Вьетнам соғысы




Презентация қосу
Вьетнам
соғысы

Сейдигали Ақниет
ХІТ 20-05
Вьетнам соғысы
Вьетнам соғысы (вьетн.
Цһіếн транһ Віệт Нам,
ағылш. Vietnam War) —
Вьетнам, АҚШ және
Кеңес Одағының
тарихы мен
мәдениетінде елеулі із
қалдырған ХХ
ғасырдың екінші
бөлігінің ең ірі
соғыстарының бірі.
Вьетнамдағы соғысқа
АҚШ 2,6 миллион
әскерін қатыстырып,
оған 352 миллиард
доллар жұмсады. 60
мың сарбазынан
айрылды, 303 мың
жауынгері жараланды.
Ал Вьетнамның 2
миллион бейбіт
тұрғыны, 1,1 миллион
жауынгері қайтыс
болды. Соғыс қалай,
неден басталған еді?
КСРО мен АҚШ-тың
көздегені не еді?
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
КСРО мен АҚШ әлемдегі ең қуатты екі
мемлекетке айналды. Соғыс
аяқталғаннан кейін КСРО-ның жеңімпаз
ретіндегі беделі едәуір арта түсті және
бұл одаққа социализм идеясын әлемде
кеңінен таратуға көмектесті. Америка
Құрама Штаттары да қарап қалған жоқ,
шартсыз несие, қарызға ақша берумен
достар тапты. Осы арқылы АҚШ
долларын халықаралық валютаға
Қарама-қарсы екі идеяның біреуін
қабылдау қиын болған елдерде АҚШ
пен КСРО көмек көрсетуге келіп,
ойланбастан мемлекетті екіге бөліп
алатын. Мұндай жағдай, Корея
түбегінде және Германияда болды.

Германиядағы ГФР АҚШ пен Батыс
әлемінің ықпалында, ал ГДР КСРО
ықпалына кетті. Корея түбегінде болса,
Оңтүстік Корея Батыстың, ал Корея
Халық Демократиялық Республикасы
(Солтүстік Корея) социализм жолымен
кетті. Күндердің күнінде кезек
Вьетнамға келді.
Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде Вьетнамды Жапония
жаулап алды, оған дейін ол
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы
француз отары еді.
Жапония Вьетнамға шабуыл
жасағаннан кейін, Нгуен
әулетінің соңғы императоры
Бао-дай-де елдің "қуыршақ
көсемі" болып
тағайындалды.
Император Бао-дай-де. Ол
1945 жылы 13 тамызда 1997 жылы 83 жасында
жапондар Вьетнамнан
Париждегі ауруханада өз
қуылды. Коммунистік
партияның жетекшісі Хо Ши ажалынан өлді. ©
Мин уақытша мемлекет
Елде басталған революция нәтижесінде
басқыншылар қуылып, Бао-дай-дің билігі
аяқталды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши
Мин 500 мың демонстранттың алдында
тәуелсіздік және Вьетнам Демократия
Республикасының құрылғаны туралы
мәлімдеді. 1946 жылы ел конституциясын
ВДР Ұлттық жиналысы қабылдады.

1946 жылы Вьетнамның солтүстігін АҚШ
қолдаған қытай қолбасшысы Чан Кай-шек,
ал оңтүстігін ВДР-ді мойындамаған
британдық әскерлер жаулап алды. Бір
Коммунистердің жағынан Франция да бұрынғы отарынан
жетекшісі Хо Ши Мин, үміт үзбеген еді. Мұндай жағдайда Хо Ши
Мин дәрменсіз қалып, Франциямен
1946 жыл. Ол 1969
келісімге келеді. Осы келісім бойынша,
жылы қыркүйекте, 80
Вьетнам тәуелсіздігінен бас тартып,
жасында, Вьетнам
Францияның құрамына автоном Республика
Келісім толығымен
орындалмай
мемлекетте соғыс өрті
тұтанады.
Хо Ши Мин
француздармен
келісімге келгенімен,
Вьетнамда көптеген
анти-француз
топтарын біріктіретін
"Вьетнам ұлттық
одағы" құрылады.
Сегіз жылдық
соғыс
1946 жылдың қараша
айында бүкіл Үндіқытайда
француздарға қарсы сегіз
жылдық соғыс басталады.
Америка Құрама Штаттары
осы соғыста Францияға
көмектеседі. 1951 жылы 1946-54 жылдардағы
ВДП "Вьетнам жұмысшылар Үндіқытай соғысы кезіндегі
партиясы" деп қайта Вьетнам.
құрылады.
Соғысты тоқтата алмаған
бітім
1954 жылы Үндіқытайда бейбітшілік
орнату үшін Женева келісімі өткізілді.
Келісімге сәйкес Франция Вьетнам,
Камбоджа және Лаосты тәуелсіз
мемлекеттер деп танып, сол елдерде
демократиялық сайлау өткізуі керек
еді. Франция Женава талаптарын
орындады, бірақ бұл Вьетнамға
тыныштық әкелмеді. Сайлауға дейін
Вьетнам Бенхай өзенінен екіге бөлінді.
Бұл алдағы 21 жылдық алапат
соғыстың бастамасы еді.
Солтүстік Вьетнам

Оңтүстік
Вьетнам
Елдің солтүстігінде саулау өткізіледі.
Бұл жерде коммунистер жеңеді. Көп
өтпей Солтүстік Вьетнам социализм
жолынан кететінін жариялады және
КСРО-мен тығыз байланыс орната
бастады. Оңтүстік Вьетнамда сайлау
өткізуге қарсылықтар болады. Америка
Құрама Штаттарының көмегімен ол
жерде Вьетнам Республикасы
құрылады. Оның алғашқы басшысы боп
Нго Динь Зьем тағайындалады.
АҚШ президенті Дуайт Д.
1955 жылдың 16 шілдесінде Зьем Эйзенхауэр Вашингтон
Оңтүстік Вьетнамда ешқандай сайлау әуежайында Нго Дин Зьемді
өткізілмейтінін және анти-коммунистік қарсы алып жатыр 1957 жыл
режимнің құрылатынын жариялады. мамыр
Қытай және КСРО-ның көмегімен
елдің солтүстігінде коммунистердің
Вьетнам Демократиялық
Республикасы қайта құрылады. Хо
Ши Мин оның жетекшісі болып
тағайындалады.

1959 жылы ВДР күшімен елдің
оңтүстігін басып алу әрекеті
басталады. 1960 жылы коммунистік
топтар Оңтүстік Вьетнамды азат ету
АҚШ Оңтүстік Вьетнамның
одақтасы
1961 жылы АҚШ-тың қарулы күштеріне тиесілі екі тікұшақ ротасы
Оңтүстік Вьетнамға ұшып келеді. Осыдан кейін АҚШ әскери
мамандарын Оңтүстік Вьетнам армиясын әскери дайындықтан өткізу
үшін жібереді.Ол кезде Кеннеди әкімшілігі АҚШ-тың Оңтүстік
Вьетнамдағы одақтастарын "коммунистік агрессиядан қорғау" үшін
барлық мүмкін шараларды қолданатыны туралы мәлімдеме жасайды.
Осылайша бүкіл әлем АҚШ-тың Вьетнамдағы әскери операцияларға
қатысатынын біледі.1963 жылы АҚШ үкіметі Оңтүстік Вьетнамда Зьемге
қарсы төңкеріс дайындалып жатқандығы туралы хабар тауып, төңкеріс
ұйымдастырушылармен байланысқа шығады.Төңкерістен соң, Нго Дин
Зьем ұсталып, келесі күні ағасымен бірге өлім жазасына кесіледі.
Зьемнің орнын басқан басшы саяси тұрғыдан өте әлсіз екендігі және
елді басқара алмайтыны белгілі болады. Нәтижесінде партизандар
Оңтүстікті бақылауға алады. АҚШ Оңтүстік Вьетнам армиясына
Оңтүстік Вьетнамды
жаулап алып, елді
біртұтас коммунистік
мемлекетке
айналдыруды
жоспарлаған
солтүстіктер қарап
қалмайды. 1964 жылы
оңтүстікке 24 мың
адамнан тұратын әскер
жібереді. Сол жылы
Тонкин шығанағында
солтүстік
вьетнамдардың әскери
кемесімен АҚШ әскери-
АҚШ әскери-теңіз флоты Вьетнам теңіз флоты
жағалауына енгізіліп жатыр қақтығысады. АҚШ
әскерлеріне жойғыш
Оңтүстік Вьетнамды жаулап алып, елді
біртұтас коммунистік мемлекетке
айналдыруды жоспарлаған
солтүстіктер қарап қалмайды. 1964
жылы оңтүстікке 24 мың адамнан
тұратын әскер жібереді. Сол жылы
Тонкин шығанағында солтүстік
вьетнамдардың әскери кемесімен АҚШ
әскери-теңіз флоты қақтығысады. АҚШ
әскерлеріне жойғыш ұшақтар көмекке
келгесін коммунистердің кемелері
шегінуге мәжбүр болады.Бұл арада
1964 жылдың қарашасында Линдон
Джонсон Америка Құрама
Штаттарының 36-шы президенті болып
сайланады. АҚШ Конгресі жаңадан Линдон Джонсон, Америка
сайланған президентке қажет болған
жағдайда Оңтүстік-Шығыс Азияда
Құрама Штаттарының 36-шы
әскери күш қолдану құқығын береді. президенті.
Осы уақытта АҚШ үшін Оңтүстік Вьетнамдағы жағдай нашарлай
бастайды. Жергілікті әскерлер партизандармен шайқастарда жиі
жеңіліске ұшырайды, ал АҚШ әскери күштері қиын жағдайға тап
болады. 1965 жылы 7 ақпанда партизандар Оңтүстік
Вьетнамдағы АҚШ әскери базасына шабуыл жасайды. Бұл оқиға
АҚШ-тың Вьетнамға үлкен әскер әкелу процесін тездетеді. 1965
жылы 2 наурызда АҚШ әскери ұшақтары Солтүстік Вьетнамды
бомбалай бастайды.1965 жылы 8 наурызда екі теңіз батальоны
Оңтүстік Вьетнамға АҚШ үшін маңызды Дананг әуежайын
қорғауға жіберіледі. Осымен АҚШ ресми түрде Вьетнам
соғысының қатысушына айналады. 1965 жылдың аяғында
Оңтүстік Вьетнамда АҚШ-тың 185 мың әскері болса, 1968 жылы
олардың саны 540 мыңға жетті.
АҚШ тарихындағы
барлық соғыстардың
ішіндегі ең ұзаққа
созылғаны болды.
Бұл соғыста
америка
әскерлерінің өлімі
Азамат соғысы,
Бірінші дүниежүзілік
соғыс және Екінші
дүниежүзілік
соғыстан кейінгі
төртінші орынға
шықты.
1965-1969 жылдар аралығында АҚШ әскери күштері
Оңтүстік Вьетнамдағы және Солтүстік Вьетнамдағы
партизан топтарына қарсы көптеген әскери
операцияларға қатысты. Олардың көпшілігі
сәтсіздікпен аяқталады. 1967-68 жылдары Америка
Құрама Штаттарында бұл соғысқа қарсы наразылық
әрекеттері күшейе түсті.Қала берді, есепсіз соғысқа
жұмсалған ақша АҚШ экономикасына үлкен зиян
келтіре бастайды. 1968 жылы 31 наурызда Президент
Джонсон Америка халқына Вьетнамда бейбітшілікке
жету үшін келіссөздер жүргізілетінін айтады. Бұл
мәлімдеме халықтың Джонсонға деген сенімін қалпына
келтірмейді және ол 1968 жылғы қарашадағы
президенттік сайлауда жеңіліп қалады. "Соғысты
тезірек аяқтауды" жоспарлаған Ричард Никсон АҚШ-
1969 жылдың шілдесінде АҚШ әскери
күштерін Вьетнамнан біртіндеп
шығару жұмыстары басталды.
Вьетнамда қалған АҚШ әскери
күштері күресуді жалғастыра береді.
1971-72 жылдары АҚШ армиясы
бірнеше ірі әскери операцияларды
жүргізеді, бірақ олардың көпшілігі
сәтсіз аяқталады.1972 жылы 30
наурызда Солтүстік Вьетнам
Оңтүстікке қарсы 125 мың жауынгері
бар кең көлемді әскери операцияны
бастайды. Оңтүстік Вьетнам армиясы
шабуылды АҚШ әскери ұшақтарының
көмегімен тоқтатады. Дәл осы ірі
әскери операцияның сәтсіздігі
Солтүстік Вьетнам басшылығына АҚШ
ұсынған бейбіт келісім туралы Ричард Никсон
келіссөздерді бастауға итермелейді.
Париж келісімі
1972 жылдың аяғында Солтүстік Вьетнам бірнеше рет келіссөздерді тоқтатып
тастайды. 1973 жылдың 27 қаңтарында тараптар Париж бейбітшілік келісіміне қол
қояды. Шын мәнінде, келісімге қол қойылған сәтте, АҚШ өз армиясының көп бөлігін
Оңтүстік Вьетнамнан шығарып алған еді. Оңтүстікте тек 24 мың жауынгері қалған-ды.
Париж бейбітшілік келісіміне сәйкес, Америка Құрама Штаттары сол жылы 29
наурызда барлық әскерлерін Оңтүстік Вьетнамнан шығарады, бірақ содан кейін де
Оңтүстік Вьетнамдағы әскери операциялар тағы екі жылға жалғасады.1974-75
жылдары Солтүстік Вьетнам армиясы дәрменсіз Оңтүстік Вьетнам армиясын жеңіп,
мемлекетті біріктіреді. 1975 жылы наурызда Солтүстіктер Оңтүстік Вьетнамның
астанасы Сайгонды жаулап алады. Астана қолдан кеткесін Оңтүстік армиясының бес
генералы өз-өзіне қол жұмсайды.Коммунисттер Сайгондағы Тәуелсіздік сарайында өз
туын тіккесін соғыс Солтүстік Вьетнамның жеңісімен аяқталады. Осыдан кейін
солтүстік коммунистер Оңтүстік Вьетнамда "ауқымды тазалау" жұмыстарын
жүргізеді.АҚШ және Оңтүстік Вьетнам әскерилерімен бірлесіп жұмыс істегендердің
көпшілігі "қайта даярлау лагерлеріне" жіберіледі. Елде бейбітшілік орнағаннан кейін,
көптеген босқындар үйлеріне орала бастайды.
Соғысқа
қатысқан
мемлекеттер
АҚШ әскери күштерімен қатар,
Вьетнам соғысына басқа да
көптеген мемлекеттік
әскерлер қатысады. Атап
айтқанда, Оңтүстік Корея,
Аустралия, Жаңа Зеландия,
Тайланд, Филиппин, Тайвань,
Жапония, Бельгия әскери
күштері Оңтүстік Вьетнамға
көмек көрсетті. КСРО, Қытай, Вьетнам босқындары
Солтүстік Корея және
Моңғолия Солтүстік Вьетнам
КСРО-ның Вьетнам соғысына
қатысуы
1965 жылы КСРО үкіметі Вьетнам Демократия
Республикасына әскери және техникалық көмек
көрсету туралы шешім қабылдады. Министрлер
Кеңесінің төрағасы Косигиннің пайымдауынша, сол
кезде Вьетнамға көрсетілген көмек көлемі күніне 1,5
миллион рубль болған. АҚШ ұшақтары мен КСРО зенит
зеңбіректері арасындағы алғашқы қақтығыс 1965
жылдың 24 шілдесінде болған.Соғыстың соңына қарай
КСРО Вьетнамға 95 зениттік зымыран жүйесін, 7 500
басқа зымыран түрін, 687 танк және 316 әскери ұшақ
жіберген.КСРО-ның Вьетнамға көрсеткен көмегі ресми
дереккөздерде айтылғандардан көп болды делінеді.
Мысалы, Түркістан әскери округінде қызмет еткен және
Вьетнам соғысы кезінде Кеңес Армиясы жағында
болған америка журналисті Марк Стернберг Вьетнам
соғысына төрт кеңес әуе дивизиясының қатысқаны
туралы жазған.
Вьетнам соғысындағы әскери қылмыстар

Вьетнам соғысында барлық тараптар әскери қылмыс жасады. Екі жақ –
солтүстік және оңтүстік вьетнам әскерлері өздерін қолдамаған бейбіт
тұрғындарды, ер адамдарды атып өлтірді, әйелдерді зорлады, тіпті
балалар да аямады.

Вьетнам соғысындағы шығындар

Оңтүстік Вьетнам тарапы бұл соғыста 250 мың әскерінен айрылды. 1
миллион сарбаз жарақат алды. Соғыс кезінде Солтүстік Вьетнам және оны
қолдаған оңтүстік партизан топтарынан 1 миллионнан астам сарбаз және
2 миллион бейбіт тұрғын қаза тапты.

Вьетнам соғысына 2,6 миллион АҚШ әскері қатысып, олардың 60 мыңы
АҚШ-қа темір табытпен қайтты. Қаза болған жауынгерлердің алпыс төрт
пайызы 21 жасқа толмаған өрімдей жастар еді. Сонымен бірге, бұл
мағынасыз соғыста АҚШ-тың 303 мың сарбазы жараланды. Соғыстан соң
20 мың соғыс ардагері суицид жасады.

1953-1975 жылдар аралығында АҚШ Вьетнамдағы әскери операцияларға
168 миллиард доллар жұмсады. Басқа бір деректерде, АҚШ соғысқа 352
миллиард доллар жұмсап, 9 мың ұшақ пен тікұшағынан айрылғаны
Бүгінгі АҚШ-ВьетнамДипломатиялық қатынастардың алғашқы
ара қатынасы жылы – 1995 жылы екі ел арасындағы тауар
айналымы 451 миллион АҚШ долларын құраса,
АҚШ өз әскерін Вьетнамнан
2014 жылы бұл көрсеткіш 35 миллиард
шығарғаннан кейін, 1975 жылы АҚШ долларға жетті. Бүгінгі таңда америка
елшісі Вьетнамнан қуылады. АҚШ мұнда инвесторлары Вьетнам нарығына қомақты
өз елшілігін жауып, екі ел арасындағы қаржы салып жатыр. Ал Вьетнам болса
дипломатиялық байланыс үзіледі. Өткен көптеген тұтыну тауарларын АҚШ-қа
ғасырдың 90-шы жылдарындағы әлемдік жеткізеді.
сахнада болған өзгерістерден кейін екі
ел өзара араздық екі жаққа да пайда Бүгінде екі ел бір-бірін бірнеше жыл соғысқан
әкелмейтінін түсінді және өзара жау деп санамайды, керісінше, өзара
ынтымақтастық туралы келіссөздер ынтымақтастықты одан әрі дамытуға
жүргізе бастайды.1995 жылдан бастап ұмтылады.
екі ел дипломатиялық қатынастарды
қалпына келтіріп, ынтымақтастықты
жандандырды. Содан бері екі ел
арасындағы қатынастар нығая түсті.
2015 жылы тараптар дипломатиялық
қатынастардың 20 жылдығын атап өтті.
Бүгінде Вьетнам Америка Құрама
Штаттарының маңызды ірі сауда
Назарларыңызғ
а рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Үндіқытай түбегі
Химиялық қару. Биологиялық қару
Бодлиандық кітапхана
МХР. КХДР
Оңтүстік Шығыс Азия елдері
Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі
Геосаясаттың негізін қалаушылар
БҰҰ-ның Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы қызметі
Саяси қауіпсіздік Экономикалық қауіпсіздік
Оңтүстік Шығыс Азия елдері туралы
Пәндер