қабырғасының қан тамырларын босаңсытып, олардың кеңеюіне алып келеді.

а) Кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері) : фенигидин исрадипин (ломир) ; фелодипин (плендил) - әсері ұзақ.

б) Калий арналарының күшейткіштері: миноксидил (минона), диазоксид (гиперстат)

Slide 12

- тамыр тонусын бір қалыпты ұстап тұру үшін, қан тамырлардың біріңғай салалы бұлшықет жасушаларындағы калий арналарын ашып, жасуша ішіне қан тамыр тонусына қажетті Са2+ ионының енуін төмендетеді. Артериялық вазодилататор болып табылады. Миноксидил артериялардың кеңеюіне байланысты, тамырлардың кедергісі азайып, АҚ төмендейді. Негізінен қатерлі гипертензияда ішке қолданылады. АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Әсері 24 сағ. созылады. Бүйрекпен шығарылады.

Жанама әсері: бетті түк басу, су және Na+ иондарын ағзада жинақталуынан ісінулерге алып келеді. Диазоксид - күре тамырға еңгізгенде тез және күшті гипотензивті әсер көрсетеді. Энтеральды еңгізгенде АҚ-ң төмендеуі біртіндеп байқалады. Әсері 12-18 сағ. созылады. Гипертензивті кризде қолданылады.

Slide 13

в) Әртүрлі миотропты дәрілер:

Натрий нитропруссиді (нанипрусс) - артерия мен күре тамырларды кеңейтетін, азот тотығына оттекті беруші. Гипертензивті кризде күре тамырға тамшылатып енгізіледі. Әсерінің ұзақтығы 1-2 мин., сол себептен оны тамшылатып инфузия түрінде қолданады.

Жанама әсері: тахикардия, бас ауруы, диспепсиялық жағдайлар байқалады.

Slide 14

Apressinum - апрессин (гидралазин) (Б) : 0, 01 жөне 0, 025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң белгіленеді. Артериола мен майда артерияларды кеңейтеді. Рефлекторлы тахикардия, ісіну, диспепсия, бас ауру, қызыл жегі синдромы байқалуы мүмкін.

Slide 15

Magnesii sulfas - магний сульфаты: 20-25% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, абайлап б/е және к/т енгізеді; себебі тез еңгізгенде наркотикалық әсері және тыныс алудың тежелуі байқалуы мүмкін. Негізінен гипертензивті кризде және жүктіліктің нефропатиясында қолданылады.

Slide 16

Dibazolum - дибазол (Б) : 0, 02 таб. ; 0, 5-1% 1, 2 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі. Әсері орташа. Гипертензивті кризде қолданылады. «Папазол», «Андипал» препараттарының құрамына кіреді.

Slide 17 Slide 18

III. Ангиотензинге айналдырғыш ферментінің (ААФ) ингибиторлары (тежегіштері) .

1. Буыны: каптоприл (капотен) ;

2. Буыны: эналаприл (ренитек, энам), лизиноприл (привинил, диротон), рамиприл (тритаце), цилазаприл (инхибейс), периндоприл (престариум), фозиноприл (моноприл), трандолаприл (гоптен) .

Slide 19

Фармакологиялық әсері:

Бұл қосылыстар белсенді емес ангиотензин І-ді (ренин ферментінің әсерінен ангиотензиногеннен түзілген) вазобелсенді ангиотензин ІІ-ге (қан тамырлардың тарылтып, сығылуына алып келеді) айналдыратын ферменттің белсенділігін тежейтін препараттар. ААФ-ң ингибиторлары артерия мен күре тамырларды кеңейтіп, жүрекке кейінгі күшті және жүрекке веноздық қанның қайтуын азайтып, жүрек жұмысын жеңілдетеді, жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып, жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді, диурезді жоғарылатып, артериялық қысымды төмендетеді.

Slide 20

Қолдануы:

Гипертониялық аурудың өте ауыр түрінде, гипертониялық кризде, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады. Барлық препараттар каптоприлден, лизиноприлден басқасы дәрінің тегі (продәрі) болып табылады.

Slide 21

Каптоприлде әсері 1 сағ. басталып, 6 сағ. созылады, ал қалған препараттарда 2 сағ. басталып, 24 сағ. созылады.

Жанама әсері: әлсіздік, бас айналу, құрғақ жөтел және көкірек пен іш қуысы тұсының ауыруы байқалады. Көбінесе аллергиялық реакциялар капотенде байқалады.

Slide 22

Препараттар:

Captopril - каптоприл (Б) : 0, 025 таб. түрінде шығарылып, 1/2 -1 таблеткадан тәулігіне 2-3-4 рет тамақ алдында, гипертониялық кризде 1 таблетка тіл астына беріледі.

Enalaprili maleas - эналаприл малеаты (Б) : 0, 0025; 0, 005; 0, 01 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді

Slide 23

ІҮ. Ангиотензин рецепторларының блокаторлары:

лозартан (козаар), ирбесартан (апровель), эпросартан (теветен), валсартан (диован) -

ангитензин ІІ-литик болып табылады.

Ішке тәулігіне 1 рет белгіленеді. ААФ ингибиторларына қарағанда жанама әсері өте сирек байқалады.

Slide 24

Ү. Тұз-су алмасуына әсер ететін дәрілер

(несеп айдаушы, диуретиктер, салуретиктер) . Айналымдағы қанның көлемін азайтып, АҚ-ы түсіреді. Несеп айдаушы дәрілер басқа гипотензивті дәрілердің әсерін күшейтеді, сондықтан көбінесе бірге белгілейді.

Slide 25

Қиыстырылған препараттары:

«Адельфан-эзидрекс», «Алсидрекс-Г'», «Трирезид», «Тринитон» таб. (резерпин, дихлотиазид, дигидралазин) ; «Адельфан-азидрекс К», «Трирезид К» (сондай-ақ КСІ) ; «Кристепин», «Норматенс» драже (резерпин, клопамид = бринальдикс, дигидроэрго- кристин) ; «Энап X» (эналаприл, дихлотиазид) ; «Капозаид» (каптоприл, дихлотиазид), «Вискалдикс» (пиндолол + клопамид) және т. б.

Slide 26

НЕСЕП АЙДАУШЫ ДӘРІЛЕР (ДИУРЕТИКТЕР)

Несеп айдаушы дәрілер негізінен ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, электролиттердің (Na+ және СІ+) реабсорбциясын (қайта сіңуі) төмендетіп, әртүрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ-н төмендету үшін тағайындалады.

Slide 27

Негізгі қолдану көрсеткіштері:

артериялық гипертония кезінде АҚ-ы төмендету үшін (басқа гипотензивті дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық кезеңдеріне әсер етеді: фильтрацияға, секрецияға және түтікше реабсорбциясына. Олар қышқыл негіздік тепе-теңдікті сақтап тұру үшін бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып тұрады.

Slide 28

1. Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер:

дихлотиазид (гипотиазид, гидрохлортиазид, эзидрекс),

циклометиазид,

клопамид (бринальдикс),

оксодолин (хлорталидон),

индапамид (арифон, индап) .

Slide 29

Бұл диуретиктердің әсері орташа, тәулігіне 1 рет (таңертең) ішке қабылдайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимапьды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді.

Қолдануы: гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, жүктіліктің токсикозында (нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір алдындағы жағдайларда.

Slide 30

Жанама әсері:

диспепсия; гипокалиемия (алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин, құрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бүршақ, бүршақ, түйілген тары, сүлы жармасы және де дихлотиазидтерді калий сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет) ; гипохлоремиялық алкалоз; гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперурикемия (подаграның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және подаграның ауыр түрінде қолдануға болмайды.

Slide 31

Dichlothiasidum - дихлотиазид (Б) : 0, 025 және 0, 1 таб. таңертең ас алдында белгіленеді. Әсері 1-2 сағ. басталып, 10-12 сағ. созылады. 3-4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды. Магний иондарының экскрециясы бүзылады. Осы қүбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидрокарбонаттардың ағзадан шығуына алып келеді.

Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихпотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар.

Slide 32

ІІ. «Шумақты» диуретиктер:

фуросемид (лазикс), этакрин кышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс) .

Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірілуін) тежейді.

Slide 33

Қолдануы: ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда.

Жанама әсері: диспепсия, гипокалиемия, гипомагниемия, гипохлоремиялық алкалоз, гипотензия, бас айналу, әлсіздік, аллергиялық реакциялар және есту қабілетінің бұзылуы байқалады.

Бауыр комасында, гипокалиемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығаружолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды.

Slide 34

Препараттар:

Furosemidum - фуросемид (Б) : 0, 02 және 0, 04 таб. шығарылып, таңертең белгіленеді, әсері 20-30 мин. сон басталып, 3-4 сағ. созылады; 1% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е; 2-3 мл тәулігіне 1-2 рет к/т баяу ағынмен еңгізіледі, әсері 3-4 мин. кейін басталып 2-3 сағ. созылады.

Acidum etacrynicum - этакрин қышқылы (Б) : 0, 05 таб. таңертең астан кейін, 0, 05 амп. қолданар алдында ерітеді. Әсері 30-40 мин. соң басталып, 6-8 сағ. созылады.

Slide 35

ІІІ. Карбоангидраза ингибиторлары:

диакарб (ацетазоламид) - нефронның проксимальды түтікшелеріндегі карбоангидраза ферментінің белсенділігін таңдамалы тежеп, көмір қышқылының түзілуінің азаюы мен бүйрек түтікшелерінің эпителийінде натрий мен бикарбонат реабсорбциясын төмендеуіне және олардың несеппен шығарылуын күшеюіне алып келеді. Көзішілік және бас сүйекішілік қысымын төмендетеді. Диурездік әсері әлсіз.

Slide 36

Diacarbum - диакарб: 0, 25 таб. - 1 таб. тәулігіне 1-3 рет тағайындалады.

Қолдануы: өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, глаукомада, энцефалопатияда және эпилепсияда .

Жанама әсері: гипокалиемия, гиперхлоремиялық ацидоз және гиперкальциурия байқалуы мүмкін. Ацидозға бейімділікте, жедел бауыр мен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, уремияда және жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды.

Slide 37
Ұқсас жұмыстар
«Жүрек қан тамыр жүйесінің патологиясында фитопрепараттарды қолданылуы»
Жүрек гликозидтерімен улану
Қауіп тудыратын дәрілік заттар. Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі
ЕМХАНАДА ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ
Дәрілердің әсері
Жүрек гликозидтері туралы түсінік
Эклампсияның асқынуы
Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар
Биотрансформация кезіндегі өзара әсерлесулер
Артериялық гипертензия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz