Көтеріліс хронологиясы


Slide 1

Тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Орындаған:Адилкадыров Олжас

Қабылдаған:Раджапов Анарбай

Slide 2

“1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. ” Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Slide 4

Себебі:

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Д. А. Қонаевтің орнына Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Slide 5 Slide 6

Көтеріліс хронологиясы:

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л. И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын - 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Slide 7

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8, 5 мың адам ұсталған) . Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, К. Молданазарова, Қ. Рысқұлбеков, М. Әбдіқұлов, Л. Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсанның 19 - 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т. б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Slide 8 Slide 9

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан Республикасының тәцуелсіздігін алуға өз үлестерін қосты.

Тарихи маңызы:

Slide 10

1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы

Тәуелсіздіктің бастамасы еді. Толқулар Грузияда, Балтық елдерінде, Молдавияда жалғасын тапты.

Slide 11

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды.

99 адам сотталды

2 адам атылды

246 студент оқудан шығарылды

1138 адам комсомолды сөгіс алды

787 адам комсомол қатарынан шығарылды

52 адам партия құрамынан шығарылды

Slide 12

Желтоқсан оқиғасы белсенділері E. Көпесбаев, T. Тәшенов, Қ. Рысқұлбеков, Қ. Күзембаев сот залында. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккердің суреті)

Slide 13

Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институның студенті. Оған жасақшы С. Савицкийді өлтірді деген айып тағылыды.

Slide 14

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей.

Slide 15

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Рысқұлбековтың анасына халық қаһарманы белгісін тапсыруда

Slide 16

Сәбира Мұхаметжанова

Slide 17 Slide 18

Ләззат Асанова

Slide 19

Ербол Сыпатаев

Slide 20 Slide 21

Желтоқсан - ел тарихы, ерлік тарихы!

Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата - анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.

Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.

Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.

Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді.

Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді.

Slide 22

Ерлікке тағзым

Slide 23 Slide 24

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ энциклопедиясы, 3-том.

2. «Айқараңғысы» - Желтоқсан оқиғасы туралы роман

3. Ақышев “Қазақстан тарихы очерктер” -Алматы.

4. Қазақстан тарихы(4томдық) 4том. - Алматы .

5. YouTube сервисі

Slide 25

Назарларығызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ЖӨНІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН
Ерте темір дәуірінің хронологиясы мен археологиялық ескерткіштері
Бірінші дүниежүзілік соғыс
1916 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ - АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
Орта Азия хандықтары оңтүстік
Бастапқы сөйлемнің мысалы
Жетісудағы көтеріліс
Көтеріліс нәтижесі
XVIII-XIX ғ. ұлт-азаттық көтерілістер
Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz