ӨНДІРІСТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ


Slide 1

Курстық жұмыс

Қазақстан Республикасының өндірістік-инновациялық саясаты

Suleyman demirel University

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылмы

ҚР-ның өндірістік-инновациялық жағдайының дамуы мен мәселелері

Нарықтық экономикадағы өндірістік инновациялық қызметтің аспектілері

Қорытынды

Slide 3

КІРІСПЕ

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет - білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.

Slide 4

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т. б. орталықтарды жатқызуға болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту

Курстың жұмыстың негізгі міндеті - Индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыру көздерін жаңару және даму мәселелерін қарастыру

Slide 5

ИННОВАЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ, ИНФРАҚҰРЫЛМЫ

Ғылыми-техникалык прогресс - кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көреткендей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы ғылыми-техникалық және инновациялык салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.

«Инновация - ұғымын» экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-шы жылдарында И. Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде инновацияға әртүрлі анықтамалар берілген:

инновация дегеніміз - жаңа идеяларды түрлердіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім.

инновация - практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс.

инновация - әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл.

Slide 6

Инновация дегеніміз - интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде «инновация» жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы заңына» сәйкес инновация дегеніміз - ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллек-туалды еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім және жаңа немесе жақсартылған технология.

Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.

Инновация - ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі салаларда жүзеге асырылады.

Slide 7

Инновациялық қызмет дегеніміз - бүкіл инновациялық процесс барысында атқарылатын қызметтер. Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсатуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми - техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет; Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:

қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;

экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;

инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;

өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;

жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;

бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;

инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;

инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;

игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады

Slide 8

Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс-әрекеттер жиынтығы. Сондай-ақ инновациялық процессті кеңейтіп қарастыруға болады.

Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады:

Slide 9

ҚР-НЫҢ ӨНДІРІСТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынанда қайта құру болып табылады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заман талабына сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз дегенді білдіреді. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттілігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелерәлемдік қаржы дағдарысына қарсы іс-шаралар қабылданған сайын айқындала түсуде.

Қазақстан көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын тұрақты түрде қалыптастырды. Ендігі мәселе, экономика салаларын әрта раптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Сонымен, қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсі-нетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті шаралардың бірі болып табылады. Аталған шара экономиканың әр түрлі салаларының кәсіпкерлері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге, сыртқы нарыққа бағдарланған жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда, экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған бәсекеге қабiлеттi өндiрiсті құру және оны дамыту индустриялды-инновациялық саясаттың негізгі бағыты болып отыр.

Slide 10

Қазақстан индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканың шикізаттық бағытынан, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қойғаны баршамызға белгілі. Сондықтан да, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөнінде келесідей атқарылуға тиісті міндеттер қойылуда:

елдегі индустриялық-инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның Даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады;

мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл - білім, ғылым, қаржы фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт -экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;

индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы индустриялды-инновациялық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің негізгі күш-жігері әріптестік, мемлекеттік қолдау мен айқындылыққа тең қол жетімділік қағидаттарына негізделетін нарықтық тетіктер аясында, мемлекетпен жеке меншіктегі бизнес арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыруға бағытталуда. Сондай-ақ, елімізде нарықтық және сараптамалық орталықтар мен инжиниринг, технологиялық трансферт пен ғылыми қор құру жайында шешімдерде қабылданды. Индустриалды-инновациялық саясат - бұл әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі, ғылым аясындағы, техника және техника мен ғылым жетістіктерін өткізу, ҚР мемлекеттік билік органдарының қызмет формалары, бағыттары, мақсатын белгілейтін инновациялық қызметке мемлекеттің қатынасын білдіреді.

Slide 11

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді. 2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.

Slide 12

Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

Арнайы бюджеттік бағдарламаларды қамтитын мемлекеттік қолдау құралдары мен шараларының қалыптастырылған бірыңғай жүйесі мемлекет пен бизнестің күш-жігерін үйлестіріп, шоғырландыруға мүмкіндік береді және елді индустрияландыруда синергетикалық тиімділікке алып келеді әрі Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

Қорыта айтқанда, елімізде даму институттары болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді. Осы ретте екінші деңгейлі банктер мен жеке меншік секторларыда өздеріне негізгі тәуекелді алады.

Жалпы, индустриялды-инновациялық саясаттың көбінесе даму институттарының қолдауымен іске асатындығын дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері.

Slide 13

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АСПЕКТІЛЕРІ

Сонымен, инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы. Әртүрлі ғалымдар, әсіресе шетелдік (Н. Мончев, И. Перлаки, В. Хартман, Э. Мэнсфилд, И. Шумпетер және т. б), инновация түсінігін өзінің зерттеу объектісі мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б. Твисс инновацияны ғылыми ашылымдар немесе идея экономикалық мазмұнға ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б. Сантоның пікірінше, инновация - бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар мен ашылымдарды практикада қолдану арқылы қасиеттері жақсы өнімдер мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысты әкелуі мүмкін. И. Шумпетер инновацияны кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдастырылған комбинациясы деген анықтама ұсынған. Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық. Сонымен халықаралық стандарттарға сәйкес инновация - (инно-қызметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Менеджмент әдістері мен қызметтері
Тауар саясаты түсінігі
Басқару субъектісінің қызметтері
Өндірістік кооперативтер
Ұйым персоналын басқару
Қазақстан Республикасның қазіргі индустриалды – инновациялық саясаты
Қазақстанның Даму Банкі
Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық – инновациялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz