Қазақ автономиясының кұрылуы
Презентация қосу
Қазақстандағы
кеңестік биліктің
әлеуметтік-
экономикалық және
саяси өзгерістерінің
ерекшеліктері
Сабак жоспары
1. Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
2. Алаш автономиясымен мен Қоқан
автономиясының құрылуы және қызметтері.
3. Тұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы.
Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Ұлттық
автономиядан таптық автономияға Қырғыз
(Қазақ) АКСР-ның құрылуы.
Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында
патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика
орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы —
республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің
күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми
билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша
үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын
мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау
экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең
маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси
бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды.
Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз,
баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық
жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат
етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін
шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі
монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя
алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа
созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен
қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар
Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде
Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми
Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған
Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері
ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің
әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі
қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе,
олардың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай,
оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени,
қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды.
XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да,
ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа
бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-
губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола,
Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-
губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының
территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий
облысына қаратылды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырды ң басы ндағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуы мен, әсіресе, оларды ң ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халы қтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды .
Алаш автономиясының
құрылуы
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші
жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды.
Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде
Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ
Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше
автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп
тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны
дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ
келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып,
автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде
қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып
шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған
Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін»
Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді.
Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның
оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де
көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз
қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын
тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін
қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді
ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын
болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы
құжаттарда сақталып қалған [1].
Түркістан автоомиясы
«Қоқан автономиясы»
ТүркістатАвтономиясы немесе Қоқан
автономиясы—Түркістан өлкесі
халықтарының өзін-өзі басқаруын
қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы
28 қарашада Ресей мемлекеті
құрамында құрылған автономиялы
мемлекет. Оның өмірге келуіне
кеңестік биліктің Түркістан
халықтарының өзін-өзі басқару
құқығын мойындамауы түрткі болды.
Үш күнге созылған съезд 28
қараша күні Түркістан
өлкесін Түркістан автономиясы деп
жариялап, Түркістан Құрылтайын
шақырғанға дейін саяси биліктің
Түркістан Уақытша Кеңесі мен
Түркістан халық билігіне өтетіндігі
жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан
Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54
адам енді, оның 32-сі Түркістаннан
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына
сайланған депутаттар еді.
Қазақ автономиясының
кұрылуы
• Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР,
Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь,
Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік
Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР
құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы.
1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір
сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік
Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы
ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды
"қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы
деп аталынды.
• ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924),
кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz