Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының
азаматтығын алу
Орындаған: Юп341 Анаятова Гулим
Жоспар:
1 ҚР азаматтығын алу
2 Баланың азаматтығы
3 Қажетті құжаттар
4 ҚР-ның азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздер
«ҚР-ның азаматтығы адамның
мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық
байланысын айқындайды, бұл
байланыс олардың өзара құқылары
мен міндеттерінің жиынтығынан
көрінеді. ҚР-нда әрбiр адамның
азаматтық алуға құқығы бар».
Ендеше, Республика азаматтығын
алудың негізгі аспектілерін
қарастырайық. Қалайда, өз алдына
осындай міндет қойған адамдардың
көбі түрлі сұрақтарға тап болады:
қандай құжаттарды, қандай
органдарға тапсыру керек, оларды
қарау мерзімдері, бас тарту үшін
негіздері қандай және т.б.
ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес азаматтық:
тууы бойынша;
ҚР-ның азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Егер Сіз басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсаңыз, онда Сіз өтініш
беріп:
ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының;
ҚР-ның Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ҚР
Президентінің Жарлығының;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен),
азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі
істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының;
ҚР-ның шет елдегі мекемелерінің ҚР-ның азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды
ресімдеуі жөніндегі нұсқаулықтың нормаларына сәйкес ҚР-ның азаматтығына қабылдана аласыз
«Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес ҚР-ның азаматтығына:
Қазақстан Республикасында кемінде бес жыл тұрақты тұратын адамдар (азаматтық алу туралы
өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасында тұрудың бес жылдық мерзімі үздіксіз болуы керек)
немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған (кемінде 3 жыл);
Бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, жақын
туыстарының бірі - Қазақстан Республикасының азаматтары: бала (асырап алынған баланы қоса
алғанда), жұбайы (әйелі), ата-аналарының бірі (асырап алушылар), әпке, ағасы, атасы; немесе
әжесі, Қазақстан Республикасында болу мерзіміне қарамастан.
«Азаматтық туралы» Заңның 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы
жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен қабылданады:
Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты
тұратын оралмандар;
тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты
тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай
саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар
қабылдануы мүмкiн.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі
өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де ҚР-ның азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан ҚР-ның азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі ҚР-ның азаматы болған жағдайда бала:
ҚР-ның аумағында туса;
ҚРнан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде ҚР территориясында тұрақты тұрғылықты жері
болса, ол ҚР-ның азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі ҚР-ның азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-
анасының екеуінің де ҚР-нан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, ҚРнан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-
анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі ҚР азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы
белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан ҚР-ның азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі ҚР-ның азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған
бала қай жерде туғанына қарамастан ҚР-ның азаматы болады. Бұл бала ҚРнан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның
азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
Ата-аналары баланың азаматтығы туралы келісімге келмеген жағдайда, азаматтық сот тәртібінде анықталады.
Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы
Ата-анасының екеуі де белгісіз ҚР территориясындағы бала ҚР-ның азаматы болып табылады.
Азаматтығы жоқ адамдардың баласының ҚР азаматтығын алуы
ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың ҚР-ның аумағында туған баласы ҚР-ның азаматы
болып табылады.
Осындай негіздердің тізбесі «Азаматық туралы» Заңның 17 бабында келтірілген. Егер ҚР-ның
азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш білдірген адам:
адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, ҚР-ның егемендiгi мен
тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса;
ҚР аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге
асырса;
ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, ҚР мемлекеттiк тiлiнiң
қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
террористтік және экстермисттік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса;
халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның
әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса;
РФ, Қырғыз Республикасы, Беларусь азаматы болса, бұл ереже ҚРна тұрақты тұру мақсатында келген,
жақын туыстарының біреуі - ҚР-ның азаматы болып табылатын, бұрынғы одақтас республикалардың
азаматтарына таралады, егер олар шетел азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтінішпен
жүгінсе;
ҚР-ның азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер
хабарласа немесе ҚР-ның заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз
себептермен тапсырмаса;
ҚР-ның аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін ҚР-ның
заңмасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса;
ҚР-ның азаматтығына қабылдау немесе ҚР-ның азаматтығын қалпына
келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика
саласында құқық бұзушылық жасаса;
ҚР-ның азаматтығына қабылдау немесе ҚР-ның азаматтығын қалпына
келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет ҚР-
ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;
ҚР-ның азаматтығына қабылдау немесе ҚР-ның азаматтығын қалпына
келтіру туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде ҚР-ның
азаматтығы туралы Заңның 21 бабының 1), 2) және 5) тармақшалары
негізінде ҚР-ның азаматтығынан айырылса;
ҚР-ның азаматтығы туралы Заңның 21 бабының бірінші бөлігі 8)
тармақшасы негізінде ҚР-ның азаматтығын жоғалтса;
ҚР-ның азаматтығы туралы 20-1 бабы негізінде ҚР-ның азаматтығынан
айырылса, оның өтініші қабылданбайды.
Назарларыңызға Рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz