Мәдениет сатысы
Презентация қосу
ҚАЗАҚ
МӘДЕНИЕТІНІҢ
ТИПОЛОГИЯСЫ
Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени-
әлеуметтік типтері:
Архаистік мәдени
тип
Маргиналдық
мәдени тип
Еуразиялық мәдени
тип
Архаистік мәдени
тип
Мәдени идентификация адамның, белгілі бір
нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну
деңгейіне байланысты. Адам туғанынан
құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде
дайын қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті тек
шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл
ретте, әсіресе этникалық сананың
тұрақтылығын, рәміздері мен дүниетанымының
өткен кезден сусындап тұратынын ескерген
жөн. Этномәдени сана «біз және біз емес»
деген ажыратушылық оппозицияға негізделген.
Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар
аударып, этностың түп-тамырларын
құрметтеуге шақырады. Бұл — жағымды әрі
қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да
Архаизм
Архаизм— мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын
қайтадан қалпына келтіруге бағытталған
талпыныс. Бұл типке зерттеушілер
кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық»,
«фундаменталиста», «партикулярлық» сияқты
белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени
жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты
бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші
жағынан алғанда, адамның шығармашылдығы,
жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі
тенденция бір-бірімен тайталаста болады
Архаистік мәдени тип
Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты
шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі
құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен
үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас
тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған
мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.
Қазіргі Қазақстан Республикасыналып қарайық. Отаршылық
және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы
айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі
заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ
азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-
тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік пен
шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты
шежірешілдікпен ауыстыру және тағы басқалары осы
архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік.
Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ қазіргі
ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің
тоғысу заманында Бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға
САЛЫСТЫРУ
Архаистік нұсқа Қазіргі нұсқа
Қауы
м адам
мүше адамза
Ұлт т
сі
Ата
балас отбасы
ы
үлкен
Жүз өркени
ет
мәден
Ру и
шағын
Тайпа Этно- топ
мәден
иет
Байланыстың ықтималдық дәрежесі Формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен
төмен. Бұл жүйенің басқа кәлемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді.
адамдарды ассимиляциялау Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға адам болып
қабілеттілігі де жеткіліксіз. табылады.
Архаистік мәдени тип
Архаикалық қауым әдептік реттеуі басым қоғамға айналуы үшін бірнеше сатылардан өтуі қажет. Осы жөнінде
әдебиетте әдептің қалыптасуындағы үш саты аталып өтіледі:
Культ (табыну) сатысы. Бұл сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да ажырамаған, «Біз»
феномені үстемдік етеді.
Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, құқық, өркениет қалыптаса бастайды. Жеке адам тарихи
өзгерістердің басты күшіне айналады.
Әлеуметтік сатысы. Бұл сатыда жеке адамның құқықтарын қастерлеу және келісімділік негізінде
азаматтық қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады.
Маргиналдық мәдени тип
• Мәңгүрттік типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай,
оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін,
күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің
құндылықтарын қолданбайтын адамдар
жатады.Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан
айырылған адам. Мәдениеттанулық әдебиетте
ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені
«евнух» деп те айтады. Осман империясындағы
әскердегі янычар, уәзір болған христиан,
гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан
«евнухтың» классикалық түріне жатады.
Мәңгүрттік тип — дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ
архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса,
мәңгүрттік — сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан
адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте Бұл
отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.
Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір
әрекеттерін еске алайық:
1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отар лык әкімшілікпен
алмастыру.
2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.
3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу,
алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.
4. «Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан
аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу.
Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.
Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке
жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын
айқындауда болып отыр. Оның басты жолы — ұлттық мәдениетті
қайтадан игеру.
Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден
де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи
жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды
бір тармағы — әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп
жүйесі. Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақтың
ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Әрине, тек
Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет
ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық
гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме
транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр.
Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен
құтқара алмайды.
жезөкшелік
Нашақор
Маскүнемді
к
мәңгүртікке апаратын тура жол
Маргиналдар
Маргиналдар — не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.
Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен мұраттар
көмескіленгенде маргиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қоныс
аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде Бұл процесс қанша дегенмен мемлекет
бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты
ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға
келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемделе алмай, маргиналдардың
санын көбейтті.
Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша, маргиналдардың алдында екі жол тұр:
барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып, өзінше жаңа бір субмәдениетті қалыптастыру;
біртіндеп заңдылық аймағынан шеттелу.
Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі адасып жүргеңдердің санын
көбейтпеуге ұмтылуы қажет. Бұл жерде мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы
зор. Өйткені басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан
басқа мәдениеттермен қарым-қатынасқа түсу тетіктерінен айырылып қалады. Мәдени
адаптацияны аккультурациялық процестермен теңестіру дұрыс емес. Резервациялар мен
фильтрациялық ұжымдарда, күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде
адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани, азғыңдау өріс жаяды.
Еуразиялық мәдени тип
Еуразиялық мәдени типті негіздеуден
бұрын, қазіргі кезде өтімді бір теория — С.
Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы»
ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл
ілім бойынша әртүрлі суперөркениеттердің
шекаралық аймағы тұрақсыздық пен
жанжалдардың (конфликтердің) ықтимал
ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан
өзінің геомәдени кеңістігі бойынша
конфуцийлік және православиелік
өркениеттердің ортасында орналасқан.
Әлемдік мәдениет
Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Шығыс адамы мен Батыс
адамы өзінің әлемге объективті қатынасына қарай бір-бірінен
принципиальды өзгеше екендігін байқаймыз. Батыс және Шығыс
мәдениетінің төмендегідей айырмашылықтарын атап өтейік:
1. Батыстық адам – техникалық өркениет дамуының жемісі, оның
белсенділігі сыртқы ортаны меңгеруге бағытталған.
2. Шығыс адамы-өзінің күш-қуатын рухани мәдениетке жұмсайды.
3. Батыс адамы-парасатты ойлауды бәрінен жоғары қояды
. 4. Шығыс адамы – ойдан жүрек сезімін, транспсихологиялық және
интуициялық тікелей қабылдауды жоғары қояды.
5. Батыс адамы үшін пәле басқадан келеді. Ол тек өзіне сенеді,
сондықтан да белсенді.
6. Шығыс адамы үшін тамұқ оның өзі, адам өзіндегі пендешіліктен
арылса ғана, құдайы жолға шыға алады.
Мәдени-әлеуметтік
тип ғылымда қалыптасқан
қағидаларды талдаудың
нәтижесінен гөрі, өмір
идеяларын жалпылаудың
тәжірибесіне жақын.
Назарларыңызға
рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz