Əлеуметтену кезеңдері



Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері" тақырыбында презентация дайындаңыз
Орындаған:

Әлеуметтену
Әлеуметтену - жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Əлеуметтендіру - ауқымды жəне күрделі процесс. Ол өзінің табиғатынан əлеуметтік орта мен байланысты, əлеуметтік объектісі жəне субъектісі тұрақты, адамның (адам топтарының) үздіксіз жəне қарқынды өзара əрекеті. Сол бір ғана адам (мысалы, əке) бір байланыста (балалармен қатынаста) субъект ретінде, əлеуметтендіру агенті ретінде көрінеді, ал келесі жағдайда (əлеуметтік топқа қатынасына қарай) ол əлеуметтендірудің объектісі ретінде көрінеді. Екінші жағынан алғанда, қайсыбір өзара əрекет шеңберінде əлеуметтену субъектісі əлеуметтенудің объектісіне ықпал жасап қана қоймайды, сонымен қатар субъекті объекті тарапынан кері əсерді де сезінеді. Мысалы, ата-аналар балаларды тəрбиелеу процесінде балаларға шешуші ықпал жасай отырып, өз кезегінде, тəрбиеленушілердің тарапынан тəрбиеге белгілі бір кері əсерді де байқайды

Тұлғалардың объект ретінде əлеуметтендірілуі
Тұлғалардың объект ретінде əлеуметтендірілуі дегеніміз-мəдениеттің жəне əлеуметтік ережелер мен құндылықтарының əлеуметтілігін оның игеруі арқылы жəне осының негізінде тұлғаның əлеуметтік мəндерін, белгілерін қалыптастырып, қоғаммен əлеуметтік қауымдастықтың əртүрлілігмен бірігетін процесі. Бұл өте кең, ауқымды процесс. Бұл процесс əр тұлғаның табиғи əлеуметтік объектімен байланысқан дағдыларды, шеберлікті, білімді иелену мəселелерін жəне əлеуметтік тəртіптің құндылықтарының мұраттары мен негізінің қалыптасуын қамтиды. Əлеуметтік қасиеттер жаңа пайда болып, адамдарға бірте-бірте сіңуі үшін, ол адам əлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде əлеуметтік ортада біте қалыптасып, еңбек етуі тиіс. Тұлғаның əлеуметтендірілу процесіне адамдарды қоршаған барлық орта кіреді. Тұлғаның əлеуметтендірілуінің кеңеюі мен тереңдеуі негізгі үш сала бойынша жүреді:
1. қызмет саласы.
2. басқалармен байланыс саласы.
3. сана-сезім саласы.

Әлеуметтену
Алғашқы қарапайым мəліметтерді адам отбасынан алады. Мұнда танымның да, мінез-құлықтың да негіздері қаланады. Əлеуметтендіру тек жай оқу емес, ол меңгеру, адамның өзінің тарапынан болатын белсенді процесс. Ешқандай мектеп те, ешбір мұғалім де адамды жақсы зайып, жақсы күйеу, өз ісінің нағыз шебері, кəсіпқойы болуды толық үйрете алмайды. Мұнда өмір бойы үйренуге тура келеді. Адам биологиялық тірлік иесі ретінде 2 млн. жыл өмір сүріп келеді, ал, ақылды, есті тіршілік иесі ретінде 40 мың жыл тіршілік етуде. Жеке адам өзінің қысқа ғұмырында адамзаттың бүкіл тəжірибесін меңгеруі тиіс, себебі хайуандардың тарихы жоқ, ал адамдардың тарихы бар. Бала кезде адамның тұлға ретіндегі қасиеттері 70% қаланады, сол себепті дұрыс тəрбие өте қажет. Барлық дамуы жоғары хайуандардың ішінде ана хайуандар өмірге бейім жəне дамыған болып келеді. Себебі ұрпақты сақтауға қамқорлық жасау солардың мойнына түседі. Отбасындағы алғашқы əлеуметтену, оған жауапты агенттер: ата-аналар, туыстар. Отбасынан тыс екінші дəрежелі əлеуметтену, оның агенттері: адамдар мен мекемелер (оқу орындары, армия, милиция, мемлекет, СМИ т. б. ) Ұрпақтардың өзара қарым-қатынасындағы аса маңызды аспектілердің бірі - балалар мен жастардың əлеуметтенуі. “Əлеуметтену“ термині индивидтің белгілі бір білім, нормалар, құндылықтар, жүйесін меңгере отырып қоғамның толық құқы бар азаматы ретінде қызмет етуіне əсер ететін қоғамдық өмірге араласып өндірістенуін қамтамасыз етуінде маңызды роль атқаратын процесс. Əлуметтену саналы, бақыланатын, мақсатты іс-əрекеттерден құралады, сондай-ақ, жеке тұлғаның дамуында шатасқан, соқтығысуға толы əсері бар процестерден де тұрады.

Əлеуметтену кезеңдері
Алғашқы балалық. Нəресте үшін ата-ана арасындағы қарым-қатынасы оның өміріндегі алғашқы əлеуметтену сəті (мезеті) болып табылады. Бұл байланыс негізі нəрестенің көзқарасы, қимылы мен жымиғаны болып табылады. Сондай-ақ, өмірінің екінші аптасында нəресте адамзат бетінен айырмашылықты байқап, өз анасы мен бөтен адамды ажырата бастайды. 8-12 айында нəрестенің бауыр басушылығы анық байқалады. Ол анасынан (немесе өзіне қарайтын адамнан ) алып кеткенде айқайы мен жылауы арқылы өз тітіркенісін білдіреді. Мұндай реакция баланың өзіне бейтаныс адамнан қорқуы, анасының таныс бейнесіне ұқсамауын байқап, 8 айлығында нəресте бірден жоғалған затты белсенді іздей бастайды, алдымен анасына байланысты тұрақтылық басқа да объектіге ауысатындығын айтады. Мұндай əлеуметтік бауыр басушылықтық маңыздылығы бейтаныс жерде анасының қасында немесе бұрынғы қарым-қатынастағы балалармен бірге тез игерілетіндігін айтып өтті.
Балалық шақ жəне есею ортасы . Балалық шақта құрдастар тобы бірге ойнай отырып, бірге қалыптасып, дамиды, дос болады. Жасөспірімдер үлкендер өз жынысы, қабаты, діні қауымында болса да өз құрдастарымен оңай достасады. Достық пен жыныстық байланыс өз ортасында өте тығыз орын алған. Жақсы достардың өзі жасөспірімде аз болғанымен басқа жасқа қарағанда өзге жыныс өкілдерінен көбірек болады.
Есею шағы. Жас адамдарда көп достары мен некеде тұрғандар. Орташа алғанда оны саны 7 адамды құрайды; олар талғам ұқсастығы, жеке қызығушылықтары мен ақыл - ой деңгейі ортақтығы, өзара көмек беру мен ашықтығы арқылы қоғамда бір-бірін тауып өзара сыйласады. Есею кезінде қызметтік көтерілу, өмірлік мақсаттарға қол жеткізуде достыққа уақыт жете бермейді. Ең мықты байланыстар ғана қолдау тауып, достар саны 5-ден не одан кем болуы мүмкін төмендейді. Қартая келе түрлі драматикалық жағдайды басынан кешірген соң, өмірлік серіктерін жоғалтып алу арқылы өз достарынан тыс қалудан қорқып, достық қатая түседі, бұл кезеңде, зейнеткерлікке шыққан адамның орташа алғанда достары 6 адамды құрайды. Əлеуметтену процесі ешқашан тоқтамайды. Өте қарқынды əлеуметтену балалық жəне жасөспірімдік шақта өтеді, алайда орта жəне қартаю шағында да əлеуметтену жалғасады.

Еңбек әсері
Отандық ғылымдарда əлеуметтену кезеңдерін анықтау еңбек қызметінің ең тиімді жағына қарай қарастырады. Сондықтан да əлеуметтену кезеңдерін еңбек қызметіне байланысты бөліп алады: -еңбекке дейінгі, еңбек қызметіне дейінгі барлық кезең. Бұл кезең екіге бөлінеді:ертедегі əлеуметтену (мектепке дейінгі) жəне жасөспірімдік əлеуметтену, онда мектеп, техникум жəне жоғары оқу орындағы кезең; -еңбектік кезең адамның бүкіл есейген кезеңін қамтиды; -еңбектен кейін, қартайған жас, еңбек қызметін тоқтату кезеңі; Жастардың əлеуметтенуін қарастырғанда маңызды кезең болып еңбек қызметін бастау, немесе еңбекке кəсіби дайындалу кезеңі болып табылады. Дəл кезеңде өзін - өзі дамыту, əлеуметтік таным мен құндылықтар ережесі қоғамда алғашқы кезеңде əлеуметтенуде тəрбиелік іс-шаралар айқын көрінеді. Қоғамның ресми институттарының тəрбиелік функциясының ауытқуы жастар үшін қауіпті, ол əлеуметтік бейімделу мен нормадан ауытқуға алып келеді. Қазіргі кезде əлеуметтенудің маңызды кезеңінің бірі жоғары оқу орындарындағы кəсіби оқыту проблемасы. Жоғары оқу оқу орындарындағы əлеуметтену жеке тұлғаның қалыптасуына əсерінің мазмұны едəуір ерекшеленеді. Бұл жерде тəрбие мақсатты бағытталған процесс, тəрбиеші (отбасы мүшесі, мұғалім, институт басшылары, дін басшылары) жеке тұлғаның қалыптасуына арналған жоспарлы бағдарламалары бар. Жоғарғы мектеп еңбектік этниканы қалыптастырып, басқарушы жəне интеллектуалды - гуманитарлы кəсіби қабаттар қатарын толықтырып əлеуметтік дамудың əрі қарай дамуына өз үлесін қосады.

Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Отбасы-баланың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың әрекеті мен мінез - құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік саяси құндылықтар беріледі
Бала тәрбиесінде отбасы төмендегідей рөлдерді атқарады:
отбасы болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады;
отбасы жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырады; Ол болашақ жас азаматтың дене жетіліуіне, рухани және адами тұрғыдан дамуынан, жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға еңбек ету дағдысы тәрбиелеуге ықпал жасайды;
отбасында бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрлер жалғасады;
отбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азаматты тәрбиелейді

ҚАЛА БАЛАСЫ
АУЫЛ БАЛАСЫ

Ауыл баласы мен қала баласының мінез ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz