Кейде әйелдердің тұрмысқа шықпай, ұрпақ жалғастыру


Slide 1

Орындаған : Сандыбай Аружан

Тексерген : Абилденова Динара

СӨЖ Тақырыбы : Қыз баланың карьера қуғаны дұрыс па әлде отызға жетпей отау ұйытқысы болу қажет пе ?

Slide 2

Қазақ халқының арасында ертеден қызға қырық үйден тыйым салып, гүлге тән нәзіктік пен батырға тән батылдықты бір бойында көргісі келген. Сонау данышпан әже, әпкелеріміздің ақылдығына қарамастан, әйел орны - ошақ басы деп білген. Оларды ел билеу ісіне араластырмай, жиырмаға жеткен жеткіншекті өз ұясына ұшырып, орнын табу қажет деп ойлаған. Әрине, бұл да өте орынды ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-сана болып табылады. Алайда қазіргі таңда түрлі технологиялардың дамып, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие мамандардың елімізге қажеттілігінен, әжем айтқандай « оқығанның заманында » жастардың жеке жұмысқа, оқуға қызығушылығы көбейген. Бұл өте қуанарлық жайт. Алайда осы жолды қуған жанның екі жақты қамтамасыз етуі де екі талай. Ал өз карьерасын қуалап, мақсатына жеткен жанның жасы 30-дан бір-ақ асады. Бұл дегеніміз ауызекі тілде айтар болсам - « отырып қалу ». Қазақтарда қалыптасқан, тіпті қатып қалған стереотиптің бірі осы болып табылады.

Slide 3

Статистикаға сүейенер болсақ, АҚШ-та қыздар өз істерімен шұғылданып, асықпай (25-45 жас аралығында) өз жарын тауып, жасқа қарамастан отау құра бастайды. Кейде әйелдердің тұрмысқа шықпай, ұрпақ жалғастыру үшін бала асырап алатын жайттарыда кездеседі екен.

Оңтүстік Азия елдерінде ( Корея, Қытай, т. б. ) қыздар 30-32 жастан тұрмысқа шығады екен.

Ал Латын Америка елдерінде де 28-30 жастан басталады. Мұнда ерте тұрмысқа шығу менталитеті жоқ. Керісінше оқып, өз бетінше карьера қуалаған қыздарды үлгі тұтады.

Slide 4

Мен өзім Шымкент қаласында туылып, өскенмін. Біздің жақта бұл стереотип басымдау келеді. Ашық мысал келтірейін : - Менің әпкем 11-ші сынып бітірген соң медицинаға оқуға түскен болатын. Түсер алдында көптеген жандар 9 жыл көптік етеді деп қарсылықта білдіріп, «тұрмысқа шығу қажет» сынды әңгімелер де болатын. Алайда ата-анамыздың қолдауымен түсіп, 9 жыл оқуды аяқтап, қазірде елге үлесі тиердей білікті маман болып, тұрмысқа шығып, ана атанып отыр. Менің айтқым келгені - бақытты болудың шектеулі уақыты жоқ, яғни ең бастысы тура жолдан мызғымай, мақсатың айқын болып, бақытқа бастар дұрыс іс-әрекет болу қажет.

Slide 5

Мен осы тұрғыда әлеуметтік желіде сауалнама жүргізіп көрдім. Жауаптарға назар аударсақ :

01

02

03

04

05

06

Slide 6

Өздеріңіз көріп отырғандай көпшілікте бұндай ойлар көп. Қарап тұрсаң пікірлер де орынды секілді. Алайда менің пікірім бойынша асығыстық танытпау қажет. Оқып, жұмысқа орналасып, ата-анаңның үмітін ақтап, қоғамға, туып - өскен Отаныңа үлес қосып, бақытыңды табуға болады. Иә, екі тарапты да қарастырған жөн. Бірақ, түсінігі мол, саған қолдау білдіретін жанның қасыңда болғанда ғана. Көпке топырақ шашпайын, дегенмен қоғамда болып жатқан дүниелерді жаңалықтан көріп шошыйтын сәттер де бар. Яғни жас отбасылар арасындағы келеңсіздіктердің елімізде етек алуы. (Британдық «The Economist» басылымының әлемдік рейтингінде Қазақстан ажырасу саны бойынша 10-орында тұр) . Көп жағдайда жалғыз басты аналардың болуы. Жауапкершіліктен қашатын әкелердің болу себебінен әйелдер әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қиналып жатқаны да рас. Сол себепті білікті маман атансаң ешқандай жұмыс орны бетіңнен қақпайды. Керісінше қазірде маман тапшылықтары да кездесуде. Бұл тұрғыда жеке басты ғана ойлап қоймай, елімізге тигізер үлесімізді де ескеруіміз қажет. Республикамыздың алдыңғы елдер қатарына еніп, болашағының жарқын болуы біздерге байланысты. Себебі, ел болашағы - жастар қолында !

Slide 7

2018 жылы - 54797 ажырасу ;

2019 жылы - 60402 ажырасу ;

2020 жылы - 66023 ажырасу ;

Толыққанды отбасы ;

Жалғыз басты аналар ;

Ажырасқан отбасылар ;

Slide 8

Ажырасудан ТМД елдері арасында алғашқы ондықта екенбіз. Тіпті, көрші Өзбекстанның өзінде ажырасу деңгейі 10 пайызға жетпейді. Тәжікстанда тіпті төмен. Танымал америкалық әлеуметтанушы Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Бір АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады екен. Ал, қазақстандық этнографтар бұл лаңның бізге XX ғасырдың орта тұсында келгенін айтады. Мәселен, 50-інші жылдары әрбір жүзінші отбасы ажырасса, 80-інші жылдары әрбір төртінші, ал 90-ыншы жылдары әрбір үшінші отбасында ерлі-зайыптылардың жолдары екі айырылатын болған. Ал, қазір екінің бірі. Қыздарын малға сатты деп айыпталған бұрынғы қазақ қоғамында да некенің бұзылуы деген атымен болмаған. Қазақта ажырасу деген түсінік болған жоқ. Енді әркім өз қалауымен, сүйген адамына қосылуға толық еркіндік берілген бүгінгі заманда неге бұл көрсеткіш артып барады?

Slide 9

Әлеуметтік желілерде байқасаңыздар 16-17 жасар қыздардың отау құрып жатқандығы жайлы жаңалықтар шығып жатады. Барлық адам бақытты болуға құқылы, алайда заман өзгеруде. Қазірде төртінші индустриялық революциясының жүру барысында адамға қажет - білім. Цифрлы, жаңа технологиялардың дамып, жаңа мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің туындау заманында біз Отан болып төтеп беруіміз қажет. Білікті мамандардың жетіспеушілігі біздің дамуымызға кедергі келтіретін кемшілігіміздің бірі.

Slide 10

Алайда статистикаға сүйенер болсақ, қазіргі таңда әйелдер еңбегі еркектерге қарағанда әлдеқайда көп.

Білім беру, жеңіл өнеркәсіп, ғылым жолында

70%

Өндіріс, технологиялар шығару, ел басқаруда үлесі

40%

Slide 11

Қазіргі таңда әйел рөлі қоғамда басымдық танытуда. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолмен әлем тербетеді», - демекші, өз елдерінің дамуына үлкен үлес қосып, ел билеуші үлгі тұтар жандар өте көп. Мысал келтіре кетсек :

Элен Джонсон-Серлиф көбімізге Африкалық ел - Либерияның алғашқы президенті болғаны арқылы таныс. Өжет мінезділігі мен наным-сенімдерінің беріктігі үшін Эленді «темір ханым» деп атап кеткен. Бейбітшілікке және демократияға талпынғаны үшін ол Нобель сыйлығымен марапатталды. Ол кісі парасатты бір әйелдің айласы мыңдаған қарулы ердің күшінен қуаттырақ бола алатынын өз ісі арқылы дәлелдеді.


Ұқсас жұмыстар
Отбасы - ең қымбат қазына:
Отбасының негізгі типтері
Қырғызстандағы әйелдер құқұғы
Тері және оның құрылысы
Қолөнер мен кәсіптер
Сән әлемі тарихы
1923 жылдың сәуірі
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы
Терінің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz