Балалық шағы Әскердегі кезі Қайраттың студенттік шағы



Желтоқсанның арманы - Тәуелсіздік таңдары


1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам - шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.


Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.


Тәуелсіздік құрбандары мәңгі
ел есінде!
Дауылға желтоқсанның желі айналды.
Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп
Күллі әлем алматыға қарай қалды
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы, сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.



Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков Алматы
архитектура құрылыс институтының студенті.
1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату
жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылғы мамырда қайтыс болды.
1996 жылғы 9 желтоқсан - «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Қайрат Рысқұлбеков 1966-1988 ж. ж

«Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым және бір милиционер қарындасымыздың шашынан сүйреп бара жатқанда, оны ұрып қарындасымызды арашалап қалдым. Ол үшін милиционерден кешірім сұраймын. Керісінше мақтан етемін. Егер осы жағдай қайталанса, дәл осылай жасар едім. »
(Қайрат Рысқұлбековтің сотқа берген жауабынан)
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозтоғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты - құрбандық”,
Атам десең, атыңдар!
Халық Қаһарманы
(1966-1988)
Қайрат
Рысқұлбеков
(Қайрат Рысқұлбеков шығармаларынан)
Notes: (Қайрат Рысқұлбеков шығармаларынан)

Балалық шағы
Әскердегі кезі
Қайраттың
студенттік шағы
Қайраттың отбасы


Л. Асанова 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеуіне қарсылық білдіріп, Республика алаңына алғашқы барушылардың қатарында болды.
Notes: Л. Асанова 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеуіне қарсылық білдіріп, Республика алаңына алғашқы барушылардың қатарында болды.

Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айыпталып, қамауға алынды. 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөніндегі Жоғарғы кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне қарғанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училищенің жатақханасынан табылған. Мәйітті Алматы облысы, Панфилов ауданынындағы Ақжазық ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған көрінеді. Жерлеу рәсімін жедел түрде өткізу бұйырылған. Алайда, қызын бар жан-тәнімен жақсы көрген анасы Алтынай оған қарсы болып, Ләззатты жерлеудің алдында денесін ашып көргенде, оның денесінің сау екендігін, тек шүйдесі ойылып кеткендігін байқайды. Ана жүрек «бесінші қабаттан құлап өлді» дегенге сенбей, кісі қолынан қаза тапқан болуы әбден мүмкін деген байламға келеді. 1997 жылы Бас прокуратураның тексеруімен қазақтың өжет қызы ақталып, 2004 жылы «Халық қаһарманы» атағына ұсынылған болатын. Өкінішке орай Л. Асановаға ол атақ берілмеді.

Ләззат
бауырларымен
бірге
Ләззат
12 жаста 1982 ж
Ләззат 10 жаста
1980 жыл
Notes: Ләззат 10 жаста
1980 жыл



Есімнен еш кетпейді
(Ерболдың әскерден жолдаған хаты)
Мен бұл күндері туған ауылымнан тым алыста, кең байтақ Отанымыздың бір қиыр шетінде азаматтық борышымды атқарып жүрмін. Армия қатарына шақырылғаныма біраз уақыт болғанына әскери өмірге үйреніп те қалдым. Мұнда, әр алуан ұлттың өкілдері бір семьяның баласындай тату-тәтті қалыппен өз борышымызды абыроймен өтеп жүрміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz