Бұқаралық спортты дамыту




Презентация қосу
Жеңіл атлетика. Қазақстан
Республикасы спортшыларының даму
тарихы, түрлері, жетістіктері

Сламбек Елдар 204 А стоматология
Жеңіл атлетика – спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру,
ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар
енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке,
командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл
атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200 – ге жуық ұлттық
ассоциациялар біріккен. Олимпиядалық ойындар 1896 жылдан (1 – Олимпиядалық ойын),
дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі
1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол
Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет үкіметі
өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса
бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына
қарағанда, Қазақстанда Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан
үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес. Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл
атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейінгі жылдары басталды. Осы жылдары
«Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. жаңадан әртүрлі спорттық
қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады. Әрине, қалада ол жылдары жақсы
стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ.
Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын,
ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды.
Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда
жүгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал ашылды және
жеңіл атлетик манежімен бірге салынды. 2009 жылы стадионға яғни
«Достық Спорткомбинатына» жеңіл атлетика спортын дамытуға
берілді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс
Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында
өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт
шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы). Қазақстанның жеңіл
атлеттері Олимпиада ойындарында, дүние-жүзілік чемпионаттар мен
халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар
мен жүлдегерлер атанды.
Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында
Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы.
1960 жылы ХVІІ-нші Рим Олимпиадасынан 4x100
метрлік эстафеташылар жарысынан күміс медалға
ие болды. КСРО чемпионатының 4x100 метрлік
эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев,
1960 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО
чемпионатының күміс жүлдегері
(Днепропетровск, 1966 жылы), КСРО – АҚШ
кездесуінің 4x100 метрлік эстафеташылар
жарысының жеңімпазы (Киев, 1965 жылы) болды.
1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен
айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек
сіңірген бапкері атағына ие болды. Қосанов
құрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов
Мемориалық атты халықаралық жарыс 1991
жылдан бастап өткізіліп келеді.
Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО
чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы
атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа
жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты.
Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа
жүгіруден және 100х4 метр, 200х4 метр
эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы
атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие
болды. Ә.Тұяқов Еуропа кубогының
жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің
күміс жүлдегері (1966 жылы), 50-ге тарта ірі
халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі
жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО
спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы
берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ
халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Солдатенко Вениамин - жеңіл атлет,
спорттық жаяу жүрістен КСРО-ның еңбек
сіңірген спорт шебері (1976 жылы).
Қазақстанның және халықаралық
турнирлердің жеңімпазы. 50 км.
қашықтыққа спорттық жаяу жүрістен жеті
дүркін КСРО чемпионы (1967 жылы, 1969
– 1972 жылдары, 1975 – 1976 жылдары)
және қола жүлдегері (1973 – 1974
жылдары). Еуропа чемпионы (1971 жылы,
Финляндия, Хельсинки), қола (1969 жылы,
Афины, Грекия), күміс (1978 жылы, Прага,
Чехия) жүлдегері. Әлем чемпионы (1976
жылы, Швеция, Мальме). ХХ-Олимпия
ойындарының күміс жүлдегері (1972
жылы, Германия, Мюнхен). Сонымен қатар
―Құрмет белгісі орденімен және
медальдармен марапатталған.
Муравьев Владимир Павлович - жеңіл
атлет, техникалық ғылымдар кандидаты
(1991 жылы). Спорт шебері (1977 жылы),
спортқа еңбегі сіңген шебері (1980 жылы).
200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО
халықтары спартакиадасының жеңімпазы
(1983 жылы Мәскеу), 200 метрге және
4х100 метрлік эстафетаға жүгіруден
Еуропа кубогінің иегері (1985 жылы, 1987
жылы), Дүниежүзілік чемпионаттың күміс
жүлдегері (1987 жылы), 100 метрге
жүгіруден КСРО чемпионы (1985 жылы).
ХХІІ- (1980 жылы, Мәскеу) және ХХІV-
Олимпия ойындарының (1988 жылы,
Сеул) чемпионы. 2 рет ―Құрмет белгісі
орденімен марапатталған.
Шишигина Ольга Васильевна -
қазақстандық жеңіл атлет, кедергілі
жүгіру спринтершісі, Сидней
олимпиадасының чемпионы (2000
жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген
спорт шебері. 1994 жылғы Жапонияның
Хиросима қаласында өткен Азия
ойындарында жеңімпаз болған, осыдан
кейін оған "Қазақстан Республикасының
спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы
берілген. 1995 жылдардағы жазғы
(Гетеборг, Швеция) және қысқы
(Барселона) әлем чемпионаттарының
күміс медаль иегері. 1999 жылғы жабық
жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем
чемпионатында алтын жүлде мен 2000
жылғы Сидней олимпиадасындағы
жеңісі.
Дмитрий Карпов - қазақ жеңіл
атлетикасының серкесі,
қарағандылық онсайысшы. 2004
жылы Афины олимпиадасының қола
жүлдегері. 2003 жылы, 2007 жылы,
2008 жылы Әлем чемпионаттарының
қола жүлде иегері, Азия ойындары
жеңімпазы (2006 жылы Катар). 2007
жылғы Әлем рейтингісінде
онсайыстан 858ұпаймен 4-ші орында
табан тіреді. Дмитрий Карпов -
онсайыстан 8725 ұпайлық Азия
рекорды иегері (Афина
Олимпиадасындағы көрсеткіші).
Ольга Сергейқызы Рыпакова — Қазақстанның үш аттап секіруден
жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында
үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып,
Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды. Ольга Рыпакова 2010
жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика
сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді
бағындырып жеңіп алды. Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем
чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы
атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем
чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен
олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды.
2000 және 2012 жылдардағы биіктеуі жекелеген спортшылардың
тамаша көрсеткіштері — Ольга Шишигина және Ольга Рыпакова.
Қазақстандағы медальді спорт түрінің бірі жеңіл атлетиканың негізгі
мәселесі – онда бұқаралықтың жоқтығы. Жекелеген жоғарғы
нәтижелер бір жолдық жеке тұлғалардың есебінен қол жеткізіледі. ҚР
Жеңіл атлетика федерациясының президенті Павел Новиковқа
Қазақстандағы «спорт патшайымы» дамуына жүйелілік жетпей
жатқандығы көрініп тұр.
Он үш қазақстандық спортшылар үш апта ішінде жиырма жыл бойына жүздеген
саясаткерлер іске асыра алмай келе жатқанды жасады: әрбір қазақстандықта
отансүйгіштік және өз елін мақтан тұтар сезімін оятты. Біздің спортышыларымыздың
жеңісі жаңа биіктіктерге қол жеткізу үшін ұлттың бірігуіне ықпалын тигізді. Сондай-
ақ, спортқа еш қатысы жоқ жекелеген саясаткерлер қазақстандық чемпиондардың
тамаша жеңісін пайдаланып қалуға тырысты. ҚР Президентіне жолданған құттықтау
жеделхаттар мен популистик сұхбаттар БАҚ кеңінен таратылды. Бұл «саясаттың лас
іс» екендігін растайтын тұжырымдама екендігін көрсетті. Сонымен бірге, шын
мәнісінде Қазақстанның жетістігі мен спорт жеңістерін қамтамасыз етуге еңбек
сіңірген саяси қайраткерлердің есімдері күткендегіден сирек аталды. Бұл
олимпиадалық старт барысында маңызды болып танылатын, олардан жауапкершілік
жүгін алуға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, осы зерттеу Қазақстанның олимпиада
алаңында алдағы өсуі үшін маңызды әлеуеті бар екендігін айғақтайды.
Осы үрдістегі шешуші роль атқаратын:
•Бұқаралық спортты дамыту;
•Талантты балалармен жұмыс жасайтын жаттықтырушылардың материалдық
қажеттілігін жақсарту;
•Шет елден спорт менеджерлері мен селекционер-жаттықтырушыларды тәрбиелеу
және тарту;
•Бұрынырақ қазақстандықтар үлкен жетістіктерге жеткен спорт түрлеріндегі дәстүрді
қалыптастыру;
•Көп медальдар ұтысқа қойылатын және төрешілер минималды роль атқаратын
олимпиадалық спорт түрлерін дамыту (жеңіл атлетика, жүзу, ескек және с.с.).
Дегенменде, Қазақстандағы жеңіл атлетика спортын сәтті дамыту үшін алдағы
уақытта игілікті іс – шараларды бірте-бірте жолға қою қажет.

Ұқсас жұмыстар
Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық бағдарламасы
Кәсіби спорт пәнінің мазмұнында кәсіби спорттың пайда болу және даму тарихын, оның тұлға мен қоғамға әсерін зерделеу
Соңғы бес жылда ғана ана мен бала өлімі
Мектеп тәрбие жүйесі ретінде
Дене шынықтыру - спорт қатынастары субъектілерін ынталандыру құралдары
ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжірибе нәтижелері туралы
Рухани жаңғыру бағдарламасы
Кенжебеков Бораш Жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігі - маман тұлғасының ішкі психологиялық қасиеттері мен күйлерінің, кәсіби
СПОРТ ЖӘНЕ ЖАСТАР
Құдайы қонақ
Пәндер