МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ




Презентация қосу
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Анаятова Гулим Ершатқызы
Экономика Және Құқық Факультеті
5B030100 – Құқықтану 141-топ
Жоба құжаты:
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Жоба жетекшісі: Сыздыкова А.А
Жоба авторы: Анаятова Г.Е
Мамандық: Құқықтану Тобы:141
Жоба тақырыбы: Құқықты іске асыру және қолдану
Жобаны қорғау: презентация
Жобаны өңдеу: USB-жинақтаушы, 10(6)-бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Сапарғалиев Ғ.С, Ибраева А.С Мемлекет және құқық теориясы: оқулық
3-басылым, өңд., толықт. – Астана: Фолиант, 2014. – 18 тақырып(124-128б.)
- Жоламан Қ.Д Мемлекет және құқық теориясы: оқулық. – Алматы, «Нұр-пресс» 2007
– 20-тақырып(174-176б.)
- А.В.Малько, Н.И.Матузов Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.
аударма. – Юристъ: 2001. - 14 тарау(352-356б.).
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚҰҚЫҚТЫ ІСКЕ
АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
Жоспары:
1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандары;
2. Құқықты жүзеге асыру тәсілдері
3. Құқықты қолдану
4. Құқықты қолдану кезеңдері (сатылары)
5. Құқық қолдану актісінің сипаттары
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ

Құқықты жүзеге асыру – құқықтық нормаларда бекітілген талаптардың қоғамдық қатынас
субъектілерінің құқыққа сай жүріс-тұрысынан көрініс табуы.
Бұлай болмаған жағдайда билік қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге дәрменсіз
болады. Бұл ретте құқыққа сай жүріс-тұрыс ерікті болуымен қатар мәжбүрлі сипатты да иеленуі
мүмкін, яғни, санкциялар қолдану арқылы орындалуы мүмкін.
Құқықты жүзеге асыру – оның өзінің бастапқы мақсатын жүзеге асыру тәсілі; қоғамдық
қатынастарды реттеудің негізгі өркениетті, мемлекеттік –биліктік және анағұрлым тиімді
реттеу құралы ретінде қызмет ету, осы институтқа тән функцияларды, әлеуметтік мақсатын
орындау, себебі, қазіргі заманда қоғамдық өмірді реттеуде тек моральдық және өзге де
мемлекеттік емес реттеу құралдарын пайдалану жеткіліксіз.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру
жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі. Мұның нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық
қолдану актісі) қабылданады.
Құқықты жүзеге асыру
- Құқықты жүзеге асыру ретінде азаматтар,органдар,ұйымдар,мекемелер, лауазымды тұлғалар мен
өзге де құқықтық қатынас қатысушыларының құқыққа сай жүріс тұрысынан құқықтық ережелердің
көрініс табу процесі түсініледі.

- Құқықтың адамдар қызметінен тыс жүзеге асырылуы мүмкін емес.

- Бұдан құқық субьектілерінің мақсатты ұйымдастырушылық қызметінің мәні көрініс табады.

- Құқықты жүзеге асыруда әлеуметтік-саяси аспект (құқық адамдардың еркін, қажеттіліктерін
және ұмтылыстарын қаншалықты толық және дұрыс көрсететіні, басқаша айтқанда оның халықпен
мойындалу деңгейі) аса маңызды.

- Құқықтың қоғам мүшелерінің сұраныстарына, үмітіне және мұқтаждықтарына жауап беретіндігі
ерекше мәнге ие.

- Құқықтың қоғаммен мойындалуы жоғарғы болған сайын ол анағұрлым толық және сәтті жүзеге
асырылады.
Құқықты жүзеге
асырудың
нысандары(тәсілдері)

Сақтау Орындау Пайдалану Қолдану

Заңды міндеттерді
жүзеге асыру Құқықтық мүмкіндік
Тыйым салатын Билік ісін жүргізу
беретін нормаларды
нормаларды бұзбау Міндет жүктейтін қызметі
пайдалану
нормаларды орындау
Құқық қолданатын акт
Нақты бір заңды істі шешу
нәтижесінде құзіретті орган
шығаратын, жеке биліктік
ережеден құралған
нормативтік емес, жеке
сипатқа ие құқықтық акт.
Мысалы: жарлық, үкім,
шешім, бұйрықтар.
•1)Істің нақтылы
мән-жайын
анықтау
•2)Істің заңи
Құқықты негізін анықтау
қолдану •3)Шешім
кезеңдері қабылдау
•4)Шешімді
жүзеге асыру
Құқықты қолдану тәсілінің
ерекшеліктері:
• Құқықты қолдану мемлекеттік биліктің басқару, ұйымдастыру
күшіне сүйене отырып жүргізіледі.
• Құқықтық қатынастағы субъектілердің біреуі – мемлекеттік
өкілеттілігі бар органдардың болуы.
• Мемлекеттік органның қатысуы заңдылық тәртіпті жақсартуға
мүмкіншілік жасайды.
• Кейбір қатынастарда қолдану нормативтік актілерді пайдалану,
орындау,сақтау түрлерінің процесіне бірігіп, ол қатынастардың
заңды сапалы аяқталуына үлес қосуы.
• Құқықтық нормаларды қолдану міндетті түрде нормативтік акті
жасалуымен аяқталуы, оның заңды күшінің болуы.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде
МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КОУЗ ТЕОРЕМАСЫ
Мемлекет пен құқық теориясы
Құқық нормаларының негіздері мен белгілері
Нормативтік құқықтық акт
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ
Унитарлы мемлекеттер
Мемлекеттің белгілері
Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы
Мемлекет түсінігі
Пәндер