Дін ұғымы, мазмұны
Презентация қосу
ДІННІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Жоспары:
1. Дін ұғымы, мазмұны.
2. Діннің анықтамасы.
3. Дін философиясының
категориялары.
(Фетишизм ,Магия)
Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері
бар. Олардың барлығы адамның
толықсыздығынан, толықсыздығынан
туындайды және жоғарғы құндылыққа
жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін
дүниені түсінудегі және қоғамның,
индивидтің жоғарлауында, өмірдің,
универсумның мағынасын мойындаудағы
адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір
қажетті форма.
Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады,
яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің аналогы
болып санскриттегі йога сөзі табылады
(бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы
шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік,
қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін.
Практикада дін ретінде әрбір байланыс
түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші.
Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және
қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және
материалды емес болады.
Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге
болады: материалды, энергетикалық,
ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп
айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды,
материалды емес ақпараттық-энергетикалық
бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия
(күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің
бостандығын түсіндіреді. Сондықтан діннің ең
бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс
ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып
тұрақты рухани байланыс табылады.
Теология ( грек. theos Құдай және logos
сөз; Құдай туралы ілім) а) діни мағынада
құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын
методологиялық тұрғыда жасау (Дж. Ф.
ван Акерен); б) атеистік мағынада
абсолютті шындық туралы ілімді
рациональді-жүйелілік тұрғыда түсіндіру,
қорғау, сонымен бірге сенушілердің
өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас
тұрғыда негіздеу.
Ұлттық және әлемдік мәдениеттерді терең
ұғыну оның діни негіздеріне бас қоюынан
басталады. Әрбір халықтың немесе
халықаралық қатынастарды рухани
субстанцияны түсіну және сезіну үшін
олардың материалдық өмір сүруін ғана
зерттеу жеткіліксіз, олардың дінінің мәнін
түсіну қажетті болып табылады. Егер біз
индуизм мен шинтоизмді білмесек, Үнді
және Жапон мәдениеттерін түсіне
алмаймыз. Мәдениеттің құпиясы оның
тудыратын дінінде.
Дін мәдениеттің генотипі. Бірінші модельге
байланысты діннен мәдени фенотип, ұлттық
және ұлтаралық болмыстың рухани және
материалды әртүрлері шығады. Бұл мәдениеттің
діни моделі ең көнесі, ол мәдениеттің жалпы
құрылымын талдауға көмектесті. Осы модельге
сәйкес әрбір жеке мәдениетті тудырған дініне
байланысты атау керек: индуизм мәдениеті,
христиан мәдениеті, ислам мәдениеті, т.б.. Әрбір
негізгі мәдениетте субмәдениетті көрсетуге
болады, мысалы, христиан мәдениетіндегі
католиктік, православие, протестанттық
мәдениеттер.
Ислам әрбір адамның іс-әрекетінен
екі жақты діни және зиялыны
көреді: эгоизмнен шыққан қасиетті
әрекеттер руханилығын
жоғалтады, ал зиялы іс-әрекет таза
болса, ол құдайылық сипатта
болады. Ислам бойынша әрбір іс
әрекет Аллаға құлшылық етумен
басталады.
Фетишизм элементтерін бүкіл дүние
жүзіндегі мәдениеттерденкездестіруге
болады. Тотем (солт - америк. Аджибе
тайпасының тілінен аударғанда - тек,
ата) - белгілі бір тайпаның немесе
этникалық топтың шыққан тегі, арғы
атасы деп қарастырылатын өсімдік,
жануар, зат немесе табиғат құбылысы.
Терминді ғылыми айналымға ағылшын
жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық)
— алғашқы қауымдық дін формаларының
бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе
ұжымдық) символдық бейнесі. Магия
алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және
жаратылыстан тыс күштерге сенімнің
күшеюімен тікелей байланысты болды.
Магиямен байланысты дүние туралы
түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер
мен алуан түрлі“құпия ілімдер” негізінде
алынды.
Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз
айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде
Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс
сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық
белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне
бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді
шеше алмағандықтан құпия, тылсым
күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер
жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-
қатынас формасы ретінде және өзара қарым-
қатынас барысында қолданды.
Магия көптеген тылсым құбылыстарды
жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға
негізделіп, адамдарға, жануарларға,
рухтарға, тағы басқаға әсер ету
мақсатын көздейтін салт-жоралар
жиынтығынан көрінеді. Магия
адамдардың өзінің немесе басқалардың
бойында табиғатқа ықпал етудің
табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне
сенімін білдіреді.
Түрлері:
Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік,
емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші,
соғыс, ауа райы магиясы.
• Өндірістік магия ежелгі адамның
шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң,
балық аулау, тағы басқа байланысты.
• Емдеу магияның мақсаты — дуалау,
үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы
ауруларды емдеу.
• Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу
(табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым
салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан
сақтану үшін қолданылады.
• Зиян келтіруші магия — жануарларға
зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар
жүйесін білдіреді.
• Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы
сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.
• Ауа райы магиясында — шаруашылық
өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу
үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.
Қазіргі кезде зерттеушілер магияны контактілі
(магиялық күші бар объектімен тікелей
әрекеттесу), инициалды (Магиялық іс-әрекет
субъектісі үшін қол жетпейтін объектіге
магиялық әрекеттің бағытталуы), парциалды
(шаш немесе тырнақ, тамақ қалдықтары
арқылы жанама ықпал ету), имитативті
(магиялық объектіге ұқсас затқа ықпал ету)
деп бөледі. Ежелгі дін формаларын зерттеуші
Б.Малиновский магияны жемісті,
сақтандырушы және деструктивтік деп
жіктейді.
Әлемдік діни жүйелерде магиялық салт-
жоралар елеулі рөл атқарады. Леви-Стростың
пікірінше, магия мен дін бірін-бірі
толықтырады. Магия белгілі бір әрекетке және
сөздерге “кереметтік” қасиет беріп, дәріптейтін
күш ретінде адамның объектіге тікелей әсер
етуі және мақсатына жету жолында өз
мүмкіндігіне деген сенімге негізделген.
Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат
құбылыстарына, адамдарға, рухтарға
табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге
бағытталады.
Қортындылай келгенде,ДІН-әлемдік
өркениеттегі барлық қоғамдық
құрылыстарға тән тарихи,саяси-
әлуметтік,дүниетанымдық және
психологиялық құбылыс.ол ықылым
замандардан бері адамзат пен бірге
жасасып келеді.Оны ең тұжырымды
түрде құдаи мен адамның
арақатынасы,адамның танымынан тыс
күштердің барлығын мойындау жіне
соған илану деп анықтауға болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz