Мінез - құлық


Slide 1

Мінезді тәрбиелеудің этнопсихологиясы

Дайындаған:

Slide 2

Мінез-құлық

2

Төребек Гүлназ

Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі - тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы мінез-құлықтың бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.

Мінездің қалыптасуы: психикалық процестер, психикалық көңіл -күй, жеке бастың қасиеттері, мінез қасиеттері, мінез бітістері. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.

Slide 3

Гете:

Төребек Гүлназ

3

Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна.

Slide 4

Төребек Гүлназ

4

Мінездің типтік бітістері

Отансүйгіштік

кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен тәжірбиесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір -жуып-кіндік кескен жеріне білдіретін перзеттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.

Мақсаткерлік

адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт -бағдар позицисына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыры алуы.

Борыш пен жауапкершілік

кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана -сезімді қажет етеін қасиет. Адамның үйі-іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзеттік парызынан туындайтын қасиет.

Мейірімділік пен ізгілік

егіз қозыдай осы екі қасиет - басқалалрға көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді.

Адалдық пен шыншылдық

бұл екеуі бірі бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам -адал. Адалдық -сөздің таным мен сенімге штасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі

Slide 5

Мінез-құлықтың этнопсихологиялық ерекшеліктері

5

Төребек Гүлназ

Мінез-құлықтың этнопсихологиялық ерекшеліктері өзінің функционалды рөлді көріністерінде тұлғаның этномәдени дүниеге араласу салдары, ал өзінің қасиеттерінде этномәдени индивидтің табиғи жаңартылуының болып табылады. Осылайша, тұлға мінез-құлқының этнопсихологиялық ерекшеліктері идеалды формада сол аталған мәдени бірлестікке тән мінез - құлық үлгілерінде объектіленуі мүмкін және сонымен қатар, олар өздерін шынайы форма - адамның этностық даралығында көрсете отырып, субъективтілігін жоғалтпайды. Сонымен қатар, кейбір зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, этностардың ғасырлар бойы бірлесіп өмір сүруі, бірлескен іс - әрекет, мәдени аралық байланыстар мен аралас некелер ықпалынан психикалық қалыптардың өзіндік реттелу амалдарының біркелкі болуы байқалған.

Slide 6

Этнопсихологиялық зерттеулердің нақты міндеттері

6

Төребек Гүлназ

адам санасы мен мінез - құлқын реттеудің айрықша мәдени механизмдерін анықтау;

әр түрлі ұлттардың мінез − құлық стиліндегі өзгешеліктерді зерттеу

халық дәстүрі мен шығармашылығына байланысты этностардың құндылықтар жүйесін зерттеу;

этностық толеранттылықты топтық және тұлғалық деңгейде қалыптастырудың психологиялық механизмдерін зерттеу;

этностық сана-сезім мен оның компоненттерінің байланысын «тұлға және этнос» контекстінде қарастыру.

ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту;

бірлескен іс-әрекет жағдайында өзара түсінісу мен мәдени аралық бейімделудің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу;

тұлға бағыттылығының адамдардың тұлғалық қасиеттерінің этнос аралық қабылдау мен түсінуінің психологиялық сипатына әсерін зерттеу;

аралас неке мен жанұялық қарым-қатынастардың этнопсихологиялық аспектілеріне зерттеу жүргізу.

Slide 7

Мінезді тәрбиелеу

7

Төребек Гүлназ

Сөзбен ұғындыру әдісі. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттілігі түсіндіріледі. Санаға сөзбен ұғындыру арқылы адамныңдүниетанымы мен сенімін, талғамын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру-мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар.

Еңбек әдісі. Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндіру мен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінде дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады. Адам еңбек етпесе, моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады.

Талап қоя білу, оның тәжірбиесін қадағалау. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс қадағаланбаса, берекесіздік туады. Адамға, тіпті, кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді.

Slide 8

Мінезді тәрбиелеу

8

Төребек Гүлназ


Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез
Девиантты мінез - құлық ұғымы
ҰЛЫҚБҮБІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ
Мінез - құлық тәрбиесі, мәдениеті және нормалары
Девиацияның формалары
Фразеологизмдердегі мінез-құлық көрінісі (қазақ ағылшын тілдері негізінде)
Девиантты мінез - құлықты балалармен педагогикалық жұмыс жайлы ақпарат
Девиантты мінез - құлықтың себептері
Конфликтілі мінез - құлық қалыптасуына қорқыныштың әсері
Саяси бихевиоризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz