Мерез қоздырғыштары



Орындаған: Сапаргазинов Б. К Тобы: БҚ 311 Қабылдаған: Кабдрахманова А. К
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультеті Жаратылыстану кафедрасы
Трепонема. Мерез қоздырғыштары
Notes: Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу механизмі.

Жоспар:
Мерез
Тума мерез
Этиологиясы
Патогенезі
Диагностикасы
Емдеу іс - шаралары.

Мерез (латынша : Syphilis; қытайша : 梅毒) - жұқпалы созылмалы ауру.
Notes: Мутациялар

Этиологиясы:

Ауру қоздырғышы: ақшыл спирохеталар (трепонемалар) . Пішіні спираль тәрізді, өте жылдам қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Әрбір ақшыл спирохеталар көбею нәтижесінде бірнеше бөліктерге бөлінеді. Ақшыл спирохеталардың көбею ұзақтығы 33 сағат ( бұл мерез ауруын емдеу кезінде өте қажет) . Қолайсыз жағдайларда спирохетталар циста түзеді немесе L - формада сақталады.

Қоздырғышты ең алғаш 1905 жылы Шаудин мен Гоффман ашқан.
Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.

Патогенезі:

Мерездің кезеңдері:
Біріншілік
(syphilis I primaria)
Үшіншілік
(syphilis III tertiaria)
Екіншілік
(syphilis II secundaria)

Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (латынша: Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.
Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.
Notes: Патогенезі:

Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (латынша : Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.
Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.

Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады.


Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді жане науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып, үлкен жараға айналады.

Notes: Тектік ақпараттардың өзгерістерінен дамитын ауруларды тұқым қуатын аурулар дейді. Оларды туа біткен аурулардан ажырату қиын. Туа біткен аурулардың ішінде тұқым қуатыны және тұқым қуамайтын аурулар болулары мүмкін.







Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш - төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады.

Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады. Сонымен қатар периартерит, аневризма құбылыстары көрінеді. Осыған байланысты кейбір ағзаларда атрофия немесе инфаркт пайда болады.



Жүйке жүйесінің мерезі -(нейросифилис) (neurosyphilis) : ерте (neurosyphilis praecox) -ерте пайда болатын мерез 5 жасқа дейін, кеш пайда болатын мерез (neurosyphilis tarda) - 5 жастан кейін.
Висцеральді мерез (syphilis visceralis) - бұл ішкі ағзалардың зақымдалуымен жүретін мерез ( жүрек, бас миы, жұлын, өкпе, бауыр, асқазан) .

Мерездің диагностикасы:

Мерезді анықтау үшін қан тапсыру қажет. Қан тапсырудың екі тәсәлі қолданылады: трепономдық емес (RPR, RW кардиолипинді антигенмен) және трепономды (РИФ, РИБТ, RW трепономды антигенмен) ;

Жалпылама анализ тапсырғанда ( аурухана, поликлиникаларда) трепономдық емес қан тапсыру әдісі қолданылады. Бірақ егер мерез анықталып жатса, толық сенімді болу үшін трепономдық қан тапсыру әдісі қолданылады.

Емдеудің тиімділігі үшін трепонемдық емес қан тапсыру әдісінің мөлшерлік түрі қолданылады ( мысалы, RW кардиолипинді антигенімен) . Трепономды әдіс мерезбен ауырғаннан кейінде өмір бойы қалады. Сол себептен шипалы емді бағалау кезінде трепономдық қан тапсыру әдісі ( мысалға РИФ, РИБТ, РПГА) қолданылмайды .

Мерезді емдеу тек диагноздың лабораториялық әдістермен анықталғаннан кейін ғана іске асырылады. Емдеу комплексті және жеке (индивидуально) болуы тиіс. Емнің негізін антибиотиктер құрайды. Керек жағдайда қосымша емдерді (иммунотерапия, жалпы толықтырушы препараттар, физиотерапия т. б қолданылады. ) Өзіндік ем қабылдау өте қауіпті !

Мерездің әсерінен туған ұрық көбінесе түсік болып түседі немесе жатыр ішінде өледі. Кейде дүниеге келген нәрестеде мерездің әйгіленімдері байқалады немесе ол біршама уақыт өте келе көрініс береді.
Тума мерез

Ауруды жұқтыру жиілігі және ауырудың ауырлығы неге байланысты:
Аурудың негізгі жұқтыру көзі ауру ана, жұқтыру жиілігі және аурудың ауырлығы жүкті әйелдің мерезді жұқтұру уақытына, белгілерінің белсенділігіне және ұзақтығына байланысты.
Notes: Іштен туылған мерездің мына түрлерін ажыратыды:

Жүктілікке ауруды жұқтыру уақыты қалай әсер етеді:
Коп жағдайда әйелдер ауруды жүкті кезінде немесе жүктілікке 1 жыл бұрын жұқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда нәрестеде аурудың клиникалық белгілері айқын көрініс береді. Егер жүкті әйел мерезбен 2 - 3 жылдан көп ауырса онда нәрестерде мерездің белгілері айқын байқалмайды, бірақ әртүрлі дистрофиялар дамуы мүмкін. Яғни нәрестенің сырт бейнесі сау, ішкі ағзаларында бұзылыстар дамуы мүмкін.

Мерезбен ауыратын және ем қабылдамаған әйелден туған нәрестенің жағдайы қалай болмақ:
Ондай аналарда тума мерезбен ауыратын нәресте дүниеге келеді. Құрсақішілік өлім 25, 25 - 30 туа сала, 40 кемерездің көріністері кейіннен көрініс береді.

Қандай жағдайда ем қабылдап жүрген анадан ұрыққа ауру жұғуы мүмкін.
Егер анасы емді алғашқы 4 ай ішінде қабылдаса ұрықтың бұл ауруды жұқтыру қаупін жоюға болады. Егер ем 18 аптадан соң қабылданса, нәресте мерездің белсенді әйгіленімдерінсіз, бірақ сүйектерінің, буындарының, жүйке жүйесінің, көздерінің зақымдануымен (паренхиматозды кератит) тууы мүмкін.

Мерезді жұқтырған ұрықтың тағдыры не болмақ:
Жүктіліктің түсікпен ( көбіне 12 - 16 апта) аяқталуы.
Нәрестенің өлі тууы мүмкін.
Уақытынан ерте туылуы мүмкін.
Мерездің ерте дамитын түрімен туылуы мүмкін.
Мерездің кеш дамитын түрімен туылуы мүмкін.

Мерезбен ауыратын әйелдің жүктілігі қалай болады:
Бірінші баласы өлі туылады;
Екінші баласы мерездің әйгіленімдерімен туылады;
Үшінші баласы дені сау болуы ықтимал.
Бұл акушериялық анамнезді тума мерездің диагностикасында қажет.

Мерезбен ауыратын ана қашан ұрықты жұқтыруы мүмкін:
Ауру ана ұрықты 10 аптадан бастап жұқтырады, бірақ негізі құрсақішілік жұқтыру 4 - 5 апталарда жүреді.

Уақытынан ерте туылған мерезбен ауыратын нәрестеге не тән:
Нәрестеде аурудың клиникалық көріністері 26 аптадан кейін ғана байқалады. Аурудың белсенді көріністерімен туылған нәрестелер 50 пайыздай туылғаннан бір екі сағат аралығында қайтыс болады. Егер мерездің клиникалық көріністері туылғаннан бір ай өткенде немесе туылған сәтіне жақын уақыт аралығынды көрініс берсе, онда дер кезінде қолданылған емдік шаралар арқасында олар аман қалуы ықтимал.

Мерезді жұқтырған ұрыққа тән:
Ұрықтың мерезді жұқтырғаны негізінен 5 айында анықталады, ұрық 6 - 7 айында өлімге ұшырайды.

Тума мерездің жіктелуі:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz