БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ



Халықаралық ұйымдар
ЮП 341

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т. б. ) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

Халықаралық ұйымдар
үкіметаралық
үкіметтік емес

Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді. Олар:
Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),
Халықаралық валюта қоры (1945),
Дүниежүзілік сауда ұйымы (1995),
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО, 1949),
'Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК, 1960) және т. б.

Біріккен ұлттар ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі орналасуы - Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда


Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі - барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы - Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық ұйымдарға қарағанда, халықаралық құқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: Парламент аралық одақ (1889), Халықаралық Олимпиада комитеті (1894), Рим клубы (1968), Гринпис (1971) және т. б.

Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz