Мидың бөлімдері


Slide 1

,

Сламбек Елдар 204А Стоматология

Slide 2

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі-ми(encephalon) . Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1300-1500 граммды құрайды. Ол организмнің жалпы салмағының 2 %-ін құрайды. Адамның ақылдылығы мидың салмағына байланысты болмайды.

Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттер, тіл, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Ми денемен жұлын арқылы байланысады.

Жұлындағыдай мида ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, онын ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады. Ми тоқтамай жұмыс жасай береді.

Slide 3

Мидың бөлімдері

Slide 4

Сопақша ми (medulla oblongata)

Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Ұзындығы 2, 5-3см. Бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы орналасқан. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, ас қортуды реттейтін орталықтар бар. Егер сопақша ми зақымданса тыныс алу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.

Slide 5

Ми көпірі(pons)

Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығында орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми табанында көлденең орналасқан қомақты жуандау құрылым. Көлденең жатқан жүйке талшықтары мишықпен жалғасып, оның ортаңғы аяқшасын түзеді. Ми көпірінде V- жүп ми жүйкесі - үшкіл жүйкенің ядросы орналасады.

Slide 6

Мишық (cerebellum)

Мишық (мозжечок) ; (лат. cerebellum) - дененің кеңістіктегі тепетеңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі. Сопақша ми мен көпірдің артқы жағына жатады. Мишық - сыртқы қатпарлы сұрзаттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишық қыртысы үш қабаттан: сыртқы - молекулалы, ортаңғы - ганглионды жөне ішкі - дәнше қабаттардан тұрады. Дене бұлщықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Мишық жарақатанса адамның қол аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-тендігі, сөзі бұзылады.

Slide 7

Ортаңғы ми (mesencephalon)

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен - бірін жалғастырып тұрады. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркенгіштерін тез бағдарлауды реттейді. Ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12жұп бассүйек - ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (ІІ жұп), есту (VІІІ жұп), көзді қорғаушы (ІІІ жұп), кезеген (X) .

Slide 8

Аралық ми (diencephalon)

Пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасының (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ортаңғы мидың алдыңғы жағына жатады. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі - таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі - эпиталамустан тұрады. Зат алмасу, жүрек қан-тамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, уйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы осы аралық миға байланысты.

Slide 9

Үлкен ми сыңарлары

Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Үлкен ми сыңарлары ірі жүлгелермен бөлінген 4 бөліктен тұрады:

Маңдай

Төбе

Шүйде

Самай

Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Жұптық Биология жабдықтармен құрылысы және дамыту
Жүйке жүйесінің бөлімдері
Жұлын жане ми функциялары
Торлы құрылымның физиологиясы
Орталық жүйке жүйесі туралы
Жүйке жүйесі
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ ШЕТКІ
ЖҰЛЫН ЖӘНЕ АРТҚЫ МИ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары
Қыртыстың бөлімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz