Жүрек - іші қуысты бұлшықетті мүше




Презентация қосу
ЖҮРЕК COR

Сламбек Елдар 204А СТОМ
Жүрек — іші қуысты бұлшықетті мүше. Ересек адамның жүрегінің
салмағы 250-350 грамм.

Жүрек кеуде қуысында алдыңғы,
ортаңғы көкірекаралықта орналасқан.
Формасы жалпайған, конус тәрізді
Ұшын-apex, негізін-basis деп атайды.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндокард (endocardium) жұқа қабықшадан тұрады
Ортаңғы қабат миокард (myocardium) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады
Жүректің сыртқы беті эпикардпен (epicardium) қапталған

Перикард (pericardium жүректің тұйық сірлі қабы) - жүректі қапшық сияқты қоршап
тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің
созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.
Жүрек қуысы 4 камерадан тұрады: 2 қарынша, 2
жүрекшеден тұрады.
Сол жақ жүрекше (atrium sinistrum) мен сол жақ қарынша
(ventriculus sinister) артериялық жүректі құрайды.
Оң жақ жүрекше (atrium dextrum) мен оң жақ қарынша
(ventriculus dexter) веналық жүректі құрайды.
Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы
(жармалы) және айтәрізді.
Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес
қарыншалар аралығында орналасады.
Жартылай айтәрізді клапандар аортада (сол жақ
қарыншадан , ал өкпе сабауы (ствол) оң қарыншадан бөліп
тұрады.
ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ
Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа
болып басталады. Артерия қан тамырлары денеге қанды тарқатады.
Вена қан тамыры қанды денеден жинап жоғары және төменгі қуыс
вена болып, оң жақтағы жүрекшеге құяды. Сол қарыншадан қолқа
болып басталып, оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуыс веналар
түрінде құятын қан айналуының тұйық жүйесін “үлкен қан айналым
шеңбері” деп атайды.
Кіші қан айналым шеңбер оң қарыншадан өкпе сабауы түрінде
басталады. Өкпе сабауы екі өкпе артериясы түрінде өкпенің қақпасы
арқылы кіреді. Өкпе артериялары, артериолаларға одан капилярларға
тармақталып, оттегіге байып, екі өкпеден қанды жинап, екі өкпеден
төрт вена қан тамырлары шығып, қанды жүректің сол жүрекшесіне
құяды. Жүрек пен өкпенің арасындағы қан айналу жүйесі “кіші қан
айналым шеңбері”деп аталады.
Жүрек

Оң жүрекше Сол жүрекше Оң қарынша Сол қарынша

қолқа айшық
қақпақшаның
ашылатын жерінде
жоғарғы және төменгі
4 өкпе венасы артерия өкпе сабауы вена басталады да, артерия
қуысты вена вена
қанын әкеп құяды. қанын алып шығады. қанын алып шығып
қанын әкеліп құяды.
адам денесінің
барлық бөлімдеріне
тасымалдайды.
Жүрек қызметінің екі фазасы : систола (жиырылу) және диастола
(босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің
жиырылу жиілігіне байланысты.
Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы
клапандар ашылады
Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен
қанмен толады. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы
қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады.
Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан
қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Сөйтіп жүрек
клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы
қысымдардың өзгеруімен байланысты.
ЖҮРЕК АВТОМАТИЗМІ
Жүректің өзінде пайда болатын импульс (серпін) әсерінен
жиырылу қабілеті. Мұндай қабілет қозу пайда болатын оң жақ
жүрекшедегі ерекше бұлшық ет жасушаларына тән. Импульс екі
жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі
де, олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады. Ең алдымен
жүрекше, содан кейін қарынша жиырылады.
Жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты
болып табылады.
Жүрек жұмысы үш кезеңнен:
1. жүрекшелердің жиырылуы
2. қарыншалардың жиырылуы
3. үзіліс жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы.

Ұқсас жұмыстар
Журек кан тамырларының биомеханикасы
Жүрек ырғағы
Асқорыту мүшелері
Ортаңғы қабат
Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы
Басаяқты моллюскалар класы
Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек
Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше
Аналь ішек
Аналық жыныс мүшелері
Пәндер