Қазақстанда ұлт - азаттық сананың өсуі



оОиаыва
Қазақстанда ұлт-азаттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы.

Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына айналады.

Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков, Ж. Досмұхамедов, М. Дулатов тағы басқалар кіреді
оОиаыва

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ
(1866-1937)


Ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Ә. Бөкейхановтың Жаза кесімі

Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы
мен ату жазасының күніндегісі

XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
(1872-1937)



“Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты»

1926 ж. Бакуде болып өткен "Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың" президиумы мүшесі - Ахмет Байтұрсынұлы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАЖАЙ-ҮЙІ АЛМАТЫ, 1998


МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)



МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУІ
“Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас», -деген салыстырма жасайды

Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, каламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады.
Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлармен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан және А. Байтұрсынұлының, С. Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл - ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты.
Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М. Жұмабаев, С. Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш зиялыларының идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.

Алаш партиясының белсенді мушелері




Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz